Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет126/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмір- дің қажетті әрі тұрақты шарты; географиялық қабықтың бір бөлігі. Г. о. түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін құбылыстары мен процесте- рін де қамтиды. Қоғам дамыған сайын оның материялдық қажеттерін қамтамасыз ететін табиғат ортасы да кеңейе береді. Г-лық қабықтың гео- графиялық ортаға енбейтін бөліктері де ондағы табиғат жағдайлардың қалыптасуына әсер етеді. Мыс. Гималайдың биік шыңдары географиялық ортаға еңбегенімен көршілес аймақтардың климатын қалыптастыруға қа- тысуы арқылы олардың географиялық ортасына да күшті ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, географиялық қабық тұтасымен Г. о. болып табылады. Г. о. қоғам дамуындағы рөлі жөніндегі мәселе ойшылдар назарын ежелден- ақ аударып келеді. қазіргі кезде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастар біртұтас жүйе аумағындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Г. о. – қоғам дамуының материалдық қайнар көзі. Адамзат қоғамы табиғатты сыртқы фактор бола тұра, осы өзгерістер жүретін Г-лық о-ның айрықша құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сондықтан Г-лық о-ның қоғамдық элементтері мен табиғи элементтерінің қайшылықтары қоғам- дық өндірісті дамытушы фактор ретінде айқындалады. Адамзат тіршілігін табиғат пен қоғамның ұдайы өзара әрекеттесуі ретінде бағалауға болады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2.
655 б.


ГЕОСАЯСАТ – мемлекеттердің не мемлекеттер блоктарының терри- ториалдық кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлық- тық және әлемдік халықаралық процестердегі орны мен нақты-тарихи ық- палын түсіндіретін теория. Географиялық ортаның қоғам өміріне тигізетін әсерін зерттеуге байланысты шыққан. XVIII ғасырда оны Ш.Л. Монтескье, А.Р.Ж. Тюрго және т. б. дамытты. Олар халықтардың материалдық және рухани өмірі, географиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелді деп пайым- дады. Француз философы Монтеске «Заңдар рухы туралы» деген еңбегінде
«Ауа райының өктемдігі басқа өктемдіктердің барлығынан да күштірек»


169

дейді. Оның пікірінше қоғам дамуы үшін ең қолайлы жақ – солтүстік бөлік. Ал жер шарының оңтүстік жағында күннің ыстықтығы, ауа- райының мамыражай болып тұратындығы адамның денесін балбыратып, күшін кетіреді, халықты жігерсіздікке, жалқаулыққа бейімдейді дейді. XIX ғасырда бұл теорияны Г.Т. Бокль, Ф. Ратцель, В. Кузен, Ж.Э. Ренан, К. Риттер одан әрі дамытты. Ағылшын ғалымы Г.Т. Бокль «Англиядағы өркениеттің тарихы» деген еңбегінде адам баласының өмірі мен тағдырын басты-басты төрт физ. жәйт, атап айтқанда: ауа райы, тамақ, топырақ және ландшафт, яғни жердің жалпы бедер-бейнесі билейді дейді. XX ғасырда гитлерлік Германияда геогр. саясатты өз мүдделеріне пайдаланбақ болды. К. Хаускофер және басқалар фашистердің басқыншылық соғыстарының


«заңдылығын» дәлелдеп, мұндай соғыстарды «тіршілік кеңістігі жолын- дағы күрес» деп атады. Осыған байланысты Кеңес Одағы кезіндегі гео- саясаттың теріс жақтарымен қатар ғыл. негізді тұжырымдамалары да жоққа шығарылды. Географиялық саясат мәселелері тиянақты зерттеу ісіне Р. Челлен (Швеция), А. Мэхэн (АҚШ), Х. Маккиндер (Ұлыбритания) және т. б. мол үлес қосты. Олар мемлекеттердің орналасу ерекшеліктеріне, жол қатынасына, теңізге шығу мүмкіндіктеріне, көрші елдермен қарым- қатынас жасауға табиғи кедергілердің (таулар, шөлдер, батпақты жерлер, қиын асулар, т. б.) болу-болмауына, олардың ауқымы мен халықтың ұлттық құрылымына, жер бедеріне, топырақ құнарлылығына, қазба байлықтарына, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т. б. айрықша назар аударды.
ҚР-ның сыртқы саясатында да географиялық фактор маңызды рол атқарады. Қазақстанның географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайларын ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев Еуразия идеясын ұсынды. Ел астанасының бұрынғы Ақмолаға көшірілуі де географиялық жағдайдың елдің ішкі және сыртқы саясаты мен экон. дамудағы рөлін ескеруден туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет