292
ол сөз көбіне «алып» сөзімен қосарлана келіп отырады. Мысалы, «алып
ерен». Бүгінгі қолданыста «ерен ерлік», «ерен қимыл көрсетті», – деп
жатады. «Ерен» сөзінің түбірі – «ер». Махмұд Қашқариде:
Ерен албы ұқұштылар,
Қыңғыр көзін бақыштылар.
Төлмүн қару тоқұштылар,
Қылыч қынға күчін сығды, – деген жолдар бар.
Қазақшасы:
Ерен алыптар ұғысты,
Қыңыр
көзбен бағысты,
Барлық қару тоғысты,
Қылыш қынға күшпен сыйды.
Түрік тілдерінде «ерен», «аран» сөздерінің түбірі бір – ер, ерлік.
«Арандай аузын ашады, аяғын топ-топ басады», – дегендегі «аран»
да «ереннің» бір түрі болса керек. Ар, арлан, өр, ер сөздері де тазалық
мағынасында айтылатынын ескертеді. Біздіңше, «ерлік»
деген ұғымды
да берсе керек.
Қорытындылай келсек, қисса-дастанның негізгі фабулалық желілері
ең көне шығыстық мифтерден бастау алып, миф мәдениетін жеткізуші
ретінде маңызды рөл атқарады. Қисса сюжетіндегі тұрақты желілердің
түп-төркіні ежелгі мифтерден, оның хатқа түскен нұсқалары «Гильгамеш»
пен «Авестадан» да табылып жатады.
«Авестаның» иран, үнді, араб, Орта Азия елдеріне кеңінен тараған,
сонымен қатар қазақ мифологиясындағы қайнарлардың бірі екені ондағы
мифтердің қисса-дастан сюжеттерінде, түрік әдеби ескерткіштерінде,
өмір салтында сақталғанынан көрінеді.
Қисса-дастандарға сюжеттік жағынан түпқазық болған тұрақты
желілерге «қасиетті мекенді» суреттеу, «нұрдан жаралған» қаһармандар,
«қасиетті ағашты»
дәріптеу, «хан қызының жауына болысуы», «түс
көру», «Дәуіт пайғамбар және тойымсыздықты» сынау, «Сүлеймен
пайғамбар және оның жүзігінің қасиетін» сипаттау, «Жақып пайғамбар
және қаһарманның қыз әкесіне жеті жыл қызмет етуі», «патша әйелінің
өгей баласына ғашық болуы», «патшаның тастанды баласы және аң
асыраған бала», «мұнара басындағы қыз» т.б. жатады.
Итбастар елі, дию, самұрық, пері, ғайып ерен – қырық шілтен т.б. мифтік
бейнелер де қисса-дастандардан жиі орын алған. Итбас адамдардың
көне Египет мифтерімен байланыстылығы,
оны зоорантропоморфтық
бейнелер екені аңғарылады.
Қорыта айтқанда, қисса-дастандар миф тақырыптары мен желілерін,
мифтік бейнелер мен қаһармандарды жаңғыртқан ежелгі әдебиеттің
жанры демекшіміз.