ЖАУЫЗДЫҚ – адамдық қасиеттерден жұрдай немесе психикалық сырқатқа ұшыраған жандар тарапынан жеке адам өміріне және адамзат тірлігіне қарсы жасалатын қастандық әрекет. Әр түрлі теріс идеялық (діни, саяси) ағымдар ықпалы да адамды мұндай әрекетке баруға итермелейді. Ж. рухани кембағалдықтың, болымсыздықтың моральдық, болмыстық негізі болады. Қазақстанда лаңкестік, экстремистік әрекеттерді жүзеге асыруды мақсат еткен халықаралық ұйымдар немесе шетелдердің құрылымдық бөлімшелерін ашуға тиым салынған. Ж., лаңкестік әрекет жасаушылар кез- келген елдің заңы бойынша қатаң жазаға тартылады.
ЖАҺАНДАНУ (глобализация, global – әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) әлемдік ауқымдану, ғаламдану, жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастықтың құрылу үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет американдық экономист Т. Левита енгізген (1983). Ж.-дың жаңа сатысының түрлі қырларын ХХ ғ. ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Элвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеп,
251
ғылымға «ақпараттық қоғам», «техникалық революция» «ақпараттық жары- лыс», «ғаламдық мекен» ұғымдарын енгізеді.
ХХ ғ-дың 40–50 жылдары әлемдік тәртіп, жаһандық инфрақұрылым құру идеясы АҚШ-тың: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесі (ХҚК),
«Рэнд» корпорациясы, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталы- ғында тұжырымдалады. Ж. әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық құндылыққа ие болуы, сан-алуан әлемнің біртұтастыққа айналуы логикасы біріктіретін өзгерістер жиынтығы деп түсіндіріледі. Ж. әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктері бар: 1) дәстүрлер, діндер, мәдениеттер мен идеологиялардың «ұқсастығы» негізінде пайда болған «менталдық» немесе мәдени Ж. Мұнда желілік мә- дениет, кибермәдениетпен ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классик. еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі негізінде біртұтас, жалпыадамзаттық мәдениет нышандары көріне бастады. Бұл жағдайда әрбір ұлттың, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы өзекті мәселеге айналады; 2) экономикалық Ж. екі үрдістің – нарық саласы (капитал, еңбек ресурстары, тауарлар және қызмет көрсетулер) және экономика нысандары, экономиканың ұйымдық құрылымдары жиынтығы ретінде, компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі; 3) аймақтық Ж., мұның жоғары мәнін мемлекетаралық құры- лымдардың күшеюі, мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар көрсетеді; 4) ақпараттық-коммуникациялық Ж. қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы болады. Оған: коммуни- кациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат тарату үшін пайдалану, жаһандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы, адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютерленуі жатады;
5) этникалық Ж. планета халқы санының өсуі және әртүрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы сынды екі бөліктен тұрады.
Ж. неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, техникалық жаңалық- тар мен басқару дағдыларын жедел енгізу және тарату, елдегі өмір деңгейінің жоғарылауы, жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызуды көздейді. Ол тұң- ғыш рет әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін – өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіріп, кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда.
Ж-мен бірдей өз болмысын айғақтап отырған даралану (локализация) құбылысы туралы да айтуға болады. Бұл Ж. нәтижесінде жетістікке қол жеткізген мәдениеттердің өзіндік құндылықтарын паш етіп, басқаға мойын- датқысы келген ойдан, өзіндік ерекшелігін сақтағысы келуден туындайды. Қазақстанның Ислам, Ресей және Қытай, АҚШ өркениеттерінің әсерін сезінетіні қоғамдық өмір салаларынан тікелей көрінеді. Мұның, әрине жағымды да, теріс те жақтары бар. Бір жағынан, алдыңғы қатарлы мәдениет
252
жетістіктерін қабылдаса, екіншіден, ұлттық құндылықтардың шайқалуына алып келетін мәңгүрттік, дүбаралық белгілер ұлғайды. Мәңгүрттік белгі- лердің ұлғаюы ел дамуының болашағына теріс ықпалын тигізеді, сон- дықтан елімізде қабылданып отырған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдар- ламасын, көне мәдени мұраларды жаңа заман талабына сай жаңғырту деп қабылдауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |