Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет30/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Топтық жұмыстың бағалануы 
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге 
талқылайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни 
тоқсан соңында, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Топтық 
жұмысты 
бағалау 
кестесі 
Топ
нөмірі
Топтағы
бірлестік
(орналасты
ру
жəне
міндеттердің
орналасуы

Тəртібі
(
басқа
топтағылар
ға
кедергі
жасамау
, бері
лген
тапсырмадан
ауытқымау

Тапсырманың

тақырыпты
ң, 
материалды
ң 
ашылуы
Топтың
басқа
мүшелерінің
презентация
-ларын
тыңдай
біл
у, 
сұрақтар
қою
, толықтырулар
жасау
Барлық
ұпай
саны
I + 

+++ 

II + 

III + 

++ 

IV - 


++++ 
V + 



Мұғалім тапсырмаларды берген соң əрбір топ белсенділіктерін бақылап, 
кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде 
мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тəртібі» деген қатарларды 
толтырады. Ал əр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі қатарды 
толықтырып отырады. Осылайша үдеріс жалғаса береді. Ең соңында 
қорытындысын шығарып жəне нəтижелерді талқылайды. Бұл кезде мұғалім 
қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады: «Əр топтың 
жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?», «Тапсырмаларды 
орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге 
болады?» жəне т.б. Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім 
қатысушылармен əрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп 
ортақ нəтиже шығарады. Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған 
кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады. Топтық жұмыс 
орындағандағы нəтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына 
мүмкіншілік береді. Егер де оң нəтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты 
ары қарай жалғастыра береді. Ал егер нəтижелер жоғары болмаған жағдайда, 
онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа 
əдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіруі қажет. 
Сондай-ақ топтық жұмыс кезінде мұғалім əр оқушының жетістіктерін 
жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін мұғалім «Топтық жұмыс істегенде 
жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады. Бұл жағдайда мұғалім 
алдын-ала сабаққа дейін кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады.
Мұғалім əр топтың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап
оқушылардың қабілеттерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың 


41
қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап
əрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады. 
Топтық 
жұмыс 
орындағанда 
жеке 
оқушының 
қабілетін 
бағалау 
кестесі 
Оқушылардың аты-жөні: 
А 
Ш Б 
С 
Ф 
Қ 
Топта əрқайсысына міндеттерді 
үйлестіріп, өз міндеттерін 
атқарады. 
+ + + + 
Идеялар ұсынады. - 



Топ ішіндегі талқылауға белсене 
қатысады. (ұсынған идеялар, 
мəліметтерді жетілдіріп, 
жалпылайды) 
- - + +
Топ қатысушыларына көмектеседі.
+ ++

Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды. + +
Талқылау жүргізе біледі (сыпайы 
түрде қарсылық көрсетіп, дау 
тудырған сұрақтарға дұрыс шешім 
беруге тырысады) 
++ +
Топқа берілген тапсырмаға зейін 
қойып орындайды. 
+
Ортақ ұпай 
Сондай-ақ, мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау əдісін қолданып, 
жұмыстарының нəтижесін жəне оқушылардың қабілеттеріне қарап бағалайды. 
Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы əріптестерінің жұмыстарын 
бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның 
межелеріне (критерийлеріне) назарын аударту қажет.Топтық жұмысқа бұл 
үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің 
қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін 
түсіндіре кетуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет