Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет361/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Казахско-русские отношения в ХVІ–XVІІІ вв. Сб. Документов и материалов. т. 1. – А., 1961; Төле би. – А. 1991; Үш пайғамбар. – А., 1992; Төле би мен Қойгелді батыр. – А., 1992; Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996; Қазақстан тарихы, 3-т. А., 1998.


ТРАЙБАЛИЗМ, рушылдық – қоғамдық жікке бөлінушілікті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс. Т. негізінен билікке таласушылықты, сеператизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демокр. ин-ттары нашар дамыған елдерге (Азия, Африка елдері, т. б.) тән. Этногенет. тегі тайпалық-рулық құрылыс негізінде қалыптасуына және ғасырлар бойы жүздік құрылымдар бойынша басқарылуына байланысты қазақ халқында тайпалық, рулық сезім осы күнге дейін сақталған. Қазақ дәстүрлі әдет құқығы бойынша әр адам өз шыққан тегі мен жеті атасын білуі тиістігі тұ- қым тазалығы мен тектілік қасиеттің орнығуына, адамдар арасында туыс- тық қатынастардың жойылмауы мен сол арқылы халықтың өзін-өзі сақ- тап қалуына жағдай жасады, мемл. басқару құрылымын оңтайландырды. Дегенмен, жеке адамдар арасындағы ірілі-ұсақты билікке таласушылық ру-тайпалардың залалды бақталастығы мен бәсекелестігіне, дау-жанжалға ұласып, рулық сезім рушылдық-жікшілдікке соғып отырды. Қазақ еліндегі Т. өзге елдердегі жершілдік, этностық жікшілдік секілді құбылыстарға ұқсас қызмет атқарды, тиісінше қазақ мемлекеттілігін нығайта түсуге кедергі жасады. Қазақ хандығы дәуірінде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» рушылдық құбылыстарға батыл тосқауыл қоюымен ерекшеленді. Әр кезеңдерде өмір сүрген қазақ зиялылары рушылдықты «мемлекетке іріткі салатын қоғамдық дерт» ретінде бағалап, оны біржола жоюды, елдік, мемлекетшілдік сананы жоғары қойып, орнықтыруды ұсынды. ХХ ғ-дың соңынан бастап қазақ қоғамында урбанизация және нарықтық үдерістердің күшеюі Т-нің бәсеңдеуіне ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет