Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет394/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   401
treatise187525

ШОПЕНГАУЭР Артур (1788–1860) – неміс ойшылы. Гегельге қарсы шығып, қайрат пен ұғымға негізделген жаңа ілім жасаған. 1813 ж. Йенде диссертация қорғап, 1818 ж. өзінің Әлем қайрат пен ұғым ретінде деген бас- ты туындысын шығарған. 1820–31 жж. Берлинде сабақ беріп, ақыры, Гегель- дің даңқына тойтарыс бере алмай, дәріс беруден бас тартып, ун-тік қызмет- тің табанды қарсыласына айналады.Ш. айтуынша, оның көп ойлары үнді


515

философиясына жақын өмірге жігерлену концепциясынан туындайды. Ш. танымында тірі өмір, өлі дүние құбылыстарының бәрі жігерге негізделген, себебі бәрі бірнәрсеге ұмтылады. Осы ұмтылыстардан пайда болып, жігер мен қатар ұғым қалыптастырады. Ш. моралистикасы жан ашу, аяу сезіміне негізделіп, Канттың мораль философиясын тереңдетуге тырысқан.




ШПЕНГЛЕР Освальд (1880–1936) – нем. философы, өмір философия- сының өкілі, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. Ш-дің тарих фило- софиясын баяндайтын негізгі шығармасы – «Европаның құлдырауы» (1– 2 т., 1918 – 22) – Германия бірінші дүн-жүз. соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. Ш. «ескі пруссиялық рухты», монархияны, дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Ш. үшін соғыс – «ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы». Ш. тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып, тарихты материалистік тұрғы- дан түсінуге фатализмді қарама-қарсы қояды. Ш. – тарихи релятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дүниежүз. – тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бір-қатар тәуелсіз, қайталанбай, томаға-тұйық циклды «мәдениеттерге», жеке-дара тағдыры бар және пайда болу, гүлдену, күйреу кезеңдерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Ш. «мәдениеттің жаны» негізіне алынатын әрбір «мәдениеттің» «морфологиялық құрылымын» тануға әкеліп саяды. Ш-ге сәйкес, ХІХ ғ-дан бастап, яғни капитализм жеңгеннен кейін Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Ш-ге жақын тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.
І


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет