Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет33/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Корпорациялық топ – тұлға-аралық қарым-қатынас топ мүшелері үшін өзара жеке мәнді сипатта жүзеге асырылатын топ.
Коррекциялық әдіс – психодиагностикалық әдістер негізінде психологтің тұтынушы немесе баланың нақты күйзелістерін, тілектерін, танымдық процестеріннің даму ерекшеліктеріне түзету жұмыстарын таңдау және жүргізу.
Көңіл-күй – индивидтің психикалық өмірінде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
Көңіл-күйге ортақтасу – субъектінің эмоциялық күйінің басқа бір тұлғаның (не әлеуметтік топтың) көңіл-күйіне ұқсауы; бұл орайда субъектінің индивидумдық санасында басқа адамның (не әлеуметтік топтың) ол тап болған оқиғаларға қатынасы бейнеленеді.
Көрнекі – бейнелі ойлау – ойлау түрлерінің бірі. Жағдаяттарды және олардағы өзгерістерді елестетумен байланысты. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттың іс жүзіндегі әртүрлі сипаттамаларының бүкіл сан алуандығы неғұрлым толық қалпына келтіріледі. Көрнекі-бейнелі ойлаудың маңызды ерекшелігі заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттен тыс, «ерекше» ұштасуларын анықтау болып табылады.
Креативтілік тестілері – тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін зерттеп, бағалауға арналған әдістемелер жиынтығы.
Күй – ең жалпылама түрінде кез келген жүйенің оның ортаның координаттық объектілеріне қатынасты жағдайын бейнелейтін сипаттама. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып көрінеді.
Күйгелектік – белгілі бір істің, оқиғаның, құбылыстың байыбына бармай, оның келеңсіз салдарын үлкейте көрсетіп, оған қатысты өзінің жасауға тиісті әрекет жасай алмай, негізсіз абдырауы.
Кішіпейілдік – адамгершілікті көрсететін мінез-құлық; үлкенге, айналасындағы адамдарға иманжүзділік сыйласым көрсетудің көрінісі.
Қабылдау – сезім органдарының рецепторлық беттеріне физикалық тітіркендіргіштердің тікелей әсері кезінде пайда болатын заттардың, жағдаяттар мен оқиғалардың тұтас бейнесі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтас бейнелену процесі. Қабылдауда заттардың түсі, дыбысы, исі, дәмі, түрі және т.б. қасиеттері тұтас күйінде қабылданады. Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың өзара әрекетінен пайда болған уақытша байланыс жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет