Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет67/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

«Дәрі шөпті тапқан тышқан». Бұл желі «Бозжігіт» дастанында 
айтылады: 
Тышқан ұстап алып бұл бишара,
Өзіндей әр жеріне салып жара.
Деп ойлап өзін немен емдер екен,
Отырды қадағалап, бәрін қарап.


269
Тышқанды жіпке байлап қоя берді.
Тышқан іздеп әр жерден шөпті терді.
Әр түрлі шөпті тышқан іздей-іздей,
Ақыры, шипа болар шөпті көрді.
Бұл тышқан сол бір шөпті жұлып алды,
Шайнаңдап жарасына үгіп салды.
Шөптен үгіп жарасына салған жері,
Әп-сәтте сау кезіндей бола қалды.
Бұл оқиға «Қорқыт ата» кітабында «Дерсе хан ұлы Бұқаш хан» 
әңгімесінде (Ә.Қоңыратбаев аудармасында) бар. Кейінгі Б.Ысқақов 
аудармасынан кездестіре алмадық.
«Дәуіт пайғамбар және тойымсыздық». Дәуіт пайғамбар Сүлеймен 
пайғамбардың әкесі. Ұсталық өнердің пірі деп есептеледі. Құран 
сюжеттерінде және одан тараған қиссаларда («Қисас-ул-әнбиа») Дәуіт 
пайғамбардың бір қателігі ғибрат ретінде айтылады:
Дәуіт пайғамбар әйелдері бола тұра, әскерге кеткен Ғүрия атты жақын 
інісінің қалыңдығына (Сағи қызы Сабиға) көзі түсіп, өзі пайғамбар, өзі 
патша болған соң, некелеп алады. Алла Тағала Дәуіттің онысын қош 
көрмейді.
Бір күні Дәуіттің алдына екі кісі келеді. Олардың періште екенін 
білмейді. Бірінің тоқсан тоғыз, екіншісінің бір саулығы бар екен. Байы 
кедейдің жалғыз саулығына көз сұғын қадап жүр екен. Дәуіт ашуланып: 
– Өзіңнің тоқсан тоғыз қойыңды місе тұтпай, ініңнің жалғыз қойына 
көз алартқанша, ұялсаң етті, – дейді.
Келген періштелер:
– Жазаға алдымен өзің тартылуға тиіссің,  депті.
Өз үкімін өзі шығарған Дәуіт ойға шомады. Есін жиып, Алладан 
кешірім сұрады. «Даңқы мен мәртебесі бар адамның бұл сабағы 
адамдарға Алла Тағаланың ұсақ істерге немқұрайлы қарамайтындығын 
ұғындырады» (Құран хикаялары. 1992-115).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет