Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



бет28/75
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#4112
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:


      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      4) Жарғы электрондық сканерленген көшірме түріндегі өтінішке тіркеледі;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық өтінішке тіркеледі.
      Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін; лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметті, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.
      Заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында лицензияны қайта ресімдеу кезде; атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға қосымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезінде бүлінген бланк (уәкілетті органға қайтарылады).
      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.
      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.
      13. Порталда құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген өтінішінің қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Көрсетілген қызметтің нәтижесін порталда жеткізу тәсілі – «жеке кабинетте».
      16. Егер:
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);
      2) білім беру қызметін жүргізу құқығына, лицензияны қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын алуға бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі мынадай:


      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;
      5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.


      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;
      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 21-тармағында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.

«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім


беруге лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтікмәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылық

1.1. құжат тапсырылған кезден белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)










2. Сапа

2.1. қызмет көрсету барысының сапасына қанағат болған тұтынушылар % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. қызмет көрсету сапасы және қызмет көрсету туралы ақпаратқа қанағат болған тұтынушылар % (үлесі)










3.2. ол туралы ақпарат электрондық түрде қолжетімді қызметтер % (үлесі)










4. Шағымдану барысы

4.1. осы қызмет бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)










5. Сыпайылылық

5.1.персоналдың сыпайылылығына қанағат болған тұтынушылардың % (үлесі)










«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беруге лицензия беру, қайта ресімдеу,   
лицензияның телнұсқаларын беру»      
мемлекеттік қызмет стандартына      
2-қосымша                 

Лауазымдың тұлғалардың байланыс деректері



Аты-жөні

Лауазымы

Мекенжай

Телефон

1

2

3

4

5

1

Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 841-каб.

74-15-43

2

Бөлебаева Ләззат Кайдирбекқызы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 946-каб.

74-22-14

3

Гаипов Зұлфұхар Сұлтанұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 837-каб.

74-23-75

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары;
      2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 23-тармақтары;
      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;
      4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;
      6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) www.educontrol.kz уәкілетті органның интернет-ресурсында;
      2) порталда орналасқан.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе электрондық цифрлы қолмен расталған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет діни білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап:
      1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда Ғ– 15 жұмыс күнін;
      2) лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады.
      1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткішті;
      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу барысында төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Төлем тапсырмасы ақының төленгенін растайтын құжат болып табылады.
      Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:


      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
      4) Жарғы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.
      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға косымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезіндегі бүлінген бланк уәкілетті органға қайтарылады.
      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі
      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.
      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.
      13. Порталда электрондық өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Көрсетілген қызметтің нәтіжесін порталда жеткізу тәсілі – «жеке кабинетте».
      16. Егер:
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);
      2) лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға, білім беру қызметін жүргізу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі:


      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;
      5) өтінішті қарау барысында лауазымдық тұлға қызметінің айқындылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділіккөрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.


      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:
      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;
      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;
      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:
      1) осы стандарттың 21-тармағының 3) тармақшасында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;
      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде үстінен шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.

«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына 


лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет  
стандартына 1-қосымша          


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет