Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Аристотель. Аналитики первая и вторая, пер. с греч. – М., 1952; Яновская С.А. Основания



бет269/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Аристотель. Аналитики первая и вторая, пер. с греч. – М., 1952; Яновская С.А. Основания математики и математическая логика, в кн.: Математика в СССР за тридцать лет. – М. – Л., 1948; Попов П.С. История логики нового времени. – М., 1960; Котарбиньский Т. Лекции по истории логики. Избр. произв., пер с польск. – М., 1963. – С. 353–606; Стяжкин Н.И. Формирование математической логики. – М., 1967;


ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ – неопозитивизмнің дамуындағы ХХ ғ-дың 20–30 жылдарындағы Вена үйірмесіне байланысты кезең. Оның өкілдері М. Шлик, Р. Карнап, Л. Витгенштейн, Ф. Франк және махизм өкілдері. Л. п. мақсаты – матем. логиканың, семиотиканың, физиканың


356

және математиканың жетістігін идеализм мен агностицизмді растау үшін қолдану. Л. п. филос. мәселелерді ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырады. Карнаптың пікірінше, «логика – философияның мәні», ал


«философия – ғылым логикасы». Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестіреді. Л. п. философияның негізгі мәселесін ешбір ғылыми маңызы жоқ жалған мәселе деп есептейді. Ол танымдағы матем. логиканың рөлін асыра дәріптейді. Л. п. қазіргі ғылымның философиясын жасау жолында субъективтік-идеалистік философияны растады. Матем. логика философияны ешбір ауыстыра алмайды, ол – қазіргі матем. ғылымының қарқынды дамып отырған бір саласы. Л. п. теориялық білімді тәжірибелік негіздеу үшін верификация ұстынын ұсынды. Дегенмен теориялық пен тәжірибелік деңгейлер диалект. бірлікте болады. Л. п. ғылымның даму диалектикасын жоққа шығарады. Социологияда Л. п. марксизммен ешбір үйлеспейтін Нейраттың қате «эмпириялық социологиясына» соқтырды. Дегенмен Л. п. кейбір маңызды методол. мәселелерді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты Р. Карнаптың, Л. Витгенштейннің, А. Тарскийдің, Б. Расселдің және т. б. еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдау, логикалық семантика, семиотика мәселелерітуралы құнды пікірлер айтылған.


ЛОГИЦИЗМ – клaccикaлық математиканы логикаға балап, оның негiзгi және алғашқы ұғымдарын логикалық терминдермен анықтайтын, математика бағыттарының бiрi. Л. өкiлдерi логика мен математиканы екi түрлi пән деп қарамай, бiр ғылымның дамуындағы екi сатысы ретiнде қарады. Олардың пiкiрiнше математиканы логикаға балаудың зор мәнi бар, мұның өзi математиканың нағыз табиғатын ашуға мүмкiндiк бередi. Г. Фреге, Б. Рассел, А. Уайтхед және Р. Карнап классикалық математика негiзiнде натуралды сандар арифметикасы жатыр, сондықтан Г. Фреге өзi құрған логикалық-матем. жүйе арқылы алдымен арифметиканы, сонан соң бүкiл математиканы негiздемекшi болды. Бiрақ Б. Рассел ол құрған логикалық-матем. жүйеден өзiндiк элемент ретiнде қоса қамтымайтын барлық шектеусiз сандар жиыны атты логикалық қайшылықтың барлығын ашты. Сонымен Фрегенiң арифметиканы негiздеу үшiн құрған формальдық жүйесi iштей қайшылықты болды. Оны жою үшiн Рассел мен Уайтхед
«Математика ұстындары» (1910–13) атты үш томдық көлемдi еңбегiнде жетiлдiрiлген лoгикaлық-матем. жүйесiн немесе типтер теориясын құрды. Дегенмен олар да математиканы формальданған логикаға толық көшiре алмады. Өйткенi бұл программаны iске толық асыру үшiн ең aлдымен арифметиканы формальдайтын (Фреге құрған формальдық жүйе), сонан кейiн бүкiл математиканы формальдайтын (Рассел мен Уайтхед құрған) логикалық-матем. жүйе толық болуы қажет. Бiрақ К. Гедель дәлелдеген бiрiншi теорема бойынша Pacceл мен Уайтхедтiң формальдық жүйесi


357

толық емес. Сондықтан да арифметиканы толық формальдауға болмайды. Демек, бүкiл математиканы логикаға толық көшiру де мүмкiн емес. Л. бағдарламасын iске асыру жөнiнде жүргiзiлген зерттеулер матем. логика мен математика негiздерiн дамытуда едәуiр үлес қосты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет