Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова


 Баптау жұмыстарын ұйымдастыру жобасы



Pdf көрінісі
бет34/84
Дата20.10.2022
өлшемі3.37 Mb.
#463071
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

 
2.2 Баптау жұмыстарын ұйымдастыру жобасы 
Баптау жұмыстарын ұйымдастыру жобасы немесе баптау жұмыстарын 
жүргізу жобасы (ППНР) объектіде техникалық дайындықты жəне баптау 
жұмыстарын ұйымдастыруды анықтайтын құжат болып табылады. 
Жоба келесі бөлімдерді қамтуы тиіс: 
- алдағы баптау жұмыстарының ақшалай жəне нақты көріністегі көлемі 
(сметаларға қатысты); 
- орташа өндіруді ескере отырып, белгіленген мерзімде жұмыстарды 
орындау үшін қажетті реттеу персоналының саны мен біліктілігі; 
- орындаушыларды объектіде уақыт пен учаскелер, тораптар жəне т.б. 
бойынша бөлу.; 
- ең күрделі электр жабдықтарын баптау бойынша жобалау 
құжаттамасын, бағдарламаларын (тапсырмаларын) талдау нəтижелері; 
- жұмыс кестелері, оның ішінде реттеу жəне монтаждау жұмыстарын 
бірлесіп орындау кестелері; 
- смета тармақтарына қатысты техникалық жəне тапсыру 
құжаттамасының 
тізбесі 
(технологиялық 
карталар, 
ЭҚЕ 
Электр 
қондырғыларын 
орнату 
ережелері, 
хаттамалар 
нысандары 
мен 
нұсқаулықтар); 
- реттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті аспаптардың, 
айлабұйымдардың, материалдар мен қауіпсіздік техникасы құралдарының 
тізбесі; 
- ерекше жағдайлар үшін қорғаныс құралдарының тізбесі бар 
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар; 
- электр жабдығының жобасы, монтаждау жəне ақаулары бойынша 
ескертулер тізбесі (баптау жұмыстарын орындау барысында толтырылады); 
- реттеу персоналын ұйымдастыру жəне техникалық дайындау 
бойынша ұсыныстар (нұсқаулықтарды, технологиялық 
карталарды, 
анықтамалық жəне техникалық əдебиеттерді іріктеу, техникалық оқу мен 
нұсқама жүргізу). 
Баптау жұмыстарын жүргізу жобасына объектідегі электр жабдығын 
монтаждауға дейін орындауға арналған баптау жұмыстарының көлемі жеке 
тармақпен қосылуы тиіс, мысалы электр монтаждық дайындамалар 
шеберханасында (МДШ) көпірлі крандардың кабиналарын алдын ала баптау 
немесе объектіге жақын орналасқан арнайы бөлінген үй-жайларда реттеудің 
біріздендірілген блоктық жүйесінің (РББЖ) блоктарын, статикалық 
түрлендіргіш агрегаттарды жəне т.б. тексеру. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет