Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет57/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   401
treatise187525

АРТЕФАКТ (лат. artefactum – жасанды істелген) – табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. А. ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени А-ға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т. б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туындысы, моральдық қағидалар т. б.) алуға болады. А-ының пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық мақсаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символикасын айқындауға болады. А-лар әлемі – таңбалар әлемі және оларды адамдық әрекет контекстінде ғана түсінуге болады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос қалады, функционалдық мазмұны ескірген құндылықтар тек «музейлік» мағынаға ие болады. Қазіргі мәдениеттерде А. мәдениеттердің динамикасын зерттеуде бастапқы алғышарт ретінде қабылданады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопе- дия. – Алматы, 2007.
78


АРУАҚ – жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша қайтыс болған адамдардың тіршіліктегі адамдарды желеп- жебеп жүретін рухы. А. түсінігі генотеистік сенім-нанымдар жүйесіндегі ата-бабалар культімен тығыз байланысты. Көзі тірісінде дара тұлға ретінде көріне білген халықтың қадірлі адамдарының А-тарын құрметтеу қазақ мәдениетіне тән құбылыс. Ш. Уәлиханов айтқандай «қазақтар Алладан гөрі А-тың есімін көбірек атаған». Дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамында құрметті адамдар (әдетте, ел намысы мен азаттығы үшін күрескен батырлар, әділ билер, шапағатты ел және ру басылары, атақты ақын-жыраулар, діни қай- раткерлер т. б.) А-ы ел қорғауға аттанған сарбаздардың ұранына айналған. А-тарды құрметтеу, оларға сыйыну, қолдауын тілеу, қиын-қыстауда А-тан арқатіреу іздеу дәстүрлі қазақ мәдениетінде кең тараған құбылысқа жатады (зиярат маңында А-ға арнап дұға оқу, бата жасау, сырқат адамдардың қайыр- шапағат тілеп, А-тың басына түнеуі, мәжбүрлі қоныс аударғанда зияраттан бір уыс топырақ ала кету т. б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет