Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет274/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
надандықтың айырмашылықтары туралы ой толғады, уақыттың 
жылдам өтіп, кәріліктің тез келетініне қайғырды. Дулат ақын қазақ 
елінің Ресейге қосылғанына теріс көзқараста екенін жасырған жоқ, 
барлық жамандықтың түптамырын осыдан көрді. Ол қазақ елінің 
Ресейге қосылуы қазақ халқының кедейленуі мен құлдырау дәуірінің 
басталуы деп білді.
«Елдігің кетті ыдырап
Алтын жағаң сөгіліп, 
Абыройың төгіліп, 
Барыңнан да жақсы еді 
Жоқ болғаның мұнан да», – деп қайғырды Дулат [2, 203 б.].
Бір қызығы, қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» құбылысы басқа 
көшпелі халық – Африка фульбелері мәдениетінде де кездеседі. 
Тура осындай қазіргі заманға, шындыққа деген жаппай қарсылық, 
тура осындай өткенді аңсау Африка «Зар заман» ақындарының 
шығармаларына да тән [3, 48 б.]. Тіпті олардың шығармаларының 
аттары да ұқсас: «О, бұл қайғылы заман», «Қарғыс атқан заман», 
«Заманымыздың зұлымдықтары» және т. б.
Әлемді екі жүзділік, жаулық, зұлымдық жаулап алды, даңқты 
заманның қайырымды ерлері жоғалды, дүние тарылып барады, 
мұндай өмірден қашқың келеді, бірақ барар жер жоқ деп жазды 
Африка ақындары өз шығармаларында. Олар Еуропа отаршылары 
халықтың жан-дүниесін қаусатты, адамдарды бұзды, пасықтық пен 
надандыққа белшеден батқан Фульбе халқының болашағы жоқ 
деп ойлады. Фульбе – негізінен Гвинеяда, Нигерия мен Камерунда 
тұратын халық. Негізгі кәсіптері мал бағу. Фульбе халқы көшпелі 
өмір салтын ұстанады. «Заманымыздың барлық зұлымдықтары» 
деген өлеңдегі мына жолдарға назар аударайық: 
«Бақытсыздық келді, уақыт өзгерді, ал шындық жоғалды.
Пасықтық, екіжүзділік, байлық, кекшілдік, ұрлық, 
Тонау, өтірік белең алды
Ал Шайтан қуаныштан күлкіге батуда» [4, 140 б.].
Жоғарыда айтылғандардан қазақ философиясының ой-толғау-
ларындағы «Зар заман» мәселелері заңды құбылыс деген қорытынды 
жасауға болады. Бұл қазақтарда да, Африка халқы фульбеде де созы-
лыңқы және даланы отарлау экспансиясымен сипаттайтын көшпелі 
өмір дағдарысымен сәйкес келді. «Зар заман» ақындары мен ойшыл-


 
279


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет