Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
Дуйсебекова А.Е
Кафедра мәжілісінде қаралды
«08» сәуір 2021 ж.
хаттама №9
Дәріс кешені
6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
(мамандықтың шифры және атауы)
мамандығының білім алушыларына арналған
«Жаратылыстану негіздері» пәні бойынша
(пәннің толық атауы)
Дәріс кешенінің құрылымы
Дәріс тақырыбы: Жаратылыстану негіздері курсына кіріспе
Дәріс жоспары:
1. Жаратылыстану негіздері курсы, мақсаты мен міндеттері
2. Жаратылыстану – табиғат туралы ғылымның жиынтығы
3. Жаратылыстану тараулары
“Жаратылыстану” ұғымы екі сөзден құралған – “жаратылыс” (табиғат) және “тану немесе білу”. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді.
Жаратылыстану – бұл қандай ғылым?
1. Жаратылыстану – бұл табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.
2. Жаратылыстану – бұл біртұтас ғылымдардың жиынтығы.
Жаратылыстанудың мақсаттары :
- Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
- Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.
Жаратылыстану ғылымы физикаға, химияға, биология мен психологияға бөлінетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты – тірі организмдер (ағзалар), ал психология – адам психикасының құпияларын танып-білумен шұғылданады.
Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар..
Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы – салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.
Жалпы жертану немесе физикалық география (грекше фюзис – табиғат) табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ, өсімдік және жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды.
Өсімдіктану немесе ботаника өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысын, өсуі мен дамуын, өсімдіктерде жүретін физиологиялық процестерді, сонымен қатар жекеленген өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарын, олардың таралу заңдылықтары мен өсімдіктер әлемінің маңызын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Жануартану немесе зоология – жануарлар дүниесін әр түрлі жағынан зерттейтін ғылым саласы. Ол жануарлардың табиғат жағдайларындағы тіршілігін, олардың жеке дараларының ересек күйіндегі өмірінің әр кезеңіндегі құрылысы мен қызмет әрекеттерін, жануарлар дүниесінің құрамы, жануарлардың көптүлілігін, тіршілік әрекетін, таралуы мен халық шаруашылығындағы маңызын зерттейді.
Дәріс тақырыбы: Жер – Күн жүйесінің планетасы
Дәріс жоспары:
1. Жердің күн жүйесіндегі жайы.
2. Ғарышты зерттеу.
3. Жердің тығыздығы мен температурасы
4. Жер магнитизмі
5. Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі
6. Жердің тәуліктік айналуы
Жер - күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың бірі. Жер - әлем денесі.
Күн жүйесі - орасан зор жұлдыздар шоғырының (150 млрд. мөлшерінде) бір бөлігі, ол Галактика деп аталады. Жерді қоршаған бүкіл дүние - әлем немесе ғарыш деп аталады.
Күн жүйесіне: Күн, тоғыз ірі ғаламшар және олардың серіктестері, астероидтар (кіші ғаламшарлар), кометалар және метеор денелер енеді.
Күн - күн жүйесіндегі орталың дене, жерге ең жақын орналасқан жұлдыз, күйіп тұрған шар тәрізді дене. Күннің диаметрі - 1391000 км. Күн бетінің температурасы 6000°С болады да, ал ішкі жағында ол 15 млнға дейін артады. Біздің бақылауымызға қолайлы Күннің сыртқы қабаттары оның атмосферасын түзеді. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналасқан, оның қалыңдығы 14 мың кмге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі - күн тәжі бар.
Фотосферадан күннің бетінде дақтары бар екенін байқауға болады. Олар күңгірт ядродан және әлдеқандай мөлдір қоршаудан тұрады. Жеке дақтардың диаметрі 200 мың км-ге жетеді. Фотосферада күн дақтарынан басқа факелдер байқалады: олар фотосферадан жоғары көтеріліп тұрады да, температурасы өте жоғары болады.
Ғаламшарлар - Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар Күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.
Күн жүйесіне тоғыз ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және қуатты телескоп арқылы бақылауға болатын 1600-ден астам кіші ғаламшарлар енеді. Кіші ғаламшарлардың көпшілігінің орбиталары Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатады.
Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас ғаламшарлар Марс және Шолпан.
Марс. Марстың кесе-көлденең ені Жерден екі есе кіші. Оның үстіңгі беті өте көп кратерлерге толы. Марс Жерден мөлшерімен, орташа тығыздығы және жыл маусымдарының екі есе ұзақ болуымен ерекшеленгенімен, Жерге ұқсастығы бар: Марстың айналу осінің көлбеулігі Жердікіндей дерлік; тәулік үзақтығы 24 сағат 37 мин. 22 сек-қа тең. Марстың массасы Жер массасынан тоғыз еседей кіші болғандықтан, оның атмосферасы өте сирек. Марс атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының 1-2 пайызындай. Марстың Жерден атмосфера құрамы жағынан да айырмашылығы бар: Марс атмосферасында оттегі аз, оның негізгі құрамы - көмірқышқыл газ бен азот. Атмосфераның өте сирек болуы Жерде болатын тіршілік формаларының көпшілігінің Марста өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Марстың қысы аязды, жазы жылы.
Шолпан. Шолпан ғаламшарының да Марс сияқты жерге ұқсастығы көп. Оның көлемі Жер көлеміндей, ал орташа тығыздығы Жердің тығыздығына жуық. Тәулік ұзақтығы әлі дәл анықталған жоқ. Жарық күші жөнінен Шолпан Күн мен Айдан кейінгі үшінші орында. Ол аспанға Күн бата немесе Күн шығар алдында пайда болады. Сондықтан оны кешкі немесе таң жұлдызы деп атайды. Шолпан атмосферасы тығыз, ол үнемі бұлтпен қоршалып жатқандықтан, оның үстіңгі беті бақылаудан көлегейленіп тұрады.
Ғаламшарлардың көпшілігінің серіктері бар. Мысалы, Марста екі, Юпитерде - он екі, Сатурнда - тоғыз, Уранда - бес, Нептунде - екі серік бар, Меркурийдің, Шолпанның және Плутонның серіктері жоқ.
Ай - Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал массасы Жердікінен 82 есе кіші. Айдың орташа тығыздығы да Жердікінен кіші (3,3 г/см3). Ай өз осінің айналысында 271/3 жер тәулігін айналып, осы мерзімде Жер төңірегінде де айналма жол салып өтеді, сондықтан да «ай жылы» оның тәулігіне тең.
Адамдар ерте кезден-ақ аспан денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Алғаш рет ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 1991ж. қазанның 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Жер төңірегінде самғады. Қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994,1998 жылдары 2 рет аттанып, зерттеу жүмыстарымен айналысты.
Жердің тығыздығы мен температурасы. Жердің тығыздығы тұңғыш рет 1774 ж. анықталған. Оның орташа тығыздығы 5,5 г/см3. Жердің шөгінді жыныстарының тығыздығы аз - 2,5 г/см3, Жердің ішіндегі тығыздық көбірек болуы керек. Жер орталығында ол 9-11 г/см3-ке дейін деп жорамалдайды. Бұл мәліметтер жер сілкінуден пайда болған сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығын бақылау арқылы анықталуда. Толқындар жылдамдығының секіртпелі өзгерістері 60 км тереңдікте жер қабығының қабық асты затпен немесе мантиямен (аралық қабат) шектесетіндігін, ал 2900 км тереңдіктегі қабық асты затынан кейін ядро қабығы болатындығын көрсетті. Одан әрі 5120 км тереңдікте ядро орналасқан.
Жердің бетінен орталығына қарай қысым, тығыздық және температура арта түседі, температурасы тұрақты Жер қабаттары климат пен тау жыныстарының өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі тереңдіктерде жатады. Тұрақты температура қабатынан әрбір 33 м тереңдікке төмендеген сайын Жер температурасы орташа есеппен 100-ге дейін артып отырады. Тереңдеген сайын температураның артуы баяулап, кейінірек мүлде тоқтайды. Жердің ішкі максимальді температурасы 2000-3000° болады деген жорамал бар.
Жер магнитизмі. Жердің магнит өрісін географиялық полюстерге сай келмейтін екі магниттік полюсі бар біркелкі магниттелген өрісті шар деп қарауға болады. Магниттік және географиялық меридиандар бағыттарының аралықтарындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады. Магниттік бұрылу картасы теңіз саяхатшылары мен геодезистерге дәл бағытты анықтау үшін қажет. Компас тілінің магниттік полюс бағытына ауытқуын магниттік аномалия деп атайды.
Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі. Жазық жерде тұрып, айнала қараған адамға Жер беті тегіс сияқты болып көрінеді. Оны жан-жағынан шеңбер түріндегі көкжиек сызығы шектеп түрады. Шынында да, ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Күмбезге Күн, Ай және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген. Олар бір бағытта жүре берген, адам Жердің шетіне жететініне күмән келтірмеген. Ежелгі заманда осындай көріністі бейнелейтін суреттер шіркеу қабырғаларынан жиі орын алған.
Жердің тәуліктік айналуы. Адамдар ерте замандарда аспан аясының қозғалатын сияқты болып көрінетінін шындыққа балаған. XVII ғасырдан бастап, Галилейдің ашқан жаңалықтарының арқасында жұрт, жерді айналып жүрген күн, ғаламшарлар мен жұлдыздар емес, қайта жер батыстан шығысқа қарай өз осімен айналып 24 сағатта бір рет айналым жасайтындығын білді. Күннің түнге алмасу себебі, жердің осі тәулігіне бір айналым жасайды.
Градус торы. Жердің тәуліктік айналуы нәтижесінде жер бетіндегі нүктелер шеңбер сызып шығады. Ең кіші шеңберді полюстерде орналасқан нүктелер сызады. Екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің сызған шеңбері барлығынан да үлкен болады. Бұл шеңбер экватор деп аталады. Экватор жазықтығы жер осіне перпендикуляр болғандықтан жерді екі жарты шарларға - оңтүстікке және солтүстікке бөледі. Жер шарын қиып өтетін экваторға паралель жазықтар жер бетін қиып өтіп, параллельдер деп аталатын шеңберлер түзеді. Олардың ұзындығы экватор ұзарған сайын кеми береді, есептеу экватордан полюстерге қарай жүргізіледі.
Жер осі арқылы өтетін және жер шарын параллель жазықтарға перпендикуляр қиып өтетін жазықтар меридиан жазықтар деп аталады. Олар меридиандар шеңберлерін түзеді. Меридианның қазақ тіліндегі мәні - тал түс. Меридиандар есебі батысқа және шығысқа қарай басталатын Гринвич немесе бастапқы меридианнан жүргізілуге келісілген.
Параллельдер арқылы жер бетінің кез келген нүктесінің географиялық ендігін анықтауға болады. Глобустағы және картадағы ендік экватор мен белгілі орын ара-сындағы қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Солтүстік және оңтүстік ендіктері болады (о.е., с.е.).
Бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте меридианы жазықтығының арасындағы бұрыштық қашықтық географиялық бойлық деп аталады. Глобустағы және картадағы географиялық бойлық нүктесі бастапқы меридианнан осы нүктеге дейінгі қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Бойлық градустары бастапқы меридианнан шығыс пен батысқа қарай 180°-қа дейін есептеледі. Шығыс және батыс бойлықтары болады (ш.б., б.б.). Бойлық пен ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын, сондай-ақ градуспен кескінделген екі нүкте арасындағы қашықтықты табуға болады. Экватор градусының, кез келген меридиан мен әрбір параллельдің ұзындығын білсек, онда олардың градустармен кескінделген қашықтықтарын километрлерге айналдыра аламыз.
Жергілікті жерде ендік пен бойлықты анықтау. Солтүстік жарты шарда жергілікті жер ендігі Темірқазықтың көкжиек үстіндегі биіктігі бойынша анықталады. Темірқазыққа бағытталған бағыт солтүстік полюсте көкжиек жазықтығын 90° бұрыш жасап қиып өтеді. Демек, Солтүстік полюс ендігі 90°-қа тең. Темірқазық жұлдызы экваторда тек көкжиектен көрінеді және темірқазық бағытымен көкжиек жазықтығынан түзілген бұрыш 0°-қа тең болады.
Жергілікті жердегі бойлықты анықтау екі пункт аралығындағы жергілікті уақыт айырмашылығын анықтауға негізделген. 1°-ғы бойлықтар айырмашылығы 4 минут. Екі нүкте арасындағы уақыт айырмашылығы белгілі болса, оның бойлығын есептеп шығаруға болады.
Жергілікті және белдеулік уақыт. Күнге қараған меридианда тал түс болғанда, қарама-қарсы жағындағы меридианда түн ортасы болады. Әрбір меридианың өзіне тән жергілікті уақыты бар. Жергілікті уақытты пайдалану қолайсыз, өйткені олай еткен күнде шығысқа немесе батысқа қарай сапар шеккенде сағат тілін алға, не артқа қарай үнемі жылжытып отыруға тура келер еді. Осындай қолайсыздықтың болмауы үшін халықаралық белдеулік уақыт қабылданған. Жер шары 24 белдеуге бөлінеді. Әр белдеуде осы белдеудің орташа меридианының жергілікті уақытына тура келетін бір уақыт болады.
Жердің жылдық айналуы. Жер Күнді бір жылда айналып өтеді. Күн шуақ немесе тропиктік жыл 365 тәулік 5 сағат 48 мин 46 секундқа тең. Қолайлы болу үшін үш жылды 365 тәулікпен, ал төртінші жылды 366 тәулікпен есептейді, бүл жылды толық жыл деп атайды. Жер Күнді 30 км секунд жылдамдықпен айналады. Жер осінің көлбеулігінен күн мен түн өзара тең болмайды. Жазғы күн тоқырауы - 22 маусым күні жарық пен көлеңке шегі Жер үстінен оңтүстікке қарағанда солтүстік жарты шарға жарығын мол түсіре өтетін болғандықтан, Күн сәулесі солтүстік тропикке тіп-тіке түседі. 22 маусым күні солтүстік жарты шарда күннің үзақтығы түннен ұзағырақ, ал бүл уақытта солтүстік поляр шеңберінде Күн көкжиекке батпағандықтан поляр күні болады. Солтүстік жарты шарға күн мол түседі. Солтүстік жарты шарда жаз басталғанда, оңтүстікте қыс болады.
Қысқы күн тоқырауы — 23-ші желтоқсан күні солтүстік жарты шардың көп жеріне көлеңке түсіп тұрады, ал оңтүстік поляр шеңберінің ар жағында поляр түні басталады. Күн көкжиектен көрінбейді. Бүл кезде солтүстік жарты шарда жыл маусымындағы түн күндізгіден ұзағырақ болады. Күн сәулелері оңтүстік тропикке тіке түседі де, оңтүстік жарты шарда жаз, ал оңтүстікте қыс болады.
Көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі. 21 наурыз бен 23 қыркүйек күндері жарық пен көлеңке шектері меридиандарды бойлап өтеді, демек, бүкіл жер жүзінде күн мен түн болады. Сәуле тік экваторға түседі. Екі жарты шар да жарық пен жылуды бірдей мөлшерде қабылдайды.
Дәріс тақырыбы: Литосфера
Дәріс жоспары:
1. Жер қабығы. Литосфера.
2. Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер.
3. Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер.
4. Минералды пайдалы қазбалар.
Жер қабығы. Литосфера.
Жер бетінен 1200 км-ге дейінгі тереңдікті алып жататын жер шарының тас қабығы литосфера деп аталады. Тас қабықтың шамамен 80-100 км тереңдіктегі үстіңгі бөлігі жер қыртысы деп аталады. Жер қыртысы гранит, базальт, әктас, қүм, саз т.б. көптеген жыныстардан тұрады. Жер қыртысының қалыңдығы материкте 30-80 км, ал мұхиттың астында 5-10км.
Алғашқы пайда болған жыныстарға магмалық жыныстар жатады. Олар балқыған сұйық силикатты массалар - магмалардың суып, қатуынан пайда болған. Шөгінді жыныстар борпылдақ, кейде цементтелген қиыршық құм тәрізді қатты жыныстан тұрады. Олар өсімдіктер мен жануарлар қалдығынан, организмдерден жиналған минералдық заттардан түзілген.
Метоморфоздық жыныстар геологиялық процестер негізінде жердің терең қабаттарындағы жоғары температура мен қысым әсерінен өзгеріске үшыраған магмалық немесе шөгінді жыныстар. Жердің сыртқы қабықтары жақсы зерттелген. Ал ғаламшардың ішінде не бар? Оның ішкі құрылысын біршама білеміз. Қазіргі уақытта ғылымға белгілі мәліметтердің негізінде ғалымдар Жердің кіндігінде ядросы бар, оның радиусы шамамен 3500 км деп жорамалдайды. Ядроны мантия «жамылғы» қоршап тұрады. Мантияның қалыңдығы шамамен 2900 км. Мантия затының температурасы өте жоғары болады да, ядроға бағытталған сайын арта береді. Мүндай температурада бұл зат балқыған күйде болуы тиіс еді. Бірақ тереңдеген сайын қысым да артатындықтан ол балқымайды. Сондықтан мантия заты ерекше иілмелі күйде болады. Өте тұтқыр бұл зат қысымның әсерінен баяу ағуы мүмкін. Мантияның үстіңгі бөлігі ғана кристалл күйіндегі заттардан түзілген.
Жердің кіндігіне жақындаған сайын температура мен қысым көтеріледі. Ондағы температура 3500°С шамасында болады.
Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер
Өзендердің биік құлама жоталарында, таулардың тік беткейлерінде және адамның қолымен қазылған қазан шұңқырларында тау жыныстарының әртүрлі орналасатыны көзге түседі. Тау жыныстарының қабаттары көлденең, көлбеу, қатпарлы орналасуы мүмкін. Жер қыртысы үнемі қозғалыста болады. Бір жерлерде ол жарылып жарықтар түзсе, екінші жерлерде жыныстардың көлденең орналасқан қабаттары қатпарларға соғылады. Қозғалыстар тербелмелі, толқын төрізді бір көтеріліп, бір түседі. Мысалы, Скандинавия түбегінің жағасы жылына 1 см көтеріледі. Ал Солтүстік теңіздің оңтүстік жағасы жылына 3 мм төмендейді.
Тербелмелі қозғалыстар нәтижесінде қүрлықтар мен теңіздер алып жатқан жерлер қайта өзгеріп отырған. Осы өзгеріске байланысты климат та өзгереді. Ол не теңіздік, не континенттік болады. Климат өзгерісі органикалық дүние мен топырақ қалпына да әсерін тигізеді. Жер қыртысының иілу процесі созылумен аса қабаттасып келеді. Ал кейде бұзылып отырады да одан опырықтар пайда болады. Опырықтарда дөңес жерлер немесе опырылмалы ойыс пайда болады. Жер бетіндегі таулардың көпшілігі Жер қыртысының кей жерлерінде қалыңдығы 12-18 км-ге дейін болатын шөгінді жыныстардан жинақталған қалың қабаттармен қоса, созылып жатқан теңіз-ойпаңдарында тау жасалу қозғалыстар нәтижесінде пайда болған. Көлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысады.
Қатпарлы зоналар жер қыртысындағы тербелмелі қозғалыстардың шапшаңдығымен сипатталады. Тік бағытта шапшаң қозғала алатын, қабаттары өте қалың болатын, вулкан әрекеті қызу дамитын белдік формасында созылып жатқан жер қыртысының қозғалғыш бөлігі геосинклиналъ деп аталады. Қатпарлық белдікте геосинклиналь да түзіледі.Нашар созылатын жыныстар орналасқан жерлердегі қатпарлылық әлсіздеу болып білінеді.Таулы аудандарда тік (вертикаль) қозғалыстар тезірек өтеді. Көлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысады. Жер қыртысыныңкейбір бөліктерінде табиғаттың қаһарлы құбылысы - жер сілкіну болып тұрады. Жер сілкіну төменнен және жан-жағынан әрекет еткен сілкіну әсерінен пайда болған жер қыртысының шапшаң қозғалысы. Жер сілкіну төменнен болса, сілкініс болған жердің үстіндегі заттар астаң-кестен болады. Ал сілкініс қиғаш соққан кезде олар көлденең бағытта жылжиды. Сілкіну бірнеше секундтарға созылады, бірақ олар бірінің артынан бірі бірнеше жылдар бойы жүруі мүмкін. Мысалы; Алматыдағы 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылды.
Жер сілкіну көбіне таулы аймақтарда және жер қыртысының 10-20 км тереңдігінде болады. Қазақстанда Оңтүстікте, ал Дүниежүзінде Орта Азияда, Қиыр Шығыста, Закавказияда, Оңтүстік Америкада жиі болады.
Дүниежүзінің әр түрлі елдеріндегі арнаулы станцияларда жер қыртысының «Мінез-құлқына» бақылаулар жүргізіледі. Жер қыртысының қозғалысын сезгіш аспаптар - сейсмографтар жазып отырады. «Сейсмо» -грек тілінен аударғанда жер сілкіну, « графо» - жазамын деген мағынаны білдіреді. Сейсмолог ғалымдар жер сілкінісінің күшін өлшеу үшін 1 баллдан 12 баллға дейінгі шкала құрастырады. 1-2 балдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, 5-6 баллдық жер сілкіну кезінде үйлерге жеңіл желпі зақым келеді, топырақта аздаған сызаттар пайда болады. 9 балдық жер сілкіну үйлерді қиратып, топырақта ені ондаған см-ге жететін жарық сызаттар түсіреді, таулар опырылып қүлайды. Ең күшті жер сілкіну 11-12 балл болады. Ол апатты жер сілкіну, онда жер бетіндегінің бәрі дерлік қирайды.
Жер сілкіну материктарда да, мұхиттарда да болып тұрады.
Жер сілкіну жиі болып тұратын аудандарда зілзалаға төзімді ерекше үйлер түрғызады. Мұндай үйлер 9-10 балдық жер сілкінуге шыдамды келеді.
Мұхит түбінің сілкінуінен толқындар - цунами пайда болады. Олар орасан зор қалаларды бірнеше секунд ішінде тас-талқан етіп жібереді. Цунами сағатына 400-800 км жылдамдықпен таралады. Толқынның биіктігі 30 метр-ге дейін барады. Жер сілкінгенде жер ішіндегі қабаттар ауысады да, жанартау (вулкан) әрекеті пайда болады.
Жанартаудың пішіні конус тәрізді. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылайды, жер бетіне төгілуі мүмкін. Магманың жоғары көтерілетін өзегі жанартаудың көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, жанартау тозаңдары, орасан зор күл және тас бұлттары, магма су кратері арқылы жер бетіне шығады. Жер бетіне шығып төгілген магма лава деп аталады. Лаваның екі түрі болады. Қышқыл лавалар (қүрамында кремий тотығы көп) тұтқыр, олар сағатына бес км қозғалады, ондағы газдар бөлінуі қиын болғандықтан қопарылыс жасап атқылайды. Негізгі лавалар сүйық, олар сағатына 20-30 км жылдамдықпен қозғалады. Жанартау атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі. Кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Жанартаудан шыққан күл атмосфераға ұшып барып оны бұлыңғырландырып күн радиациясын бәсеңдетеді, жердің бедерін өзгертеді.
Атқылаудың екі түрі бар - сызатты және орталық. Негізгі лаваның сызатты атқылаулары ылғи тасқындап құйылады, мұндай атқылаулар Сібірде, Үндістанда, Америкада байқалған. Қазіргі уақытта сызатты атқылаулар Исландияда болады. Атқылап тұратын жанартаулар 600-ге жуық, сөнгендері - одан әлдеқайда көп.
Вулканды жерлер жер сілкіну аймаңтарына дөп келеді. Мұның өзі бұл құбылыстардың өзара байланыстылығын дәлелдейді. Жер қыртысы қабаттарының сызаттарын бойлай көтерілген лавадан жанартаулардың атқылауы пайда болады. Адамның көз алдында атқылап жататын жанартаулар сөнбеген жанартаулар деп аталады. Олардың саны 800 ден астам, ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы Камчатка түбегінде орналасқан. Атқылауы жөнінде ешқандай мағлұматтар сақталмаған жанартаулар - сөнген жанартаулар. Кавказ тауларының ең биік шыңы Эльбрус -сөнген жанартау. Кейбір жанартаулы аудандардағы жер асты суының температурасы жоғары болады және оның құрамында еріген түрде алуан түрлі түздар мен газдар кездеседі, яғни бұл минералды су болып табылады. Мұндай су жер бетіне шығып бүлақтар, жылғалар, өзендер түзеді. Олар кейде ыстық бұрқақ болып тіке көтеріледі. Бұрқақ атқылайтын бұлақтарды гейзерлер деп атайды.
Мысалы, Камчаткадағы Великан гейзері диаметрі 5 метрлік су ағысын әрбір 5-6 сағат сайын 40-50 м биіктікке атқылайды. Адамдар ыстық суды жылытуға, ал минералдық суды емдеуге пайдаланады.Ішкі күштердің әрекеті Қазақстан аумағында тау түзілу процестері, биік таулы аудандардың шетіндегі болатын көтерулер мен төмен түсулерден байқалады. Бұған тау бөліктерін терең тілімдеген жас өзен аңғарларының болуы айғақ. Сондай-ақ Қазақстанның биік таулы жүйелеріне тән, кейде өте күшті жер сілкінулерде тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Мысалы, 1887 жылғы маусымда және 1911 жылы қаңтарда жердің күшті сілкінуінен Алматы қаласы бұзылды. Мүндағы жер сілкіну күші 10 балға жетті. Жер сілкінуден тау опырылып, тастар домалап, жер қыртысында жарықтар пайда болды.
Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер
Сыртқы күштер таулар мен қыраттарды үздіксіз бұзып, тасымалданған жыныстар мен ойыстарды толтырып, тегістейді.
Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында әсері зор болды. Мұз басудың қалдырған іздері қарлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер, т.б. биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін қалыптастыруда ішкі күштер ішіндегі бастысы ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды.
Сондай-ақ Республикада жел әрекеті де едәуір. Жел құмды үшырып, жыртылған егістіктегі топырақты суырып, шаңды дауыл көтереді.
Күн энергиясының әсерінен магмалық жыныстар бүлінеді де оның сынықтары төмен түсіп өзендерге, көлдерге, теңіздерге шығарылып, шөгінді жыныстар мен минералдар түзеді. Құрлықты жаңбырдың, өзендердің, теңіздердің сулары шайып өтіп отырады.Олардың әрекетінен кішкене жыра үлкен жыраға айналады. Жыра әдетте, қыраттардың өсімдігінен айырылған жалаң бет-кейлерін су жырғанда пайда болады. Ол шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді; тарамданып өсе берсе егістіктің, бау-бақшаның орнын тілімдеп бүлдіреді. Жолды, үйлерді бүзады. Сондықтан жыраның пайда болуына және ұлғаюына күрес жүргізіледі. Оның өсуін тоқтату үшін ұсақ қиыршың тас, көң, қоқыс төсейді, түбіне шым тастап, бұта ағаш отырғызады. Толқындар теңіз жағалауларын бүлдіреді. Температураның ауытқуынан және басқа да күштерден жер бетінде жарықтар пайда болады. Жер бедерін көп бүлдіретін - жер қағу мен өзен эрозиясы.
Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді, жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.
Минералдар. Пайдалы қазбалар
Минералдар — бүл табиғи химиялық реакциялар нөтижесінде жер қыртысында түзілетін химиялық қосылыстар. Көптеген жағдайларда минералдар Жердің тау жыныстарының әр түрлі үйлестіктерін құрайды.
Пайдалы қазбалар органикалық және бейорганикалық заттардан пайда болады. Халық шаруашылығында олар табиғи немесе өңделген (теміркені) күйінде пайдалануы мүмкін. Олар сұйық, қатты, газ тәріздес болып келеді. Пайдалы қазбалардың негізгі үш тобы бар:
Кенді пайдалы қазбалар (темір, мыс, қорғасын, алтын);
Жаңғыш пайдалы қазбалар (көмір, мүнай, газ);
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (фосфорит, мәрмәр, әктас, түз)
Пайдалы қазбалар жердің әр қабатында әр түрлі тереңдіктерде болады. Осыған байланысты олардың кендерін шахталар мен кеніштерден немесе ашық тәсілмен карьерлерден өндіреді.
Дәріс тақырыбы: Гидросфера
Дәріс жоспары:
1. Дүниежүзілік мүхит.
2. Теңіздер. Мұхиттар мен теңіздер суының қозғалысы.
3. Құрлық суы.
4. Өзендер.
5. Көлдер мен батпақтар.
Ең үлкен Тынық мұхит - Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұның көлемі -180 млн. км2.
Тынық мұхиттың шегі түбінің беткі құрылысы бойынша анықталады. Тынық мұхитты түбінің беткі құрылысы жағынан үш бөлікке (батыс, орталық және шығыс) бөлуге болады.
Батыс жағы шығысынан тереңірек келеді. Оған материктік шеттік геосинклинальдік теңіздер: Беринг теңізі, Охот теңізі, Жапон теңізі, Шығыс және Оңтүстік Қытай теңіздері, Коралл теңізі және Фиджит теңіздері кіреді. Батыс бөлігіне Филиппин қазан шүнқыры, Жапон және Мариан таулары жатады. Мұхиттың ең терең жері-11034 м.
Тынық мұхиттың орталық жағы - басқаларымен салыстырғанда ең үлкені, оның су астындағы рельефінің алуан түрлі формалары күрделі байланысты болады.
Тынық мұхиттың шығыс жағалауларында материктік тайыз сулар өте аз, жағалауға материк беткейінің тік және биік жарлары үнемі жақын келіп жатады.
Атлант мүхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші. Оның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы Тынық мұхиттың ұзындығымен бірдей, бірақ ені тар.
Атлант мұхиттың ең терең жері - 9219 м - бүл Тынық мұхиттан кейінгі тереңдік. Атлант мұхитының Орталық жотасы - бұл солтүстіктегі Ирландия аралдарынан оңтүстіктегі Тристанда-Кунья аралдарына дейін созылып жатқан орасан зор таулы жота. Жота Африканы айналып, өтіп, Тристанда Кунья аралдарының оңтүстігінен шығысқа қарай созылады да, үнді мұхитымен жалғасады. Орталық жотаның солтүстік жағы жақсы зерттелген. Орталық жота мүхит жазығынан 3500-4000 м биіктікте, оның ені 550-900 км-ге дейін жетеді. Су астындағы жанартау атқылауынан пайда болған таулар мұхит жазығының бетін бүлдіреді. Жазықтарды мұхит түбінің көтеріңкі жерлерінен сырғығын шөгінділер жауып жатады. Үнді мұхиты Атлант мұхитынан кіші. Бірақ оның алып жатқан көлеміне үш материк - екі Америка мен Африка еркін сыйып кетеді. Ал мұхит алғашқы оңтүстік жарты шарда орналасқан. Үнді мұхиты су асты бедері жағынан айқын екі бөлікке (батыс және шығыс) бөлінеді. Мұхит түбінің батыс жағының бедері су астындағы шоң-ғалдар ажыратып жатқан әр түрлі тереңдіктегі көптеген ойыстар болып табылады. Шығысында кең көлемді су асты жазықтары көп болады. Антарктида жағалауларын бойлай тереңдегі 1400 м-ге дейін жететін науа созылып жатыр. Үнді мұхиттының ең терең жері - 7450 м.
Солтүстік мұзды мұхит басқа мұхиттардың бәрінен айтарлықтай кіші. Тынық мұхиттан 14 есе үлкен. Ол ғаламшарымыздың Қиыр солтүстігіне орналасқан, сондықтан оның жағасының бәрі оңтүстікке бағытталған.
Солтүстік Мұзды мұхитын (13,10 млн.км2.) Атлант мұхитының солтүстік бөлігінен бөліп жататын табиғи шек бар. Бұл шек Солтүстік Батыс Еуропадан Исландия Гренландияға дейін созылып жатқан Фарер-Исланд және Исланд-Гренланд су асты теңіздерінің мұхиттық бассейндерін шектеп жатады. Гренланд теңізінің солтүстік шегі Шпицбергеннің солтүстік - батысынан Гренландияға дейін баратын Нансен шоңғалымен аяқталады. Норвегия теңізінің де солтүстігі Мон шоңғалымен шектелген тұйық ойыс. Солтүстік Мұзды мұхитқа төн сипат - оның бір-бірінен су асты жоталары арқылы оқшауланын жататын жеке-жеке мұхит ойыстарына бөлінуі.
Ломоносов жотасының өте-мөте биіктеу жағы 1000 м-ге жетіңкіремейтін тереңдекте жатады. Ломоносов жотасы мен оның шығысына қарай жалғасқан Менделеев жотасы аралығында орталық жағының тереңдігі 4000 м-ден асатын Макаров қазан шұңқыры бар.
Менделеев жотасы Ломоносов жотасынан ендірік және оның үстіңгі бетінен есептегенде су тереңдігі 2000 м-ден асады. Менделеев жотасының шығысына таман тереңдігі 3000-4000 м жағалауын жалпақ, ал Аляска жағалауын жіңішкерек қайраңды жер жиектеп жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың ең терең жері - 5220 м. Бұл - ең тайыз мұхит. Солтүстік Мұзды мұхит суы астындағы материктік қалың мұз қабаттарымен қоса қайраңның болуы, бір кездерде мұнда құрлық болғандығын дәлелдейді.
Мұхиттар шекарасының бөлігі материктер мен аралдардың жағасына сәйкес келеді. Олар бір-бірінен еркін жалғасатын жерлерде, олардың шекарасын жүргізу қиын.
Теңіздер. Мұхиттар мен теңіздер суының қозғалысы
Теңіз — мұхиттың бір бөлігі. Суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен оның мұхиттан айырмашылығы болады. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (Саргас теңізі, Фиджи теңізі).
Материкке қатысты жағдайына қарай теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді. Материкке іштері еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі). Материктердің шетінде орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Оған Беринг, Қар теңіздері жатады.
Шығанақ (залив) — мұхиттың (теңіздің) бір бөлігі, ол құрлыққа тереңдеп еніп жатқанымен, мұхитпен (теңізбен) еркін жалғасады. Шығанақтар Бискай, Бенгал суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен мұхиттан айырмасы аз. Кейбір шығанақтарды, Мысалы, Мексика шығанағын теңіз деп айтуға болады.
Дүниежүзілік мүхиттың бөліктері өзара бүғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз (пролив) екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағаларын шектеп түрған айтарлықтай енсіз су айдыны.
Мұхиттың немесе теңіздің 200 м-ге дейінгі тереңдіктегі су түбін материктік қайраң деп атайды. 200 м-ден 2500 м тереңдікке дейін материктік беткей болады. 2500 м-ден 6000 м-ге дейінгі тереңдік мүхит түбі болады. 6000 м-ден астам тереңдіктер терең су ойыстары немесе науа болып табылады. 5000 м-ге дейінгі тереңдікте мұхит түбін бақалшақтар мен бір клеткалы жәндіктердің қаңқаларынан тұратын тұнба алып жатады. Өте терең аймақтардағы мұхит түбінде ауа мен теңіз ағыстары айдап әкелетін жанартаулық тозаңдардың ыдырау өнімдерінен құралған қызыл саз болады.
Мұхит жан-жақты зерттеледі. Судың қасиеттері, оның әр түрлі тереңдіктегі қозғалысы, теңіз ағзаларының ерекшеліктері және олардың таралуы анықталады, тереңдіктер өлшенеді, су түбіндегі шөгінділерден үлгілер алынып зерттеледі. Мұхит түбінде 10-20м тереңдікте су асты лабораториясы үйлерін салады, судың терең қабаттарын зерттеуде әр түрлі сүңгуір аспаптар пайдаланылады. Батискафты сүңгуірді дирижабль деп атайды. Сүңгуірлер скафандр киеді (екі баллон, маска, жарғақ аяқ).
Теңіз суында оған кермек тұзды дәм беретін әр түрлі тұздар ерітіндісі болады. Су тұздылығын теңіз суының 1000 л болатын тұз мөлшерімен анықтайды да, промилле деп аталатын немесе %0белгісімен белгіленетіні өлшемнің шыққан бір бөлігімен өлшейді. Тұщы судың тұздылығы 1%0-дан кем. Дүниежүзілік мұхит суында жер бетіндегі белгілі заттардың бәрі еріген, бірақ олардың мөлшері әр түрлі. Барлық еріген заттардың 4/5-ін ас тұзы қүрайды. Магний тұзының әсерінен судың дәмі ащы болады. Мұхит суынан өте аз мөлшерде болса да алюминий, мыс, күміс, алтын табылған. Мысалы, 2000 т суда не бары 1 грамм алтын бар.
Мұхит суының тұздылығы барлық бөлігінде бірдей емес. Өзендер құйылатын материк ішіндегі теңіздер суы онша тұзды болмайды. Қара теңіз суының тұздылығы 14-19% 0, Балтық теңізінікі 8-12% 0. Құрғақ климатты аймақтардың аралығындағы теңіздер суының тұздылығы жоғары: Жерорта теңізі - 38-39% 0 қызыл теңізінікі - 41 %0. Су тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, өзен суының құйылуына, мұзтаулардың (айсберг) еруі мен судың булануына байланысты болады.
Мұхит күн көзінен көп жылу алады. Күн сәулелері судың тереңдігі не бары бірнеше метр болатын үстіңгі қабатын ғана қыздырады. Судың үнемі араласуы нәтижесінде жылу бүл қабаттан төмен қарай ауысады. 1000 метрден тереңде оның температурасы әрқашан 2-3°С. Мұхит түбіндегі жер қыртысының жарықтарынан кейде ыстық су шығатыны анықталды. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың бірінің температурасы 400°С. Мұхит бетіндегі ең жоғарғы температура экватор маңында 27°-28°С, ең төменгі температура поляр аймақтарында - 1° -2°С. Мұхит суы -2°С температурада қатады. Солтүстік жарты шардың көп бөлігін материк алып жататындықтан дүниежүзілік мұхитының солтүстік жағы оңтүстігіне қарағанда жылырақ болады. Поляр теңіздерінде мұздың ең қалыңдығы 3 м-ге жетеді. 1400 метр тереңдікте температура тұрақты +1° +4°С Солтүстік мұзды мұхит теңіздеріндегі мұздар ағын мен жер әсерінен үнемі ңозғалып жүреді-ығады. Мұздар жылжыған кезде жарылады, қозғалған мұздар бірінің үстінен бірі шығып мұз тауы - айсбергтер пайда болады.
Желдің әсерінен теңіз бетінде толқындар пайда болады. Толқындардың биіктігі күшті жел соққанда 10-15 метрге дейін жетеді. Теңіз жағалауындағы толқындардың төменгі жағы су түбіне соқтығысатын болғандықтан баяу қозғалады да, жоғары жағы жағалыққа үмтылып, суда толқын пайда болады. Жер сілкінуде немесе су түбіндегі жанартаулардың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды, жылдамдығы 700-800 км/сағ, биіктігі 10-50 м зор күшпен келіп сағатын цунами кемелерді жағаға лақтырады, құрылыстарды қиратады, қайтқан кезде жолында кездесетін нәрсенің бәрін мұхитқа әкетеді.
Жел жоқ, судың беті тып-тыныш болса да, теңіздер мен мұхиттарда су аласа жағалауларға жайылып, тәулігіне екі рет көтеріледі, екі рет төмен түседі. Бұл көтерілу мен қайту. Олар өзен тасқындарын теңізге шығарып, өзен сағаларын ңазып, биік жағалауларды білдіреді.
Көтерілу мезгілінде қайықпен жүзіп балық аулауға, судың қайтуы кезінде балдырларды, теңіз жануарларын жинауға болады. Судың көтерілуі мұхит суын айдың тартуына байланысты. Көтерілудің басталу уақыты мен оның биіктігі барлық жерде және әрқашан да бірдей емес. Толысу биіктігі Ақ теңізде 12 метр, Балтық, Қара теңізде бірнеше сантиметр.
Су көтерілуі қуатын пайдалану үшін электр станциялары салынуда. Мысалы, Мурманск маңындағы электр станциясы.
Мұхиттық ағыстар дегеніміз - бүл судың көлденең бағытта үлкен қашықтыққа орналасуы. Оларды көбіне мұхиттағы өзендер деп атайды. Олардың айқын шекарасы жоқ. Ағыстар тармақтарға бөлінеді, өзара қосылады, иіледі.
Гольфстрим - жылы ағыс. Мексика шығанағынан ағып шығатын және солтүстік Африка жағасынан жел айдап әкелетін судың қосылуынан пайда болған. Ұзындығы 3000 км, жылдамдығы 10 км-ге дейін жетеді. 45 с.е.-те гольфстрим Солтүстік Атлант ағысына да ауысады. Оның суының бір бөлігі Солтүстік мұзды мүхитқа қарай бағытталады. Олардың әсерінен Варенц теңізі қатпайды.
Солтүстік мұзды мұхиттан Атлант мұхитына, Лабрадор түбегінің жағасынан бойлай суық Лабрадор ағысы өтеді.
Мұхит бетінде ағыстардың тууына түрақты соғатын желдер себепші болады. Осыған орай, мұхиттар барлың ағыстардың ең ірісі Батыс желдер ағысы деп аталады. Бұл ағыстың ұзындығы 30 мың км, жылдымдығы 3,5 км/сағ. Экватордың екі жағынан шығыстан-батысқа қарай солтүстік және оңтүстік пассаты ағыс алады.
Мұхиттар мен теңіздер тіршілікке өте бай. Олар: балдырлар, балықтар, сүтқоректілер (итбалық, теңіз ңүнды-зы, киттер, дельфиндер) шаян тәрізділер, үлулар, құрттар, маржандар. Ең ірі кит - көк кит, салмағы
30 тоннадан 150 тоннаға дейін жетеді. Балдырлар -адам үшін бағалы азық-түлік өнімі, жақсы мал азығы, тыңайтқыш, көптеген дәрілер алуға қажетті шикізат. Олардан қағаз, мата, бояу, сия және басқа да көптеген заттар өндіруге болады.
Мұхиттағы тіршілік азайып кетпеуі үшін оларды шексіз алуға болмайды. Су астындағы фермаларда балдырлар мен устрицаларды, шаяндарды өсіру керек. Мұхит суының ластануымен күрес жүргізу өте қиын, сондықтан ең алдымен оған жол бермеу керек. (Теңіз мұнай өнімін алу, кемелерді тиеу, түсіру, оларды жуып тазарту, кейде апаттар салдарынан ластанады).
Дәріс тақырыбы: Атмосфера
Дәріс жоспары:
1. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфераның жылынуы.
2. Атмосфералық қысым.
3. Ауа массалары мен фронттар.Циклондар мен антициклондар.
Атмосфераның қүрамы мен қүрылысы. Атмосфераның жылынуы
Атмосфера — жердің газ тәрізді қабығы. Бұл жер қабаттарының ішіндегі ең жоғары және тығыздығы ең осал қабық. Ол ауа деп аталатын газдардың қосындысынан түрады.
Атмосфераның төменгі шекарасы - жер беті, бірақ ауа жыныстардың сызаттары мен саңылауларына да енеді. Атмосфераның айқын байқалатын жоғарғы шекарасы жоқ және ол біртіндеп ғарыш кеңістігіне өтеді. Мұндай шекараны шартты түрде 3000 км биіктікте жүргізеді. Жердің тартылыс күші жібермейтіндіктен ауа таралып кетпейді.
Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады. Теңіз деңгейіндегі 1 м3 ауаның массасы 0°С температу-ра кезінде 1 кг 293 граммға тең болады. 12 см биіктікте 310 грамм ғана, ал 40 км биіктікте небары 4 грамм болады. Биіктеген сайын ауаның тығыздығы ғана емес сонымен қатар температурасы да, ылғалдығы да өзгереді.
Атмосфера 5 сфераға бөлінеді. Ең төменгі қабаты тропосфера. Онда барлық ауа массасының 80% жынысы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат. Биіктігі полюстерде 8 км, экваторда 20 км, барлық су буы тро-посферада жинақталған. Ауа райының құбылыстары да дамиды. Жерге таяу қабатта жергілікті климаттың негізгі ерекшеліктері байқалады. Жоғары көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, жоғары шегінде - 50 °С - 60 °С-қа жетеді.
Тропосфера ауасы 78, 08 % азоттан, 20,95% оттегінен, 0,93% аргоннан, 0,03% көмірқышқыл газынан және басқа газдардан қүралады.
Тропосферадан кейінгі тік бағытты қабат - стратосфера. Онда су буы жоққа жақын, ауа алмасуы болмайды, биіктігі 50-60 км, экваторлық зонада төменгі температурасы -76°-80°, орта ендіктерде -51°-61°, жоғарғы ендіктерде -64°-68°. 50 км биіктікте +10° +30°. Озон күннің организмге зиянды ультракүлгін сәулелерін сіңіріп алады. Стратосфера қабатының үстінде, 80 км биіктікте мезосфера жатады. Онда бұлттар болады. Олар мұз кристалдарынан қүралған. Онда температура өте төмен. Мезосферадан жоғары 100 км-ге дейінгі биіктікте ионосфера жатады. Онда ауа өте сирек, электрондар көп, магниттік дауылдар болады. Биіктігі 800 км-де температура 100°-қа жетеді. Сондықтан ол сфераны кейде термосфера деп те атайды.
800-1000 км-ден жоғары болатын атмосфераның қабатын экзосфера деп атайды. Мүнда газ бөлшектерінің қозғалуы өте жылдам.
Атмосфера жерді күндіз күн сәулесінен қатты қыздырмайды, түнде өте суытпайды. Жерді метеориттерден сақтайды, олардың көбі жер бетіне жетпей жойылып кетеді. Адамның шаруашылық әрекеті әсерінен ауа жылдан-жылға ластанып барады. Ол үшін ірі кәсіпорындарда газ және түтін тұтқыштар орнатылады. Ағаштар ауадағы оттегі мөлшерін арттырып, қала қоймасынан ондағы шаң-тозаңдарды азайтатындықтан қалаларда жасыл желектер көп отырғызылады. Қазіргі уақытта атмосфера бүкіл дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның басшылығымен зерттеледі. Бүл ұйымға көптеген елдер кіреді. Автоматика, радио, электронды есептеуіш машиналар секілді ең жаңа құралдарды қолдана отырып, матералды жинау және өңдеу бағдарламасы жасалған. Жер бетінде метеорологиялық станциялар салынған. Бақылаушылар температураны, желдің бағыты мен жылдамдығын, бұлтты, жауын-шашынды анықтайды. Қиын (шөлді, таулы, мүзды) аймақтарда автоматты радиометеорологиялың станциялар жүмыс істейді. Мұхиттардағы станциялар қалқыма платформаларда орналасқан, оларды арнайы зәкірлер үстап тұрады. Әрбір ұшақ пен кемеде де гидрометеорологиялық ақпарлар орнатылған.
Атмосфера қабаттарын радиозондтардың көмегімен зерттейді. Метеорологиялық ракеталар 120 км биіктікке дейін көтеріледі. Атмосфераны 400-500 км-ге дейін зерттейді. Ғарышкерлер бақылаулар жүргізеді. Жердің жасанды серіктері 200 км-ге дейін атмосфераның жан-күйін зерттейді.
Атмосфераға түскен күн жылуы ішінара атмосфераға сіңеді де көбі жер бетінен бүлтқа өтеді. Ауаға көтерілген шаң күн сәулесімен жылынады да, ауаның температурасын күшейтеді. Күн сәулесінің түсу бұрышы жер ендігіне, күннің тәуліктегі және жыл бойындағы көкжиектен көтеріліп көріну биіктігіне, сондай-ақ жер бетінің пішініне байланысты болады. Күнге қатты қызған жер беті өзі де жылу тарататын болады.
Атмосфераның температурасы: оның төменгі қабаты жер бетінің жылуынан қызады. Жыл бойындағы сияқты тәулік бойында ауаның температурасы қатты өзгеріп түрады. Қандай жердің болса да климатын сипаттау үшін ауа температурасының ұзақ мерзімдегі 30-50 жылға орта есеппен алынған айлық және орташа жылдық көрсеткіштері болуы керек. Ауа температурасы тәулігіне 4 рет: сағат 1-де, 7 де, 13-те, 19-да өлшенеді, солардың қосындысын 4-ке бөледі. Орташа айлық температура өлшену керек. Тәуліктің ішіндегі ең жоғарғы және ең төмен температура арасындағы айырмашылықты температура ауытқуының тәулік амплитудасы дейді. Температура-ны термометр арқылы өлшейді. Термометр жер бетінен 2 км биіктікте орнатылған арнайы күркенің ішінде болады. Оған ауа еркін өтеді, бірақ күн сәулесі түспейді. Өзі жазатын аспап термографта орналасады.
Жылдың ішіндегі ең жылы ай мен ең соңғы айдың орташа температурасы арасындағы айырмашылық ауа температурасының ауытқуының жылдық амплитудасы деп аталады.
Жер бетіндегі температурасы бірдей жерлерді қосатын сызықтар изотермалар деп аталады. Оны былай атауға болады.
Жазғы және қысқы температура экватордан полюстерге қарай төмендейді.(бүл күн радиациясының келуімен сәйкес келеді.)
Оңтүстік жарты шарда изотермалар бір қалыпта (мүхит үстінен өтеді.)
Мұхитқа қарағанда бір ендіктегі құрлықта жазда жылырақ, қыста суығырақ болады.
Құрлықта изотермалардың бұрмалы себептері: жер бетінің, жергілікті жердің биіктігіне байланысты
Теңіз ағындарының әсерінен материктер жағалауларында изотермалар иіледі.
Теңіздегі температура құрлыққа қарағанда тұрақтылауболады.
Тропиктік белдіктерде қыс пен жаздың температурасының айырмашылығы аз болады.
Атмосфералық қысым
Ауаның массасы мен салмағы болады, ол жер бетіне қысым түсіреді. Ауаның жер бетіне, ондағы барлық заттарға түсіретін күші атмосфералық қысым деп аталады. Ауа қысымы теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 760 мм болатын сынап бағанасының салмағына тең. Ауаның қысымын барометр деген аспаппен өлшейді (барос-ауырлық, метр-өлшемі). Барометрдің сынап барометрі және анероит (сұйықсыз) деп аталатын негізгі екі түрі қолданылады. Жылу мол жерде ауа қысымы төмендейді. Салқын аймаңтарда ауа ауыр. Ауа қысымы жоғарғы аймақтардан төмен аймақтарға қарай қозғалып отырады. Ауаның көлденең бағыттағы қозғалысы жел. Желдің күшін балмен анықтайды. Тұнық болса 0-ге тең, жапы-рақтарсөл қозғалса баяу жел дейді. Оны 1-5 балмен анықтайды. Желдің бағытын түстармен айтады: Б, Ш, О, С. Ауа мөлдір, әрі түссіз болғанымен, біз қашанда оның бар екенін білеміз, өйткені оның қозғалысы желді сеземіз. Теңіз жағасында бриз деп аталатын жел соғады. Күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге қарай соғатын желдің бағыты мен жылдамдығын жел баққыштың көмегімен бақылайды.
Адамдар жел күшін пайдаланады. Желдің күшімен электр тогы өндіріледі. Желдің зияны да бар. Жерді кептіреді, топырақты бұзады, мұхит пен теңізде толқындар көтереді.
Жер бетіндегі атмосфералық қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықтар изобарлар деп аталады.
Тропосферада әрқашан су буы болады. Олар түрлі температура жағдайында құрлық бетінен, қар мен мұздан, өзендер мен су қоймаларынан буланудың нәтижесінде ауаға көтеріледі. Ауданы 13м су буының мөлшерін абсолют ылғалдық деп атайды. Ол граммен көрсетіледі. Қыс бойында қар қабаты түзіледі. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін қар өлшеуіш рейканы пайдаланады. Ол жерге тігінен тұрғызылатын әр беті см-ге бөлінген жұқа тақтайша болып табылады. Ол топырақтың бетінен қардың бетіне дейінгі аралықты өлшейді.
Ауа массалары мен фронттар. Циклондар мен антициклондар
Тропосфера ауасы жеке-жеке ауа массаларына бөлінеді де, жердің бір аймақтары мен екінші аймақтарында араласып жатады. Бұл кезде олардың өзіндік ерекше қаситеттері сақталып қалады. Ауа массаларының мөлшері орасан зор болады және мыңдаған км-ге созылады. Ауа массаларының қасиеттері (температура, ылғалдылық, құрамында шаңның болуы) сол ауа массасының қалыптасу кезіндегі жер аймағына байланысты.
Ауа массалары төрт түрлі болады: арктикалық ауа (оңтүстік жарты шарда антарктидалық) мұз бен қардан қалыптасады да, суық, мөлдір және ылғалы аз болады.
Полярлық ауа - құрлықта жазда ыстық, қыста суық, теңізде жазда салқын, қыста жылымық.
Тропиктік ауа - теңізде, континентте массалар жоғары болады.
Экваторлық ауа - температурасы мен ылғалдылығы жоғары.
Ауа массаларының шекарасында өтпелі зоналар болады, Оларды фронт деп атайды, оның ұзындығы мыңдаған километрге созылып жатады. Егер жылы ауа массасы суық ауа массасын басатын болса, онда мұндай фронтты жылы фронт деп атайды. Егер суық ауа массасы жылы ауа массасын басса, суық фронт пайда болады. Ауа райының құбылыстары фронтарға байланысты. Фронт зоналарындағы ауаның биіктікке көтерілуінен бұлттар пайда болады, одан жауын жауады. Фронттың екі жағындағы ауа массаларының толқындарынан атмосфералық ұйытқы - циклондар мен антициклондар пайда болады. Циклондар және антициклондар - бұлар тропиктен тысқары орта ендіктерге тән атмосфералық ауа құйындары. Циклон ортасында қысым төмен, ал шеткі жағында жоғары болады. Циклондар әсерінен жаз айлары бұлыңғыр, жауын-шашынды болады да, қыста жылымықтанып, қар жауады. Антициклон орталығында қысым жоғары болып, шетіне жақындаған сайын төмендейді. Антициклон әсерінен ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, жазда ыстық, қыста аязды болады.
Экватордағы жылы ауа қысымы жоғары көтеріліп, оңтүстікке, солтүстікке қарай жайылады. Тропосфераның биік қабатына көтерілген ауа көлемі салқындайды, 30 параллельде төмен түседі. Бұл ауа тасқыны тропиктік ендіктерден экваторға қарай соғатын желдер. Оларды пассаттар дейді.
Маусымдық ауа ағыстары болады. Олар қыстан жазға қарай бағыттарын ауыстырады. Оларды муссондар дейді.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қыста ауа қы-сымы 768-770 мм антициклон келеді, жазда Түраннан циклон келеді. Жауын - шашын солтүстікте 295 мм, оңтүстікте 190 мм, қардың биіктігі 25-15 см, температу-ра қысымы С —19 градус (-42 градус), 0-37 градусқа барады, жазда температура С + 24градус, 0 +26 градус (+40 градус).
Дәріс тақырыбы: Сұлба және карта
Дәріс жоспары:
1. Бағдарлау
2. Сұлба
3. Географиялық карта, глобус
Егер адам көшеге, егістікке, орманға, далаға шықса айналасынан - алдынан артынан, оңынан, солынан -жерді және ондағы әртүрлі нәрселерді көреді. Айналада көрініп тұрған жер көкжиек деп аталады. Егер ашық жерде тұрып төңірегіне көз жіберсе, ортасында түрғанда көкжиек дөңгелек пішінді болып көрінеді. Көз үшындағы аспан мен жер түйісіп түрғандай болып көрінетін жердегі сызықты көкжиек сызығы деп атаймыз.
Көкжиек сызығы Көкжиекті шектеп түрады. Көкжиек пен көкжиек сызығы кез келген жерде, теңізде айқын көрінеді.
Көкжиек тұстары бойынша өзің тұрған жерді және қажетті жүру бағытын бағдарлау деп атайды. Бағдарлаудың бірнеше әдісі бар: күнмен бағдарлау. Талтүсте күн көкжиектің оңтүстігінде тұрады.
Ал кез келген уақытта бағдарлау үшін гномон құралын қолданады. Дөңгеленген шағын алаңды құм төгіп,тегістейді. Оның орталығына жер бетінен есептегенде биіктігі 1 м болатын етіп таяқ орнатады. Талтүсте гномоннан түскен көлеңке солтүстік бағытты көрсетеді. Көлеңке бойынша құмға сызық жүргізеді. Оның бір ұшы - көк, екінші ұшы - қызыл. Нұсқар түбінде циферблаты бар. Циферблаттың көкжиек тұстары әріптерімен белгіленген. Кейбір компастарда нұсқар тұрақтандырғышы болады.
Компасты беті тегіс затқа қою керек. Тұрақтандырғышын ашып, нұсқарды тыныштық күйге келтіру керек. Нұсқардың көк ұшы циферблаттағы С әрпіне, қызыл ұшы О әрпіне келгенше бұра береміз. Сосын тұрақтандырғышты бекітеміз. Найзағайлы жаңбыр кезінде электр тогы берілетін жер мен темір жол маңында компас жұмыс жасамайды. Жергілікті белгілермен бағдарлауға да болады. Ашық жерде жеке өскен ағаштың бір жағының жапырағы мен бұтағы екінші жағына қарағанда қалың болып малынып түрады. Саңырауқұлақтар түбірдің, ағаштың бұтасын солтүстік жағынан сағалайды. Құмырсқа илеуін ағаштардың О жағына салады. Егер илеуі ашық жерде тұрса, оның оңтүстік бейнесі солтүстігіне қарағанда түйетайлы келеді. Қыналар, мүктер көбінесе ағаштардың, түбірлердің, тастардың солтүстік жағынан орын тебеді.
Жерді ғарыштан немесе ұшақтан ғана емес, сондай-ақ жер бетінде тұрып өлшеуге болады.
I әдіс: Екі адам бір-бірінен 15-20 м қашықтыққа кетеді, олардың қолдарында рейка (тақтайша). Үшінші адам өзінің рейкасын қашықтық ортасына қояды. Соңғы рейка басқа екеуін жауып тұру керек. Тағы да екі кісі соңғы рейкалардың арасына жіп тартады. Жіпті қадаммен, рулетпен өлшеуге болады.
II әдіс: Көзбен өлшеу. Тек еске алу керек. Үлкен заттар жаңын көрінеді, кішкене заттар (өзеннің жағасы)алыс көрінеді. Тұманды күні қашықтықтар алыс көрінеді. Сондықтан көзді үйрету керек.
III әдіс: Егерде биіктігі мен ұзынын білсең, масштабына сызғышты алып созулы қолыңмен қандай бөлімдері үйді, затты жауып түрғанын қарайсың. Мысалы, екі қабат үйдің х - биіктігі 10 м, ал осы биіктік 2 см-ді жауып түр. Онда өлшеген қашықтықтарымызды қағазға түсіру керек, ол симайды. Масштаб арқылы оның қашықтығын кішірейтеді. Мысалы, 1 см = 10 км. Жердегі қашықтық метрмен немесе километрмен көрсетіледі.Сандық масштаб - алымы бірлік, ал бөлімі – сұлбадағы қашықтықтың жердегі қашықтықтан неше есе кіші екенін көрсететін сан, 1:500 (бес жүзден бір) 1:1000 (мыңнан бір) деп оқылады. Бөлшектің бөлімі неғүрлым үлкен болса, масштаб соғүрлым кіші болады. Атаулық масштаб 1 см-де-10 м деген жазу. Сызықтық масштаб бұл тең бөліктерге бөлінген түзу сызық. Сызықтың әрбір бөлігіне оған жер бетінде сәйкес келетін қашықтықты жазады. Сұлбадағы көрсетілген обьектілердің қашықтығын циркульмен өлшеп, сызықтың масштабына салады.
Сұлба дегеніміз - өзіміз төбесінен қарағанда көргендей етіп нәрсені бейнелеген сызба. Сұлбада жердегі обьектілер шартты белгілермен бейнеленеді. Шартты белгілер заттардың өздеріне ұқсас. Сұлбада солтүстік жоғарыда, оңтүстік төменде болады. Көкжиекті нұсқармен (стрелка) көрсетеді. Сұлбада объектілердің қашықтығын өлшеуге болады. Олар бір-бірінен қандай тұста тұрғанын айтуға болады.
Сұлба адамның табиғатты зерттеп, шаруашылықты жүргізуі үшін, туризм үшін, өз өлкеңді танып білу үшін қажет.
Жер сұлбасын сызғанда масштаб қолданылады. Мысалы, 1 см -100 м десек, бүл 100 м жердің орнына 1 см алынатынын көрсетеді. Осы масштабпен жер бетінің сұлбасы кішірейтіліп сызылады.
Жер сұлбасында үйлер, өзен-көл, көпір, бұлаң, темір-жол, батпақ, орман, шалғын т.б. шартты белгілермен белгіленеді.
Жер сұлбасын қағазға жазғанда көкжиек бағыттарының орны сақталады. Әр бағыттағы заттар сол өз бағытында орналасады. .
Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін географиялық карта дейді. Картада жер бетінің үлкен бөлігі - тұтас облыс, мемлекет немесе бүкіл жер шары көрсетіледі. Картаның шартты белгілері сұлбадан басқаша. Қаланы дөңгелекпен белгілейді. Жер бедері түрлі түсті бояумен кескінделеді. Жазықтарды жасыл, қыраттарды сарғыш, тауларды қоңыр бояумен бояйды. Көл және теңіз көгілдір бояумен боялады. Неғұрлым теңіздің тереңдігі артқан сайын, соғұрлым бояуы қоюлана береді. Орман, құм,батпақ, мемлекеттердің шекаралары, қатынас жолдары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі.
Картада көкжиек тұстарын төменнен жоғарыға және солдан оңына қарай жүргізілген сызықтарға қарап анықтайды. Картаға тура қарап түрғаныңда оның жоғарғы жағы - солтүстік, төменгі жағы - оңтүстік, сол жағы - батыс, оң жағы - шығыс болады.
Өзен, көл және жер бедері бейнеленген картаны физикалық карта, ал мемлекеттер мен олардың бөліктері көрсетілген картаны саяси-әкімшілік карта деп атайды.
Республикамыздың солтүстігі - қара топырақты дала. Бүл өңірде миллиондаған гектар жерге егін егіліп, жыл сайын астықтан мол өнім алынады. Көп жерін шөлейт пен шөл алып жатыр.
Глобус — жердің үлгісі. Жердің пішінін оның кішірейтілген үлгісі (моделі) - шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген.
Глобуста, картада бір полюстен екінші полюске қарап шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты меридиан деп атайды. Барлық меридиан шеңберлерінің ұзындығы мен пішіні бірдей. Шеңбердің бір бөлігін дөңгелек деп атайды. Доғаларды градустармен өлшейді. Жарты меридиан - шеңбер 180° тан тұрады.
Жер бетіне шартты түрде экваторға параллель жүргізілген сызықтарды параллельдер деп атайды. Параллельдердің радиусы полюстерге қарай кішірейді. Глобуста меридиандар мен параллель сызықтардың бейнесін градус торы деп атайды. Параллельдер арқылы жер бетіндегі кез келген нүктелердің географиялық ендігін анықтайды. Солтүстік және оңтүстік ендіктер болады. Мысалы, Санкт- Петербург 60°с.е.-те орналасқан.
Глобус пен географиялық карталардағы меридиандар мен параллельдер сызықтарының бейнесін градус торы деп атайды.
Глобуста меридиандар - жарты шеңберлер, ал параллельдер - шеңберлер түрінде болады. Ал жарты шарлар картасына қараса: ортаңғы бөлігінде меридиан мен экватор - түзу сызықтар, ал басқа меридиандар мен параллельдер - ұзындықтары әр түрлі қисық сызықтар болып келеді (Жарты шарлар картасынан бірнеше меридиан мен паралллельді тауып, көрсетіңдер.)
Экватордың, не белгілі бір параллельдің бойындағы аумақтарды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың тең бүрышты цилиндрлік проекциясы қолданылады. Гаус-Крюгер проекциясы-тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік картографиялық проекция-топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өңдеуге пайдаланылады. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, ал параллельдер бойымен орналасқан аумақтарды бейнелеуге қолайлы келеді. Бүкіл әлем аумағының картасы көбінесе тең бұрышты, тең аралық конустың проекцияларда жасалады. Сондай-ақ бұлар геодезиялық проекция ретінде де қолданылады. Азимуттық проекциялар-параллельдері концентрлі шеңберлер, меридиандары параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың жеке түріне перспективті проекциялар жатады. Жалған конустық проекциялар - параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен бейнеленетін проекциялар.
Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекциялар да жасалады, жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатынасын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проекцияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, өте күрделі проекцияларға көшеді, кейде олар модификацияланады. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, кристаллографияда, аспан денелерін картаға түсіруде т.б. ғылыми салаларда пайдаланылады.
Дәріс тақырыбы: Тірі организмдер құрылысы
Дәріс жоспары:
1.Биосфера туралы ұғым
2. Биосферадағы географиялық зандылық
3. Тірі табиғаттың дене құрылысы
4. Жасушаның бөлінуі (митоз)
Биосфера туралы ұғымды қалыптастырған - академик В.И.Вернадский.
Биосфера - барлық тіршілік процестері жүретін жердің белгілі қабығы. Барлық тірі ағзалардан биомасса құралады. Биосфераның атмосферадағы шегі тропосфераның жоғарғы шегімен үйлеседі. Тропосферадан жоғарыда тіршілік жоқ. Биосфераның төменгі шегі термоядролық жағдайларға (жер қойнауындағы жоғарғы температураларға) байланыты.
Жер шарындағы өсімдіктер ағзалар тіршілігі үшін қажетті оттегінің негізгі көзі болып табылады. Табиғатта болып жататын химиялық процестерде бір жасушалы қарапайым өсімдіктер мен жануарлар көп рөл атқарады.
Жасыл өсімдіктер жылдам көбейетін болғандықтан, олардың массасы, жануарлар ағзалары массасынан мың есе көп.
Тірі ағзалардың зат алмасуға қатысуы жөнінде қоңыржай ендіктер мен экваторлық өсімдіктер бірінші орын алады. Даланың, шөлдің шөптесін өсімдіктері екінші орында.Топырақта тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер үшін орында.
Микроағзаларға қарағанда ірі жануарлардың атқаратын рөлі төменірек. Мұхитта өсімдік массаларынан жануарлар массасы көп. Фотопланктон - еркін жүзіп жүретін өсімдіктер ағзаларының жиынтығы - бүкіл дүниежүзілік мүхит бетінің 4/5-ін алып жатады. Теңіз флорасы негізінен балдырлардан түрады.
Өсімдіктер тіршілігі үшін қажетті жағдайлар ауа, жарық, жылу, су. Шамадан тыс мөлшердегі су және температураның төмен болуы өсімдіктердің өсуіне кесірін тигізеді.
Тірі ағзалар жерде жаппай таралған, қатал Антарктида мен Сахарада оттегі мен ауа бар, тіршілікте деген көз. Тірі ағзалардың тіршілік әрекеті олардың көбею әрекетіне байланысты. Олардың көбею жылдамдылығы әр түрлі. Кейбір саңырауқұлақтардың спорасы +180° және -250°температурада тіршілік жоймайды.
Жердегі тіршілік тығыздығы төтенше зор. Мұхит суының 1 литрінде 5000 мыңға дейін үсақ ағзалар болады. Теңіз түнбасының 1 м3-де 160 мм ағзалар, 1г қара топырақта 5 млрд бактерия бар.
Біздің ғаламшардағы тіршілік көп қабатты, қабаттар атмосферада, Жерде судың бетінде және астында тіршілік етеді.
Ендіктерге байланысты тіршілік тығыздығы экватор-да өте жоғары, шөлде аз.
Биосферадағы географиялық зандылық. Биосферада зоналық тығыздық болады, онда органикалық тіршіліктің аз, яғни көп қатысатын зоналары бар. Шөлді зонадағы сияқты мүзды зоналарда да органикалық тіршілік тығыздығы онша жоғары емес. Тіршілік тығыздығы экваторлық зонада өте жоғары, бірақ қоңыржай белдеудің ормандарындағы тіршілік тығыздығы одан едәуір төмен, дала зонасындағы тіршілік тығыздығы одан да төмен. Тіршілік мәні - тірі табиғат пен өлі табиғат заттарының өз ара алмасуы. Зат алмасу қарқыны экваторда күшті болады да, полюстерге қарай кеми береді. Атмосфера күйі тірі ағзалардың іс-әрекетіне, оттегінің ауада бос күйінде болуына, оның көмір қышқыл газы мен азотқа қатысына байланысты.
Жер қыртысының түзілуі мен ондагы тіршілік ағзалардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Тірі табиғат
Биосфераның қүрамды бөлігі - биомасса . Жер бетіндегі сан алуан тірі ағзалар. Бүлар - өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі және шығу тегі мен құрылысындағы көптеген ерекшеліктері және тіршілік көріністерінің ортақтығымен жануарлар дүниесіне байланысты болатын адам.
Тірі табиғаттың дене құрылысы
Жасушаның (клетка) қүрылысы. Жерде мекендейтін тірі ағзалардың көпшілігі жасушадан түрады. Жасуша мөлшері әр алуан: бактерияларда өте үсақ (0,5 мк), құстарда ірі (түйеқұс жүмыртқасының ұзындығы 170 мм, ені - 135 мм) болады. Өсімдіктер мен тірі ағзалар жасу-шасының пішіні шар тәрізді, ұзынша, цилиндр тәрізді, ұршық, тәрізді т. б. болып келуі мүмкін.
Жасуша негізгі үш бөліктен - ядро, цитоплазма және қабықшадан түрады.
Жасушаның барлық тіршілік әрекетін ядро басқарады. Ядролардың мөлшері, құрылымы және пішіні алуан түрлі. Ядро пішіні негізінен жасуша пішініне сай болады. Ядроның сол ағзаның тұкым қуалау қасиеттеріне байланысты құрылымы болады. Электрондық микроскоп арқылы жасуша құрылымын зерттеуге қол жетті.
Жасушаны арнайы бояғаннан кейін ғана электрондық микроскоппен қарап, ядродан сопақша түзілістерді көруге болады. Бүлар хромосомалар. Олар негізінен сопақша пішінді болады. Хромосома құрамына күрделі органикалық заттар молекуласы - дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) енеді, ол ақуызбен байланыста болады. Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір түріндегі жасу-шаның көпшілігінің ядроларында сол түр үшін саны бірдей және тұрақты хромосомалар болады.
Ядрода ядрошықтар болады. Оларда рибосомалар түзіледі. Олар ақуыз синтезіне қатысады. Ядро цитоплазмадан ядро қабығы - мембрана арқылы бөлінген. Жасуша мембраналарының талдау қасиеті болады: Бір заттарды өткізіп, басқа заттарды тұтып қалады. Ядро мен цитоплазма заттары мембрана поралары (ұсақ тесіктері) арқылы алмасады.
Жасуша цитоплазмасында тіршілікке қажетті қызметтер атқаратын бірқатар құрылымдар болады. Бүлар -митохондриялар, рибосомалар, Гольджи аппараты, центроильдер және өсімдік жасушаларының хролопластары.
Әрбір жасушада митохондрия болады. Олардың саны әр түрлі жасушада бірдей болмайды. Олар көбінесс жүз-деп саналады.
Митохондрия негізінен сопақша пішінді болады. Митохондрияны екі қабатты қабық қаптайды. Оның ішкі қабығынан қатпарлар өседі, ол митохондрияның ішкі бетінің аумағын үлғайтады.
Көптеген химиялық реакциялар нәтижесінде митохондрияда АТФ (аденозинтрифосфор қышқылы) синтезі жүреді.
Бұл қосылыстан энергия оңай босап шығады. АТФ әр түрлі органикалық заттарды синтездеуге, жасушаның заттарды сорып алып, оны бөліп шығаруына кажетті энергияны жасушаларға жеткізеді. Бүл энергия денені жылытып, жүректің дамылсыз соғып түруын қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларында биоэлектрлі импульстер туғызып, бүлшың еттерді қимылға келтіреді.
Өте үлкейтілген жасушалардан кішірек топтарға жинақталған пластинкалы түзілістерді көруге болады. Бүл - Гольджи аппараты. Гольджи аппараты түзіндісі ферменттер мен гормондар жасауға ңатысады.
Өсімдіктер жасушасының цитоплазмасында хлоропластар болады. Оларда хлорофилл орналасқан. Күн сәулесінің энергиясы хлорофилл көмегімен АТФ-ның химиялық энергиясына ауысады. АТФ хлорофилл энергиясының көмегімен жасушада көмірсулар мен бірсыпыра жетілдіргіш заттар түзіледі. Өсімдік жасушасында көмірсулардан басқа майлар, ақуыздар, витаминдер пайда болады. Жануарлар ағзасының жасушасы тек өсімдікте пайда болған көмірсу-ларды, майларды, ақуыздарды, дәрумендерді пайдалана алады.
Жасуша қабығы цитоплазманы шектеп жатады. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасының жасуша қабығының ішкі кабаты кұрылысы жағынан бірдей болады. Өсімдіктер жасушасы қабығының сыртқы қабатында жасушадан тұратын қалың қабырға бар.
Жасушаның бөлінуі (митоз). Көп жасушалар ағза жасушаларының бөлінуі және көбеюі аркылы өседі. Бөліну процесінде жасуша элементтері екі жасуша бірқатар жүйелі кезеңдерден өтеді. Жасушаның бөлінуге даярлығы кезінде, ондағы хромосомалар саны екі еселенеді. Алдымен ДНҚ екі еселенеді. Ядро мен цитоплазмада болатын заттардан әр хромосома маңында соған үқсас хромосома синтезделеді. Бұдан кейін жасушада бөліну процесі басталады. Оның төрт кезеңі бар. Бірінші кезеңде жасушада ұршық жіпшелері пайда болады. Олар жасуша экваторынан полюстеріне қарай тартылып жатады. Бірінші кезеңнің соңында ядро қабығы ыдырайды. Хромосомалар пішіні спираль тәрізденіп, қысқарады. Екінші кезеңде хромосомалар жасушаның экватор жазықтығына орналасады. Үшінші кезеңде ұршық кезеңі жіпшелері қысқарып, оған бекінген хромосомалар ажырайды да, жасушанын әр түрлі полюстеріне қарай тарайды.
Хромосомалар полюстерге жеткен кезде жасушаның соңғы, төртінші кезеңі басталады. Хромосомалар бөлінуге дейін қандай болса, тап сондай түрге келеді. Соңынан бұрынғы қалған қабықтан ядро қабығы түзіледі де жасуша пердесі пайда болады.
Бүкіл митоз процесі көп жағдайларда бірнеше минуттан үш сағатқа дейін созылады. Ағзалардың көбею формалары
Көбеюдің екі типі болады: жыныссыз және жынысты.
Жыныссыз көбею. Жануарлар мен өсімдіктердің жыныссыз көбеюінің негізгі формаларына талдау жасалық. Бір жасушаның жануарлар мен өсімдіктерінің (қарапайымдар, балдырлар) ядросы қақ ортасынан жарылып, соңынан жасуша тең екіге бөлінеді. Соның нәтижесінде жас ағзалар пайда болады. Мүндай көбеюді қарапайым бөліну деп атайды.
Кейбір ағзалардың (ашытқы, гидра, т. б.) аналық особьтарынан жас ағзалар бөлініп шығады. Жыныссыз көбеюдің мүндай формасын бүршіктену деп атайды.
Төменгі сатылы ағзалар (балдырлар, мщтер, папо-ротниктер, саңырауқулақтар ) мен кейбір бір жасушалы жануарларда споралану болады. Бұл кезде тығыз қабықты арнайы жасушалар (споралар) түзіледі. Жаңа ағзалар осы жасушаларда дамып жетіледі.
Көптеген өсімдіктер вегетативті жолмен -сабақтары, жапырақтары, т. б.мүшелері арқылы көбейеді.
Жыныстық көбею. Бір жасушалы өсімдіктер мен жануарлар да жыныстық жолмен көбейеді. Бірақ оларда жыныссыз және жыныстық көбею ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырады.
Көп жасушалы ағзалар жыныстық жолмен көбейеді. Жоғары сатылы жануарларда жыныс жасушалары пайда болатын ерекше мүшелер болады. Бүлар - жыныс бездері. Жыныс жасушалары бөлінудің ерекше типі -мейоз процесінде қалыптасады. Митоздан айырмашылығы, бұлай бөлінудің нәтижесінде жас жасушалардағы хромосомалар саны екі есе кемиді. Митоз кезінде жас жасушалардағы хромосомалар жиынтығы диплоидты (қосар), ал мейозда - гаплоидты (дара) болады.
Ұрықтанған кезде хромосомдар жұбы қалпына келеді. Мейоз хромосомалар жиынтығының тұрақтылығын сақтайды. Аталық және аналық особтардағы хромосома ішіндегі заттардың мейоз процесі кезінде алмасуынан аталық пен аналық белгілерінің ұрпаққа көшуінің тұқым қуалаушылық заңдылығы жүзеге асады. Жануарларда ұрықтанудың екі тәсілі бар: сыртқы ұрықтану және ішкі ұрықтану. Барлық суда тіршілік ететін жануарларда сыртқы ұрықтану болады. Жер үстінде тіршілік ететін жануарларда ұрықтану іште (ұрғашысының жыныс жүйесінде) болады.
Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларын жіңішке каналдар - микропиле бойлап, тесіп жатады. Сперматозоидтар жұмыртқа ішіне осы тесіктер арқылы енеді. Ұрықтану жүзеге асысымен жұмыртқа жасушаның кабығы басқа сперматозоидтарды ішке кіргізбейтін қабілетке ие болады.
Ұрық ана денесінде немесе одан тысқары дамиды. Ұрық ұрғашы ағза денесінің сыртында дамығанда, жұмыртқа жасушасында қоректік зат қоры мол болады.
Егер ұрық аналық денесінде дамитын болса, жұмыртқа жасушасындағы қоректік зат қоры тым аз болады.
Дәріс тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі
Дәріс жоспары:
1. Өсімдіктану салалары
2. Өсімдіктер және олардың қоректену түрлері
3. Өсімдіктердің өсу ерекшеліктері
Өсімдіктер морфологиясы – өсімдіктер организмінің дамуы мен қалыптасуын зерттейді.
Флораграфия – түрлерді танып сипаттау.
Сисметика – түрлердің алуан түрлілігіммен оның себептерін зерттейді.
Өсімдіктер географиясы – өсімдіктердің жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді.
Өсімдіктер экологиясы – өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
Өсімдіктер физиологиясы – өсімдіктердің өсу процестерін зерттейді.
Микробиология – бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдердің тіршілік циклдарын зерттейді.
Полеоботаника – бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.
Өсімдіктердің өсуінің негізі қоректенуге тікелей байланысты. Өсімдіктер тірі ағза болғандықтан, оған қоректену, зат алмасу, тітіркену, қимыл, көбею, өсу мен даму, өзгергіштік пен тұқым қуалау, қартаю мен өлу тән нәрсе.
Өсімдіктердің қоректенуі дегеніміз – өздеріне қажетті заттарды қоршаған ортадан қабылдауы. Қабылдаған заттарды өзгерте келіп, организм тіршілігіне қажетті түрліше қосындыларға – органикалық заттарға айналдыруы. Органикалық және анорганикалық заттарды өз бойымен жоғары және төмен қарай ағызуы. Өсімдіктердің қоректенуі бірнеше түрлі болалды: аутотрофтық, гетеротрофтық, миксотрофтық, симбиотрофтық.
Аутотрофтық – табиғаттағы аноорганикалық заттар жасайтын жасыл өсімдіктер.
Гетеротрофтық – дүниедегі дайын органикалық заттармен қоректенетіндер. Олар жасыл емес өсімдіктер: паразиттер, сапртфиттер.
Миксотрофтық – бұларда аутотрофты да, гетеротрофты да қоректену бірдей бола береді. Күн сәулесі жеткілікті болса, аутоторфты, ал күн сәулесі жетіспесе гетеротрофты жағдайда қоректене береді. Темір бактериялары, күкірт бактериялары.
Симбиотрофтық – бірін-бірі қоректендіріп, өзара пайда келтіретін екі түрлі өсімдіктер. Қына – ол қалталы саңырауқұлақпен көк жасыл балдырлардың және кейбір бактериялардың біріккен жерінен пайда болған организм. Бұлар өзара селбесіп өмір сүреді.
Өсімдіктер үнемі өсуде болады. Өсімдік өскенде клеткалары бөлініп дамып отырады. Сонымен қатар олардың көлемі салмағы арытады. Тамыр мен өркендегі төбе бүршіктердегі түзуші клеткалар үнемі бөлініп, тамыр да, өркен де өсіп отырады.
Өсімдік тұтас өседі. Оның жеке мүшелері әр түрлі өседі. Мәселен, тамыр мен сабақ ұшынан, жапырақ түбінен, ал ағаш биіктеп бойлап өседі. Өсімдік алғашында баяу өседі. Кейін оның өсуі тездеп, ең жоғары сатысына жетеді де қайтадан баяулап барып сосын мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің өсуіне топырақтағы су, минералды заттар, ауа, жапыраққа күннің түсуі, жылу әсер етеді. Жарық өсімдіктердің биіктеп өсуін тежеп отырады. Мұны өсімдікті қараңғыда өсіріп байқауға болады. Мәселен, картопты қараңғыда өсірсең бойы өте ұзын болып өседі.
Өсімдіктердің өсуіне ең қолайлы температура – 25*-30*, мұнан жоғарыласа, өсуі баяулайды.
Өсімдіктердің өсуі оларға тамыр жүйесінен келетін минералдарға тәуелді. Егер өсімдік тіршілігіне қажетті заттардың бірі жетіспесе, ол өсуін тоқтатады. Өсімдіктің өсуіне қажетті заттардың бәрі өзінің айналасында болады, оның денесіне өтеді.
Өсімдікті ретсіз өсуден сақтап, оны тежеу, реттеу адамның да әрекетіне байланысты. Өте көбейіп бара жатқан өркендерін шырпып, не биіктігін қысқартып, ретке келтіріп тежеп отыруға болады.
Өсімдік қозғалмайды деген түсінік салыстырмалы түрде ғана қолданады. Әрине, өсімдіктердің үлкен қимылы желдің әсерінен, оның соғу күшінен жақсы байқалады. Бірақ, көзге бірден түспегенімен, өсімдіктер үнемі қимыл жасайды. Оның барлық мүшелері өзінің тұрған қалпын кейде баяу кейде жылдам өзгеріп отырады.
Өсімдіктер жарықты жапырақ алақаны арқылы алатын болғандықтан, жапырақтары күн сәулесін алуға бейімделіп қозғалады. Олардың сағақтары иіліп жапырағын күн сәулесіне қарай бұрады. Мұндай құбылыс мақтаның жапырағынан, күнбағыстан жақсы байқалады. Бөлмеде өсірілетін гүлдерден де осыны байқауға болады.
Өсімдіктердің қозғалуына сыртқы және ішкі жағдайлар әсер етеді. Сыртқы жағдайларға өсімдік тіршілігіне керекті заттардың әсері жатса, ішкі жағдайға өсімдіктің тірі денесі жатады. Өсімдіктің денесі сыртқы жағдайларға оның өзгерістеріне қозғалу арқылы жауап қайтарып отырады.
Өсімдіктердің тіреуішке шырмалып өсуі, кейбір өсімдік гүлдерінің түнде жабылып, күндіз ашылуы осының бәрі өсімдіктің қозғалысына жатады.
Өсімдіктердің өсу ерекшелігін зерттей отырып, адам баласы оның жақсы өсуіне қажетті жағдай жасау арқылы түсім алуды молайта алады.
Дәріс тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Дәріс жоспары:
1. Жануарлардың шығу тегі мен жер шарында таралуы
2. Жануартану салалары
3. Жануарларды жіктеу
Жануарлар жер бетінде де, суда да, топырақта да, биік таулар мен ойпаттарда да кездеседі. Жануарлардың қоректеніп, ұрпағын өрбітетін аймағы – мекен ету ортасы деп аталады.
Жануарлар морфологиясы жануарлардың формасы туралы ғылым.
Ол өзіне дене мүшесін зерттейтін анатомияны да қосып алады. Гистология жануарлардың клеткаларын зерттейді. Эмбрология жануарлардың көбею, өсу заңдылықтарын, физиология жануарлардың тіршілік әрекетін, әр мүшесінің атқаратын қызметін, экология олардың тіршілік ортасымен қарымөқатынасын зерттейді. Жануарлардың түрінің өзгерісі мен тұқым қуалаушылығын генетика зерттесе, зоогеография олардың жер бетіне таралу заңдылығын зерттейді.
Зоологияны өзі бірнешеге бөлінеді.
Териология – сүтқоректілерді;
Орнитология – құстарды;
Ихтиология – балықты;
Энтомология – бунақденелілерді;
Гельминтология – паразиттерді, құстарды зерттейді.
Жануарларды ғылымда дене құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, мекені және басқа ортақ белгілеріне қарап жіктейді: жалпы жануарлар дүниесі – тип – класс – отряд – тұқымдас – туыс – түр болып жіктеледі.
Жануарлар дүниесінің тармағы тек екеу ғана: қарапайым бір жасушалы жәндіктер мен көп жасушалы және жануарлар. Бұлардың негізгі айырмашылығы мынада: қарапайымдардың әрбір жасушасы өз алдына жеке ағза болып табылады. Көп жасушалы жәндіктер ағзасы жасушалардан құралып, олар әр түрлі қызмет атқарады, кейбір жасушалар қорғаныш қызметін атқарса, енді біреулері қорек тауып оны қорытуға қатысады. Бұл жасушалар ағзадан тысқары өмір сүре алмайды. Бір жасушалы және көп жасушалы жануарлар дүниесі тармағынан жануарлар дүниесі құралады. Жануарлар дүниесі барлық жануарларға тән мынадай белгілер негізінде ерекшеленеді: органикалық заттармен, әдетте тірі ағзалармен қоректенеді; жасушасында сыртқы тығыз қабықша болмайды; көбінесе ширақ қимылдауға бейім келеді.
Бір жасушалы жәндіктер. Қарапайымдар. Олардың суда және топырақта мекендейтін 70 мыңға жуық түрлері мәлім. Олардың кейбіреулері жануарлардың денесіне және адам ағзасына орнығады. Денелері бір жасушадан түрады. Жасушаның ішінде көп жасушалы жануарлар ағзаларының қызметін атқаратын мүшелері болады. Қарапайымдарды микроскоп арқылы көреміз, олар жыныссыз көбейеді. Қарапайымдар типі төрт класқа бөлінеді: саркодалылар, талшықтылар, споралылар, инфузориялар.
Көп жасушалы жануарлар мен губка типі - бір-біріне бекініп каллония болып тірішілік етеді. Губка денесінің пішіні алуан түрлі болады. Дене құрамында әкті және кремнийлі қаңқасы болғандықтан, сипағанда қатты болып сезіледі.
Ішек қуыстылар типінің көпшілігі қондырмалы политті формалы жөне еркін жүзіп жүретін медузия тәрізді формалы болып келеді. Гидра тұщы су қоймаларында тіршілік етеді. Дене пішіні созылыңқылы. Гидра денесінің алдыңғы ұшында қармалауыштар қоршаған ауыз қуысы бар. Ол қармалауыштарьшың көмегімен қорегін қармайды және қозғалады.
Буылтық құрттар типі көп қылшықты буылтықтар, жылан құйрықтар, аз қылшықты буылтықтар, сүліктер. Олардың денесі созылған біріне-бірі үқсас көптеген жеке буылтықтарға бөлінеді. Қан айналымы, жүйке және зәр шығару жүйелері жақсы дамыған.
Былқылдақ денелілер типі. Оларда тері қатпары - шапанша және шапанша қуысы болады. Аяқтары денесінің қүрсақ қабырғасынан өсіп шыққан өсінді. Жәндіктер-дің 140 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігінде баңал-шақ және үккі болады.
Буынаяқтылар типі. Көп класты, ішінде шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жәндіктер кездеседі. Барлық өкілдердің денесі мен аяқтарын қаптап жатқан хитинді жабыны болады, денесі буылтық құрттар денесіне ұқсас буын аяқтарға бөлінген. Аяқтары мен мұрттары хитинді бунақтардан тұрады, пішіні цилиндр тәрізді. Аяқтары әр бунақта бір-бір жұптан орналасқан.
Кейбір буынаяқтылардың (өзен шаянның, крабтың, өрмекшінің, кененің) дене бунақтары кейде тұтасып, жалпы қалқан түзеді.
Буын аяқтылардың өкілдері мұхиттарда, теңіздерде және барлық тұщы сулы қоймаларында мекендейді. Жәндіктердің көп түрлері топырақ арасында да тіршілік етеді.
Шаян тәрізділер класына дафния мен циклоп жатады. Оларды микроскоппен көруге болады. Дафния денесінде мұртшалар бар. Бұлар сезу және қозғалу мүшелері болып табылады. Мұртшаларды сермеу арқылы секіріп қозғалады. Балық шабақтарымен қоректенеді. Өзен
шаянының денесінен бес жұп аяқтарымен бірге, бас бөлігін, ірі-ірі бес жұп жүретін аяқтары орналасқан көкірек бөлігін және жеті бунақтан тұратын құрсақ бөлігін ажыратуға болады.
Бас пен көкірегі жалпы сауытқа-баскөкірегіне тұтасып кеткен, демек, онда он үш жұп аяқтары бар, олардың ішінде бес жұп аяқтары ғана жақсы көрініп түрады. Өзен шаянының хитинының түсі қоңыр жасыл, пісіргенде қызыл түске айналады.
Шаян тәрізділердің 30 мыңға жуық түрі белгілі. Теңіздерде мекендейтін клеветка, таңқышаян, лангусттар еті үшін ауланады.
Өрмекшілер тәрізді класы — сегізаяқты құрылым, буын аяқты жәндіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |