Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет371/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   401
treatise187525

УНАМУНО Мигель де (1864–1936) – испан философы, ақын. У-ның көзқарастары экзистенциалдық философияның алғашқы көріністеріне жатады. Оның философиялық позициясының қалыптасуына Августиннің, испан ортағасырлық мистиктерінің, Б. Паскальдің, С. Кьеркегордың, неміс романтиктерінің, А. Шопенгауердің, Ф. Ницшенің, Бергсонның шығарм.-ы көп ықпал етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен «Пенделер мен халықтардың есірікті жан күйзелістері» атты шығармасын жазған, Испаниядағы Примо де Ривераның әскери диктатурасының ылаңын өз басынан өткізген, елінен жырақта сегіз жыл эмиграцияда жүріп, республика жеңіске жеткеннен кейін туған жеріне қайтып оралған У. үшін торығушылық сарыны орынды. У-ның философиялық рефлексиясы жүйесіздеу, өйткені философтың өзіндік көзқарастары оның поэзиясы, прозасы, эссеистикасы мен драматургиясына тоғысып жатыр. Түрлі жанрлар саласында көріне білген У-ның шығармашылығының негізінде жеке бастың өлместігі, рухтың мәңгілігі идеясы тұр. Өлім туралы сұрақтар алдында ақыл-ой скептицизмі ашынған сезіммен қосыла келе «қасіретті өмір сезімін» тудырады. Ол сезім адам тіршілігінің өмірлік (витальды) діңгегі. Сонымен жеке «басты» мәңгілігі мәселесі адам мәселесінің өзіндік түр көрінісі болып табылады. Адамдық шындықты У. экзистенция, өмірден өмірдің өзінен тысқары (трансцендентті) жатқан мән-мағына іздеу деп түсінеді. Сондықтан да У. құдай идеясын адамның мәңгілік болмысқа деген талпынысы арқылы түсіндіреді және де оны жеке бас өлместігіні» кепілдігі деп қарастырады. У. адами шындықты уақыт шеңберіндегі адамның өзін-өзі шексіз құрастыруы, өзін-өзі сомдауы деп біледі. Адами болмыс дегеніміз биография дейді У. Сондықтан да адамды әдеби кейіпкер, персонаж ретінде қарастыруға да болады. У. белгілі бір мағынада философияны «әдебиеттендірумен» айналысты, өйткені ол экзистенциалдық новелланы философияның және болмысты» ең лайық түр көрінісі деп таниды.


487


УНИВЕРСАЛИЙЛЕР, әмбебаптар (лат. universalis – жалпы) – орта- ғасырлық философияда жалпы идеялар осылай аталады. У. жайлы пікір- таласында ол жалпы идеялар шындық па, объективті ме немесе олар зат- тардың жай атауы ғана ма деген мәселе төңірегінде өрбісе «заттар да» өмір сүреді (орташа реализм, Фома Аквинский көзқарасы). Бұған қарама-қарсы көзқарас: У. тек ақыл – ойда ғана, «заттардан кейін», ақыл-ойдың құрылысы түрінде. (Концептуализм) немесе тіпті жай сөз түрінде ғана (шегіне жеткен номинализм, Росцелин, Оккам) болады.


УПАНИШАДТАР – Ведалардың төртінші және соңғы бөлігі. Онда ведалық әнұрандардың (гимндердің) философиялық мағынасы ашып көр- сетілген. У-дың ең ежелгісі б.з.б. VII ғасырға жатады. У-да пайғамбарлар- дың Құдай, рух және космос туралы түсініктемелері берілген. Барша зат- тардың қайдан пайда болғандығы, қалай өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда кететіндігі, рухтың мазмұны, рухтың туып- өлу тамұғынан (сансарадан) арылу жолы, карма және т. б. мәселелер У-дың негізгі мазмұнын құрастырады. У-дың барлық саны – 108. Оның 16-ға жуығы «негізгі», «ұлы» У. деп аталады. У. санскрит тілінде жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет