Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
халқының тарихына, ертеректегі тілі мен әдебиетіне, этнография-
сына тікелей қатысты шығарма деп есептеп, қазақ халқы тарихына
қатысты жақтарын ашып, көрсеткен. «М. Әуезов ақындық тұғыры
биік тұрған Науаиды емес, ғұмыр бойы өзін ұлы шайырдың шәкірті
санап кеткен, Науаидан қырық екі жас кіші Бабырды алдымен
ауызға алады, – деп жазады Н. Келімбетов, – Өйткені кезінде қазақ
қауымына Науаи ғазалдарынан гөрі «Бабырнама» жақсырақ таныс
еді. Неге? Мұның сыр-себептері көп. Біріншіден, «Бабырнама» қазақ
қауымының тарихына, рухани өміріне тікелей қатысы бар, қазақ
еліне өте-мөте жақын туынды екенін жоғарыда айттық. Екіншіден,
«Бабырнама» кезінде Орта Азия түріктерінің әдеби тілі болған
шағатай тілінде жазылғаны мәлім. Ал шағатай тілінің құрамында
араб-парсы сөздері басым болып келеді [2, 310 б.].
Ғабитов Т.Х.»Бабырнамада» халықтың үш сипатты белгісін
атап көрсетуге болады дейді: жеңімпаздық, әскери басымдылық;
еркіндікті сүю, бөтен билікке төзімсіздік; бөтен көмекке онша сенбеу,
жауапкершілікті тек өзіне қабылдау, сонымен бірге басқа елдердегі
қандастарын өзіне тарта білу [7]. Бабыр шығармашылығында
исламдық құндылықтар мәселесі негізгі орын алады. Ол өз
мемлекетінде исламға жат нәпсіқұмарлық пен шарапқұмарлыққа
қарсы арнайы жарлық шығарып, нақтылы әрекеттерге барған,
терең құдық қаздырып, бүкіл арақ-шарапты төктіріп отырған,
патшақұмарлықпен күрескен. Исламдық құндылықтар үшін
ұмтылысты өзінен бастайды:
О, жаным, неге күнә алдында дәрменсізбін дейсің сен?
Тыйылу да, байқап қара, тәттіліктен емес кем.
Бұл өмірде күнәға батсаң егер қаншалық,
Тыйған істен ләззат алдым дей бер онда соншалық...
Өлімді кім көп ойласа, сен көңілге түйіп қой,
Сол тек тыйым салынған көп істерден тез тартар бой [4, 359 б.].
Өмірдегі ымырасыздықтың кесапатынан адам баласының нендей
жағдайға душар болатынын нақты мысалдармен көрсетіп отырады.
Ол жастарға осыдан жиреніңдер деп тәлім айтып отырғандай:
«Бұзықтық пен зинақорлық Сұлтан Махмұт мырзаға бақытсыздық
алып келді, оның ұлдарының бәрі жас кезінде дүние салды» деп
жазады [4, 48 б.]. Табаламаса да үндеу салғандай болып отыр. Тағы
бірде шиенеліскен оқиғаны баяндай келіп: «Құсайын Бақидың
жағдайын естіп, жолын торып, оны оп-оңай қолға түсірді. Бақиды
өлтіріп, оның әйеліне үйленді, бірақ ол өз опасыздығының сазайын
|