381
деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» сөзі «сыры
ашылмаған», «құпия» деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана
даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады.
Біраз
жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған
үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен
ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан,
жазудың өзін де осылайша атап кетті.
«Шаһнама» – тәжік, парсы әдебиетінің
классигі Әбілқасым
Фирдаусидің 120 мың жолдан тұратын эпопеясы. «Шаһнама» көлемі
«Илиада» мен «Одиссеядан» он есе үлкен. Ол мифтік, тарихи аңыздардың,
шежірелердің және лирикалық толғаулардың аса үлкен жинағы.
Фирдауси «Шаһнама» бірінші нұсқасын 994 жылы, 2-ші нұсқасын 1010
жылы аяқтаған. «Шаһнама» өз заманының әлеуметтік өзгерістерін, шетел
басқыншыларына қарсы күресті, мемлекеттік тәуелсіздікті бейнелейтін,
жас ұрпақты халық қамы үшін күреске шақыратын шығарма. М.Сералин,
Ораз Молла, Серәлі, Тұрмағамбет т.б. қазақ шайырлары жырлаған.
М.Сералин «Шаһнаманың» «Рүстем-Зораб»
бөлімін орыс тілінен
аударып, «Айқап» журналының бірнеше нөмірлеріне бастырды (1941-
1915). Т.Ізтілеуов 1936 жылы «Шаһнама» дастанының сюжетін алып
қазақ тілінде өзінше жырлап шықты. Ол 1961 жылы «Рүстем-Дастан»,
2004 жылы «Шаһнама. Рүстем-Дастан» деген атаумен басылды.
«Хұсрау мен Шырын» — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы.
Авторы – Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами
Гәнжауидің парсы тілінде жазылған «Хұсрау уа Шырын»
поэмасынан
аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы
шынайы махаббатты баяндауға арналған. Әдеби ескерткіштің тілін түрік
ғалымы профессор М.Фуад Копрулузаде Алтын Орданың XV ғасырдағы
аралас оғыз-қыпшақ тіліне жатқызады. 1958 жылы ол қолжазбаны екі
бөліктен
тұратын факсимилесімен, транкрипциясымен жариялады.
«Хұсрау-Шырын» дастаны қазақтың лиро-эпостық жырларымен
сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді.