Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет362/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   401
treatise187525

ТОЛЫҚТЫРМАЛЫҚ ҰСТЫН – квант механикасына байланысты Н. Бордың ашқан тәсілдемелік принципі. Ол принцип бойынша микроәлемге қатысты физикалық объектіні дәлірек суреттеу үшін оны бірін-бірі жоққа шығаратын қосымша суреттеу жүйелерін пайдалана отырып анықтау қажет делінген. Квант механикасының негізінде энергия мен материяның аз мөл- шерлері өз бойында бір мезгілде бөлшектік те, толқындық та қасиеттерді
472

жинақтайды деген түсінік жатыр. Өлшеніліп отырған материяның қандай күйде болатындығы өлшеушіге, дәлірек айтсақ, оның өлшеу тәсіліне тәуелді. Бір тәсілмен алынған өлшеу нәтижесінде жарық кванты өзін толқын ретінде танытса, екінші тәсілді пайдалану барысында ол бізге бөлшек (корпускула) болып көрінуі де мүмкін. Яғни, егер микроәлемде элементарлы бөлшектер бір мезгілде әртүрлі күйде бола алатын болса, онда біздің макроәлемде, «үлкен» әлемімізде де сондай болуы әбден ықтимал. Әлемнің екіжақтылығын ескере кетсек, онда әлемдегі біз де бір мезгілде тірі және өлі болуымыз мүмкін. Бізге сырттан қарап тұрған бақылаушының күйіне байланысты біз бір мезетте не өлі, не тірі күйде боламыз. Бақылаушы біздің жүйеден тысқары, ал ол бақылаушының өзінің күйі оның жүйесінен бөлек орналасқан тағы басқаға байланысты әрбір жүйе басқа ірі жүйенің құрамдас бөлігі ғана және сол өзінен жоғары тұрған жүйеге қатысты ол тек бақылау жүргізіліп отырған объект есебінде Н. Бор өзінің тұжырымдаған принципінің тәсілдемелік мәнін жақсы түсіне білген: «тірі организмдер, сана иесі – адамдар мен олардың мәдениеттері ішкі біртұтастыққа ие, ал ол біртұтастықты сипаттап, көрсету үшін суреттеуді қосымша тәсілі қажет». Т.п. біздің физиологиямыз арқылы да түсіндіріледі, себебі біздің бас миымыздың жартышарларының функционалдық ассиметриясы Т.п. жүзеге асырудың табиғи механизмі болып табылады.


Әдебиет: Бор Н. Атомная физика и человеческое познание. – М., 1960; Руднев В.П. О достоверности // Логос. Вып. 9. 1997; Налимов В.В. Вероятностая модель языка. – М., 1979.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет