ДЕРРИДА Жак – француз философы. Еуропа постструктурализмінің ірі өкілі. Мәдениеттегі хаттың рөлін зерттейтін грамматологияның негізін қалаушылардың бірі. Алғашында Гуссерль мен Хейдеггер идеясының ықпалында болды. Еуропалық сана мен мәдениеттің барлық формасының метафизикалық танымда көрініс беруін сынау арқылы ғылыми ортада әйгілі болды. Д. еуропалық метафизиканың ықпалынан арылудың жолы ретінде мәдениеттің бастауына, ондағы алғашқы белгілерге, метафоралық қабаттарда сақталған мәдени дәуір дәстүрлеріне сүйенуді ұсынады. «Тіл»,
«мәтін» оларды зерттеу арқылы «хат», «хаттануға» үңілу, соның негізінде метафизикалық таным табиғатын ашу концепциясын жүйелеген. Д-ның осы бағыттағы ғылыми көзқарастары «Грамматология туралы», «Хат және оның өзгешелігі» (1967) еңбектерінде көрініс тапқан. Д. структурализмді
«логоцентризмнің» бір көрінісі ретінде сынағанымен, оның концепциясының кейбір пунктері осы бағытқа үндесіп жатады. Д-ның Ницше стиліне арнал- ған еңбегі бар, сондай-ақ «Почта белгісі туралы. Сократтан Фрейдке дейін және олардан басқа да» (Минск, 1999) деген еңбегінде Фрейд концепциясы- на талдау жасаған.
Әдебиет: Деррида Ж. Эссе об имени. – СПб, 1998; Философия. Энци- клопедический словарь. – М., 2004. – С. 224–226; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Постмодерн философиясы. Әлемдік филосо- фиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2007. – Т. 15.
ДЕСКРИПЦИЯ (лат. Descriptio – суреттеу) – жалқы нәрсені жалпы ұғымдар (көріністер) көмегімен суреттейтін және оның өзіндік төл немесе жалпы атауын алмастыратын логикалық (тілдік) құрылым. Алуан түрлі есептеулердің формалды жүйелерінде (формализация) пайдаланылады.
Әдебиет: Гильберт Д., Бернайс П. Основания математики. – М, 1979. Т. 1.
ДЕСПОТИЗМ (грек. despots – әмірші, билеп-төстеуші) – қоғам мүшелерінің, мемлекеттегі басқа да субъектілердің ерік-жігері мен құқы- ларын басып-жаншып, дөрекі де қатал тәсілдермен, озбырлықпен, зорлық- зомбылықпен басқаруға негізделген шектеусіз биліктің түрі. Д., әсіресе, абс. монархияға тән сипат. Д. шаруашылық процестерін бюрократиялық жол- мен басқаруға, одан түскен пайданы мемлекеттің толық бақылауына алуға бейім. Қоғам мүшелеріне, шаруашылық қарым-қатынас субъектілеріне экон. еркіндік бермейді. Саяси салада оппозициялық партиялар құруға үзілді- кесілді тыйым салып, пікір алуандылығын тұншықтырып отырады. Қоғам
208
тек басқарушылар мен бағыныштылар санатына жіктеледі. Деспотиялық басқару шарғысы түбінде қоғамды толықтырып, іштен тозуға душар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |