Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ



бет3/6
Дата01.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#458894
1   2   3   4   5   6
УМКД ЖН 1к 2сем

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.
Мембрана - 1) Іріктеп өткізетін қасиеті бар цитоплазманың аралық құрлымы (плазмалемма, тонопласт, клетка, органеллалардың мембраналары). 2) Кейбір балдырлардың қабығы.
Митоз – (күрделі бөліну) эукариоттық сомалық клеткалардың негізгі бөліну жолы.
Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.
Онтогенезорганизмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.
Өсімдіктердің қоректенуі - өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіріп игеруі. Қоректену ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер гетеротрофты және автотрофты болып екіге бөлнеді.
Палеоботаника және палеозоология – құрып кеткен өсімдіктердің және жануарлардың қазбе қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарын зерттейді.
Пластидтер - автотрофты өсімдіктер клеткаларының цитоплаз- масындағы органикалық затардың құралуын жүзеге асыратын боялған немесе түссіз органоид.
Прокариоттар - морфологиялық қалыптасқан ядросы және басқа да әдетті клеткалық органеллалары жоқ организмдер. Оларға бактериялар, көк-жасыл балдырлар жатады.
Рибосомалар - әдетте эндоплазмалық тордың мембранарында орналасқан, диаметрі 15-30 нм, сфенра немесе саңырауқұлақ тәріздес субмикроскоптық бөлшектер.
Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.
Эволюция – тірі табиғаттыңтұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.
Экология – тірі организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, олардың дамуын, көбеюін, таралуын қамтамасыз ететін ортаға бейімділіктің көп түрлілігін зерттейді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ


Педагогика және филология факультеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет