300
өңірде туған қисса деген пікірге келеміз. Бұл қиссаның қазақ арасында кең
тарағанын ХХ ғасыр басындағы Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Құлмұхамед
Байуғлы нұсқаларының жазылуынан аңғаруға болады (Қыраубаева А.,
1988-59-60). «Қисса-Жүсіптің» Йассауи шығармаларының дәстүрін
жалғастырғаны жөнінде Қожа-түрік Анкарадан шыққан «Түрік
әдебиеті тарихы» (1964) еңбегінде: «Йассауидің діни шығармаларында
қалыптасқан түрік төрттағандары үлгісінде
өлеңмен жазылған Әли
романы қандай тамаша!», – деп тамсанады.
Әлидің «Қисса-Жүсібі» түсініктілігімен ерекшеленеді. Өйткені, онда
ежелгі «Иосиф» мифтерінен (ол туралы бірінші тарауда айтып өткенбіз)
Иосиф пен Потифардың жұбайының оқиғасы ғана бөлек алынып,
басқаларын осы фабулалық желінің айналасына жинақталған. Сөйте тұра,
өзіне дейін Фирдоуси, Ансари жазған
парсы поэзиясының ықпалына
берілмей, түрік өлеңінің үлгісімен, төрт жолды өлең түрімен шығарады.
Тағы бір ерекшелігі – түрік фольклорын пайдаланады. Осылардың
өзі Әли шығармашылығынан түрік Оянушылығының көріністері
байқалатындығының куәсі деуге болады. Осы тұста Е.Э.Бертельстің
мына пікірін келтіре кеткен жөн:
«Әли парсылық туындыгердің ізімен кеткен жоқ. Өз халқының өлең
үрдісін сақтап отырып, шығармасын төрттаған түрінде
ааба схемасымен
жазып шыққан. Бұл өлең түрі бірқатар түркі халықтарында қазіргі күнде
де қолданылады» (Бертельс Е.Э., 1939. №9).
«Қисса-Жүсіптің»
көшірмелері Берлин, Дрезден, Ленинград, Қазан
қалаларында сақтаулы. Қазан кітапханаларынан және жеке адамдардан
жүзге жуық көшірмелері табылған (Джавад Алмаз, 1960).
Бірнеше
рет кітап болып басылған. Бұл қиссаның қазіргі қазақ тілінде белгілі
қиссашыл ақын Жүсіпбек қиссасын қатар ала отырып қарастырдық.
Жүсіп пайғамбар оқиғасын парсы-түрік тілдерінде көптеген ақындар
жазды. Оның түпкі нұсқасы, әрине, Құранның 12-сүресі және Фирдоуси
жырлаған «Жүсіп-Зылиха».
Бірақ Әли, Жәми, Дүрбек – үшеуі сүйенген бір ортақ негіз ХІ ғасырда
өмір сүрген Герат ғалымы Абдаллах Ансаридің (1006-1088)
прозалық
сюжеті екені анықталып отыр. Оны алғаш салыстырып зерттеген
Е.Э.Бертельстің шәкірті өзбек ғалымы Э.Р.Рустамов (1966), татар
ғалымы Н.Ш.Хисамов (1979) болды. Ал Фирдоуси «Жүсіп-Зылихасын»
жазғанда ІХ ғасырда өмір сүрген Табаридің
Құран тефсірін қарағаны
мәлім. Рабғұзидің «Қисас-ул әнбиасындағы» «Қисса Жүсібі» Ансаридің
ғазал аралас келіп отыратын прозалық шығармасы «Анис Мүридин уа
шамс ал-маджалисіне» «Мүридтер досы және мәжілістер күні» сүйеніп
жазылған деген пікір бар.
Әли бұл шығармасын араб-парсы тіліндегі кітаптардан алғандығын
өзі де көрсеткен:
301
Исуф саучы қиссасын қылдұқ ғайан,
Ғараб ғажам діл едінче қылдұқ байан.
(Қисса мәтіні қазан баспасынан түсірілген микрофильмнен және
Хисамов Н.Ш. ұсынған нұсқалардан алынды.
Аудармасын өзіміз
жасадық).
Достарыңызбен бөлісу: