Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк



бет53/63
Дата26.09.2022
өлшемі380.66 Kb.
#461380
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
aleumettik-sayasi bilimder moduli (madeniettanu)

Қабылдаудағы иллюзиялар – түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау немесе қабылданатын затты, оның қасиетін барабар емес бейнелеу. Қазіргі уақытта неғұрлым зерттелген, иллюзиялық әсерлер: екі өлшемді контурлы көріністерді көру қабылдауындағы иллюзиялық эффектілер. Олар «оптикалық-геометриялық иллюзиялар» деп аталады. Енді бір түрі: контраст айқындылығының феномені. Мәселен: сүр жолақтың ашық түсті аяда күңгірт, ал қара түсті аяда жарық болып көрінуі.
Қабілеттілік – белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаның жалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігінің орнықтылығымен тығыз байланысты. Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік, арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік.
Қабілеттілік тестілері – жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы, жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
Қажеттілік– адамның дамуы мен өмір жағдайындағы белгілі бір нәрселерге мұқтаждануы; қажеттіліктердің түрлері: биологиялық, әлеуметтік, материалдық, рухани, аффилиациялық (бірігуге), жақындасуға, жетістік, таным және тағы басқа қажеттер.
Қажу – организмнің дене және ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер еткенде қалыптасатын және жұмыс қабілетінің төмендеуімен сипатталатын күйі. Организмнің әрекетті қамтамасыз ететін психофизиологиялық жүйелері жұмысының үйлесімсізденуінен білінеді. Бұл қан айналысының, тыныстаудың, терморегуляцияның және тағы басқа теңдес емес өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажығанда зейіннің босаңсуынан, ойлау процестерінің баяулауынан, жадтың (қайта жаңғыртудың) қателесулерінен көрінеді.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар-интерактивті, коммуникативті, перцептивті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет