ПОЛИТЕИЗМ (poly – көп, theos – құдай) – көп құдайшылдық, пұт- шылдық, көптеген құдайларға табыну. П. архаикалық қоғамдарда рухтарға, пір-перілерге табыну негізінде пайда болды. П-де тылысым дүние құдай- лардың иерархиясы ретінде көрініс табады. Әрбір құдайдың жеке билігі, өз атауы, кескін-келбеті бар. Олар қоғам мен табиғаттың белгілі бір сала-
сына үстемдік етеді. Пантеонның басында жоғарғы құдай немесе бірнеше құдайлар тұрады. П. басқа халықтардың құдайларын танудан бас тартпайды. П. салтында храмдар маңына топтасқан абыздар басты рөл атқарады. Ежел- гі түркілердің, мысырлықтардың, гректердің, римдіктердің т. б. сол сияқты қазіргі Үнді мен Жапонияның діндері осындай сипатта.
ПОППЕР Карл Раймунд – ағылшын философы және социологы. Оның іліміне сай білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір- бірімен тығыз байланыста болады. Кез-келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ол ғылымда кез-келген тұжырымды теріске шы- ғаруды білдіретін «фальсификация» (жалған деп тану) ұғымын енгізеді. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып және оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында П. марксизмді сынға алады, ол қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарады. П-дің идеалы «Ашық қоғам». «Ашық қоғам және оның жаулары» (1945) атты еңбегінде ол ашық және жабық қоғамдарды қарастырады. Ашық қоғам типіне батыс демократиясын, ал жабық қоғамға социалистік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тота- литарлық, қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапкерсіздік, идеялық догматизм тән. Оның пікірінше, бұл «трайбалистік», яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстық тайпалары тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. «Ашық қоғам» мүшелеріне рационалистік бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатқа сай, саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Алайда батыс демократиясында оларды «ашық қоғам» деп санауға кедергі келтіретін кемшіліктер бар. Оның пікірінше «қоғамның өз еркі мен даму идеясы – қоғам физикалық зат сияқты белгілі бағытта, белгіленген жолмен дамиды деу таза холистік адасушылық».
Достарыңызбен бөлісу: |