Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова



Pdf көрінісі
бет22/84
Дата20.10.2022
өлшемі3.37 Mb.
#463071
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

Бақылау сұрақтары 
1. Ток пен кернеуді өлшеуге арналған аспаптарды таңдау қалай 
жүргізіледі? 
2. Активті жəне реактивті қуаттың анықтамалары мен аналитикалық 
өрнектерін жазыңыз. 
3. Тұрақты жəне бір фазалы айнымалы ток тізбектеріндегі активті 
қуатты өлшеу əдістерін атаңыз. 
4. Тұрақты жəне айнымалы ток желілеріндегі кедергіні қалай өлшеуге 
болады? 
5. Кедергіні өлшеу үшін амперметрлер мен вольтметрлерді қосу 
схемаларының қандай нұсқалары бар? 


31 
6. Дара көпірдің сызбасын сызыңыз жəне кіші кедергілерді өлшеу 
кезінде қателіктердің көзі болып табылатын элементтерді көрсетіңіз. 
7. Айнымалы ток көпірінің көмегімен қандай электр шамалары өлшенуі 
мүмкін? 
8. Жиілікті өлшеудің қандай əдістерін білесіз? 
9. Фазалық ығысуды өлшеудің негізгі əдістерін атаңыз. 
10. Фазалық ығысуды өлшеудің сызықтық өрістету əдісі неде? 
11. Компенсациялық фазометрлер қандай принциппен жұмыс істейді? 
 
1.4.2 Магниттік шамаларды өлшеу 
 
Кейде, техникалық есептерді шешу үшін немесе зерттеу мақсатында 
магниттік шамаларды өлшеу қажеттілігі туындайды. Əрине, талап етілетін 
магниттік шаманың мəнін белгілі бастапқы деректерге сүйеніп, 
формулаларға жүгіріп, жанама жолмен табуға болады. Алайда, Ф магнит 
ағынының, B магнит индукциясының немесе H магнит өрісінің кернеулігінің 
ең дəл мəнін алу үшін тікелей өлшеу əдісі жақсы[5]. 
Магнитті шаманы өлшеу əдісі магнит өрісінің токқа немесе өткізгішке 
əсер етуіне негізделуі мүмкін. Магнит өрісінен туындайтын күш электр 
процесімен байланысады, содан кейін электр өлшеу құралы арқылы адам 
қабылдауға ыңғайлы түрде өлшенетін шаманың мəні алынады. 
Магнит шамаларын өлшеудің негізгі əдістері екі: индукциялық жəне 
гальваномагнит. 
Біріншісі магнит ағынының өзгеруі кезінде ЭҚК-ге, екіншісі-магнит 
өрісінің токқа əсер етуіне негізделген. 
25-сурет. Магниттік шамаларды тікелей өлшеу əдістері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет