СӘРСЕНБАЕВА ЗӘУРЕ НҰРҰЛЛАҚЫЗЫ - 1953 жылы Орал қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия факультетін 1976 бітірген соң Қаз КСР ҒА-ның Философия және құқық институтында (қазіргі кезеңде философия, саясаттану және дінтану институтында) 2017 жылы дүниеден өткенше табысты қызмет атқарды. Зәуре Нұрұллақызы 2003 жылы философия ғылымдарының докторы атанды және ол әкесі профессор, философия ғылымдарының докторы, философия факультетінің деканы болған, қоғамдағы дәстүрлер мәселесін ғылыи талдаумен айналысқан Сәрсенбаев Нұрұлланың тәрбиесін алған және ізін жалғастырғаны белгілі. З. Сәрсенбаева Ұлттық және ұлтаралық қатынастарды зерттеу Орталығында 1988-1994 жылдары қызмет атқарып, өмірбаянында шығармашылық жолын ұлтаралық қатынастарды зерделеуге арнады. Ол құндылықтар мәселесіне үлкен көңіл бөліп, елімізде аксиология саласында қомақты теориялық еңбектерді жазып қалдырды. Бірнеше рет осы бағытта ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі болды және ұжымдық монографияларды жарыққа шығарды. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері (2014) атанды.
Сәрсенбаева Зәуре Нұрұллақызы 100-ден аса ғылыми мақалалары мен жеке және ұжымдық монографияларды өзінен кейін ғылыми мұра ретінде қалдырды, солардың ішіндегі маңызды еңбектері:Этнос и ценности. - Алматы, 2009.- 364с.; Этнос және құндылықтар. – Алматы, 2018. - 306б.
СЕГІЗБАЕВ Ораз Аманғалиұлы (1929–2006) философия ғылымда- рының докторы, профессор. 1929 ж. Қызылорда қаласында дүниеге келді. 1951 ж. М.С. Киров атындағы ҚазМУ-дің тарих факультетін тәмамдайды. Аталмыш университетте 1956–1959 жж. аға оқытушы, 1959–1963 жж. философия кафедрасының доценті, 1968–1976 жж. философия және эконо- мика факультетінің деканы, 1977–1980 жж. философия тарихы кафедра- сының доценті, 1980–1982 жж. жаратылыстану факультеттеріндегі фило- софия кафедрасының профессоры, 1982–1986 жж. этика, эстетика және ғылыми атеизм кафедрасының меңгерушісі, 1986–1995 жж. әлеуметтік таным философиясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессоры және 1995 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылым философиясы мен методологиясы кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. 4 ғы- лым докторлары мен 19 ғылым кандидаттарын дайындады. Ғалым өзінің шығармашылығында қазақ халқының философиялық ойын зерделеуге көптеген еңбектер жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |