Саясат - қоғамдық таптардың өз мүдделері үшін күресінде көздеген мақсаттары мен міндеттері; осы мүдделерді қорғап –сақтауда қолданылатын әдіс-амалдар.
Сенат- (лат.senatus –қария) - 1)ежелгі Римдегі ақсүйектер кеңесі, ең жоғары мемлекеттік орган; 2)1711 ж. I Петр құрған Ресейдегі ең жоғары үкімет мекемесі. I Александр кезінде сенат – сот органы болды; 3)көптеген елдерде парламенттің жоғары палатасының аты.
Сеператизм (лат. separatisme) - бөлінуге, даралануға, оқшаулануға ұмтылу.
Сфинкс (гр. Sphinx) - 1)ежелгі Египеттегі басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі алып тас мүсін. Сфинкс фараон күшінің символы; 2) түсініксіз жұмбақ жан иесі, құпия адам.
Тап күресі - барлық антагонистік қоғамдық-экономикалық формациялардың негізгі қозғаушы күші болып табылатын қанаушы және қаналушы, бір –біріне жау таптар арасындағы күрес.
Таурат (библия) - әр заманда айтылған, жазылған әр түрлі мистикалық аңыз, ертек шығармалар «құдай сөзі» ретінде уағыздайтын еврейлердің және христиан дінінің кітабы.
Территория (лат. territorium-облыс, terra-жер) - белгілі бір мемлекеттің суверендік билігіндегі жер бетінің бөлігі, аймағы. Территорияға құрлық, теңіз, мұхит, аралдар, әуе кеңістігі жатады (шекера бойынша).
Тиран (гр. Turannos) - 1)ежелгі Грекия ман Римде және орта ғасырдағы қала-мемлекеттерде өкіметті күшпен басып алушы, жеке билеуші адам; 2) басқаруды зорлық-зомбылық арқылы жүргізуші.
Тирания - 1) тиранның өкіметті басқаруы; 2)қанау,зорлық зомбылық пен басқарудың синонимі.
Тотемизм (үндіс) - рулық қоғамның алғашқы кезеңінде шығып, тараған ертедегі дін формасы, адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге, хаттарға немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан фантастикалық сенімдер мен әдет-ғұрыптар жиынтығы.
Триумвират (лат. triumvirates) - 1) ежелгі Римде сайланған немесе тағайындалған үш саяси, әскери қайраткерлердің бірлесіп жоғары өкіметті басқаруы; 2) іс-әрекет істеу үшін үш адамның бірігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |