479
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ – ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. «Халық- тардың ұлы қоныс аударуының» нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының этникалық субстраты болып табылады. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар таптан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты – «түркі» терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Кейінірек бұл сөздің семантикасы ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, ержүрек батыр шыққан тайпа символына айналған. 552– 745 жылдар аралығында Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен ежелгі феодалдық мемлекет – Түрік қағандығы өмір сүрген. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі – Бумын қаған болған. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік қағанатына бағынышты өмір сүрген. Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілердің өзіндік жазуы болған. қ. Орхон-Енисей жазуы. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлұмат алуға болады Түркілер негізгі планеталармен жұлдыздардың қозғалысын жетік біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына қарап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Олардың өзіндік ай календарлары, жыл қайыру жүйесі болған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер тұрғызуға т. б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Шаруашылығы тікелей малмен байланысты болғандықтан мал асырау мен емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер негізінен қос күшке – Көкке және Жерге сыйынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар
«Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп аталған. Түркі жазуларында олардың барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Әрбір түрік өзін Тәңірінің үкімін орындаушысы ретінде сезінген. Көне түркілердің космогониясын, яғни әлем құрылымы туралы көзқарастарын төмендегі жолдардан байқауға болады: «Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде Қара жер жаралғанда екі арасында кісі ұлы жаралған екен». Түркілер әлемнің төртбұрышты моделін жасаған: «ілгері» (күн шығыс), «кейін» (күн батыс),
«бері» (күн ортасы – оңтүстік), «ары» (түн ортасы – солтүстік). Бұл модель
480
«Күлтегін» жырында төмендегідей баяндалған: Ілгері – күн шығысында, Оң жақта – күн ортасында, Кейін – күн батысында, Сол жақта – түн ортасында Осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды. Ежелгі түріктер үшін Көк пен Жер – Судан кейін тұрған құдіретті күш – әйел, ошақ басы құдайы Ұмайға да табынған. Ол бала-шағаны, Үй берекесін қорғайды деп сенетін болған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификацияланбаған, шексіз аспан әлемімен теңдестірілген Көк Тәңірінің монокультімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, от-суға да бас игенін білдіретін дәйектер кездеседі. Ертедегі миф – аңыздардың, ертегілердің кейіпкерлерінің Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей аталулары, күнді құдай ретінде бейнелеу, күнбасты кескіндердің кездесуі; жаңа туған айға тағзым етіп, табыну; отты киелі құбылыс деп есептеп, онымен тазарту, аластау әрекеттерін жасау және т. б.-дан біз көпқырлы түркілік ой желісін танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: |