ИНТЕРСУБЪЕКТІЛІК – таным субъектілері арасындағы арнайы қарым-қатынас, өзара араласу мен білімін өзгемен бөлісудің негізі. ХХ ғ-ға дейін танымның нанымдылығы таным жасаушы субъектінің әмбебап құрылымына байланысты еді. И. мәселесін алғаш рет Гуссерль Бесін- ші картезиандық медитациясында қояды. Гуссерль феномендық ойлау тә жірибесін санадан бұрынғы әлемге сүйенуден бас тартудан бастаған- дықтан, оған ойлау тәжірибесінің маңыздылығын қамсыздандыру үшін жаңа негіз керек болады деп таниды. Сондықтан ол ойлауды ойлау арқы- лы түсіндіруді жөн көреді. Ойлану барысында әрбір субъект әлемді өзінше зейіндейді, бұл дүние – жеке тұлғаның тек өз танымына тәуелді жеке тәжірибесі. Демек, мәселенің шешімі субъектердің, немесе Мен және Өзгенің қарым-қатынасында. Гуссерльдің тұжырымдауынша, Мен табиғи түрде өз санасында Өзгелерді қалап шығарып, мүмкіндікте бар субъектілер – интерсубъектілер қауымын құрайды. Бұл қауымдағы әр кім әлемді өз тәжірибесінен түсінеді. Міне, осыған байланысты Меннің жеке тәжірибесінің негізі ретінде әлем барлығы үшін бар болып қарастырылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар И-те Мен өз тәжірибесінің өзгелермен салыстырғанда айырықша екенін кескіндейді. Интерсубъектілер қауымы негізінде ұғыну мүмкіндігінің көкжиегіне және қауымның шексіз кеңістігі- не ұмтылған интенционалдық қауым қалыптасады. Бірақ, білім сапасын анықтау мәселесі ашық қалады, себебі өз-өзіңе шексіз үңіле беруге болады. Кейін Гуссерль жеке тұлғаның рухани тәжірибесіне сүйенген Өмірлік Әлем ұғымын енгізіп, оны И-ке негіз ретінде қарастырады.
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ИНТУИЦИЯ (орта ғасыр. лат. іntuіtіo, лат. іntucor – қадағалап қарау, үңілу) – алдын ала әр түрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету. И. тікелей интеллектуалдық білім түрі (интел- лектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек қылмайтын айқын, ақиқат танымды И. мағынасында қарастырды. И. мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әр түрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл – И. болып табылады. Интеллектуалдық И. танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах И-ны танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды. И-ны организмнің ешқандай алдын-ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығарм.-тың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: |