Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. – М., 1983; Филосо- фиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996



бет101/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. – М., 1983; Филосо- фиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.


БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ заң – табиғаттағы әрбір тірі организмнің жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұн- дай заңдылықты 1864 ж. неміс эмбриологы Ф. Мюллер (1821–1897) және 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель (1834–1919) өз зерттеулерінде дәлелдеп берген. Б.э. онтогенездік пен филогенездік дамудың арасында болатын өзара тығыз байланыстылыққа негізделген. ХІХ ғ-да Санкт-Петербургтік акад. К. Бэр бір типке жататын көптеген жануарлар ұрығының дамуында бір-біріне ұқсас белгілердің болғандығын анықтаған. 1910 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцев (1866–1936) Б.з-ды тағыда нақтылай түсіп, онтогенез кезінде филогенездік дамудың барлық сатысы түгелдей қайталанбайды, тек олар- дың ұрықтарының даму сатысы ғана тез арада қайталанады деген қорытын- ды жасады. Мұны ғылымда А.Н. Северцевтың филэмбриогенез теориясы


137

деп атайды. Мыс., желілер (хордалылар) типіне жататын балықтардың, қос мекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілер- дің (осы класқа жататын адамның да) ұрықтарының алғашқы даму саты- сында біріне-бірі ұқсас белгілері (дене тұрқының ұзынша болуы, хорда- ның, жүйке түтігінің, желбезек саңылауларының пайда болуы, және т. б.) қалыптасады. Бұл олардың арғы ата-тектерінің туыстық жақын екендігіне дәлел бола алады. Э. Геккель барлық көп клеткалы жануарлардың арғы ата- тектері қазіргі гидраға ұқсас жануарлар деген қорытынды жасаған, өйткені олардың бәрінің даму кезеңінде гаструла сатысы болатындығы анықтал- ған. Онтогенездік даму кезінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері пайда болады да филогенездік дамуға негіз болады. Б. з-ның қағидаларының дұрыс екендігін орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840–1901), И.И. Шмальгаузен (1884–1963) зерттеулері дәлелдей түсті. Оның негізгі қағидаларын палеонтол., салыстырмалы анатом., эмбриол., соңғы кездегі биохим., генетик., т. б. зерт- теулер де дәлелдеді. Б.з. қағидалары организмдердің өзара туыстық жақын- дығын анықтауға және эволюциялық процестердің даму бағыттарын дұ- рыс түсіндіруге негіз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет