Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Пост- модерн философиясы. Әлемдік философиялық мұра. – Алматы, 2007



бет152/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Пост- модерн философиясы. Әлемдік философиялық мұра. – Алматы, 2007.


ДЕЛЕЗ Жиль (1925–1995) – француз философы. Философияны Сорбоннада оқыды, 1948–1968 жылдары бірқатар лицейлерде, кейінірек Лион және Сорбонна университеттерінде сабақ берді, 1969 жылдан 1987 жылдары – Париж-VIII университетінің профессоры. Д-ге, оның Юм, Бергсон және Ницше туралы, сондай-ақ Пруст пен Захер-Мазох туралы жұмыстары бүкіл әлемдік танымалдық әкелді. Д. философиясының негізгі тақырыбы имманенттіктің спинозалық мәселесі мен трансценденттіктің


201

кантиандық мәселесі. Бұл философтың ойлау өзгешелігі мынадан аңға- рылады: біріншіден бұл тәжірибе, қалау мен өмір терістеу немесе игеру заңына бағынатын (диалектикаға қарсы қойылады) таза қақтығыстар неме- се кездесулер ретінде анықталатын қатынастардың сыртқы табиғаты және екіншіден бұл алдын ала (априори) тәжірибеге ешқандай форма бермейтін


«пластикалық» трансцендентті өрісті құрайтын гетерогенді өзара ұйысатын жоспарлардан құралатын өмір сүрудің, уақыт пен ойлаудың алуан түрлі және дифференциялы сипаты. Басқаша айтқанда, Д. басты тақырыптары –
«тысқарылық» тақырыбы және «ұйысу» немесе «қабатталу» тақырыбы.
Д. ойлау теориясы қалаудың жалпы теориясымен тығыз байланысты, оны ол Гваттаримен бірге «Анти-Эдипті» (1972) жариялады. Д. де Фуко сияқты тарихи мақсатқа сенбейді, тарихи кесіндіге сенеді. Оның пікірінше, философияның міндеттері мен құралдары үнемі жаңарып отыратындық- тан, ол мәңгі. Өзінің «Фуко туралы» жұмысында ол жаңа үрдісті байқайды: шексіздік пен шектіліктің арғы жағында ұйысатын «шектеулі-шексіздікке» деген қызығушылық. Негізгі айырма философияны әуел бастан мазалап келген ішкі қақтығыс бойымен өтеді, онда ұғымдардың имманентті өндірісі (әрбір маңызды сәт сайын философтың басынан өткізген логикалық- мәселелік тәжірибесі) қашанда трансценденттілікке (тәжірибені априорлы форманың астарына итермелеуге деген бейімділік) қарсы қойылады. Осы себепті де философиялық мұраның бір бөлігі қашанда тірі, ал түйісу қашанда ішкі қайшылыққа толы.


ДЕМИУРГ (грек. Demiurgós – шебер, қолөнерші, жаратушы). Бұл тер- миннің философиядағы мағынасы – ежелгі жаратушы негіз, теологияда – құдай, дүниені жаратушы. Көне Грекияда кейбір ортаның әлеуметтік мәр- тебесін көрсеткен. Демиург деп жер иеленуші шонжарлар – евпатридтерге және жер жыртушы – геоморларға қарсы шеберлер мен саудагерлерді және еркін мамандық иелері – емшілерді, ақындарды, әншілерді атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет