Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет50/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   401
treatise187525

66


АПОСТЕРИОРИ (лат. a posteriori − кейінгіден) − a priori-ға («тәжіри- беге дейін» берілген білім) қарама-қарсы, тәжірибеден алынған білімді білдіретін философиялық термин. Осы екі білім түрлерінің қарама-қарсы- лығы туралы тұжырымдар Аристотель мен Боэций, сонымен қатар ортаға- сырлық христиан схоластарының еңбектерінде кездеседі. Лейбниц «ақыл- ой ақиқаттарынан» яғни, a priori-лық танымнан басқа барлық тәжірибелік танымды немесе «іс жүзіндегі ақиқаттарды» А-лық таным деп санайды, яғни А-лық таным тікелей тәжірибеден алынады. И. Кант бойынша, A-лық білім априорлық білімнің қасиеттеріне ие бола алмайды. Сезімдік қабылдаудың көмегімен алынатын апостериорлық білім әрқашанда кездейсоқты әрі ол ақиқат бола алмайды, өйткені, өткен тәжірибеге негізделген мұндай білім болашақта ескі нұсқасымен сәйкес келмейтін жаңа тәжірибе жинақтау мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Мұндай білім қажеттік, заңдылық, жалпымағыналық дәрежеге көтерілуі үшін априорлы білім формаларымен тексерілуі тиіс.


АПРИОРИ (лат. a priori – алдымен, бұрын, дейін) – тәжірибеге дейін берілген және одан тыс, тәуелсіз алынған, санаға әуел бастан тән, тіпті туа біткен білімді білдіретін таным теориясындағы, нақтылап алғанда Кант философиясында маңызды мәні бар философиялық термин. А-лық білім апостериорлық білімге қарама-қарсы. Сезімдік қабылдаудың көмегімен алынған білім реттелмеген және анық емес білім саналып, оған шынайы білім ретіндегі сезімдік аңдаудың А-лы формалары (кеңістік пен уақыт) және ақыл-ой (себеп, қажеттілік және т. с. с.) қарама-қарсы қойылады. Ан- тика дәуірінде Аристотельдің заттарды олардың себептеріне байланысты тануды екіге бөліп көрсетеді: заттардың алғышарттары болатын себепте- рін (мақсатты, формалды себеп) тану – бұл А-лық таным; ал, оның іс- әрекетінен шығатын себептерді тану – апостериорлық таным. Лейбниц заттардың себептерін білу олардың соңғы және жоғарғы себептерін (ол бұл себептерді «мәңгілік ақиқаттар» деп атайды) таныған кезде ғана толық болады деген ұйғарым жасап, «А-лық» терминінің мағынасын өзгертеді және А-лық танымды ақыл-ой үшін дерексіз, алғышартсыз, өздігінен айқындалатын білімге теңестіреді. Неміс философиясына Вольф кіргізген А. ұғымы Кант философиясында негізгі ұғымдардың біріне айналды.
«Таза ақылға сын» еңбегінің кіріспесінде Кант біздің білімдеріміздің пайда болуының мәні туралы жаза келе: «біздің танымымыз тәжірибеден басталса да, тәжірибе арқылы болса да, оның барлығы тұтасымен алғанда тәжірибеден туындайды деген ой тумау керек» – деп пайымдайды. Канттың пікірінше заттар біздің сезімдік аңдауымызды аффицирлендіре отырып, сонымен бір мезетте адамның танымының ішкі белсенділігін оятады. Адамның тәжірибелік таныммен бірге, тәжірибеден тыс тану қабілеті –


67

танымның бұл белсенділігінің көрінісі болып табылады. Мұндай танымды Кант А-лы таным деп атайды. Бұдан арғы уақытта Кант қандайда бір нақты тәжірибеге емес, кез-келген тәжірибеге тәуелсіз болатын білімді ғана А-лы білім деп атайды. Кант А-лық білімдердің ішінен де ешқандай эмпирикалық білім араласа алмайтын, жалпымағыналық және қажетті сипаты бар «таза априорлық» білімдерді бөліп көрсетеді. Кант бойынша бұл А-лық жалпымағыналық және қажетті білім эмпирикалық жолмен емес, тәжірибеге дейін немесе тәжірибеден тыс тұжырымдалады. Әйтсе де, бұл білім түрлері өзінің формасы жағынан алғанда ғана априорлы, ал олардың мазмұны тәжірибеден шығады. Кант сезімдік аңлаудың А-лық формалары – кеңістік пен уақытты және А-лық ақыл-ой формалары – сан, сапа, модальдық, қарым-қатынас категорияларын бөліп көрсетеді. Сезімдік аңдау мен ақыл-ойдың А-лық формалары сезімнің аңдаумен тәжірибеден алынған ретсіз білімді ұйымдастырады, өзара байланыстырады, тәртіпке келтіреді және қажеттілік, жалпымағыналық дәрежеге көтереді. Қазіргі заманғы ғылым әдіснамасында ғылымның негізгі постулаттары білімнің А-лық формаларына жатқызылады (дегенмен, оларды таңдауда шарттылық пен конвенциалдылық ескеріледі).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет