73
ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің
жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек.
Аталған ақпарат рубрика түрінде беріледі.
Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың əр
рəсімі үшін құрастырылады, ол əр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін
көрсетеді. Жиынтық бағалаудың əдістемелік ұсынысының бөлім/
ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде
құрастырылған рубрикалар көрсетілген.
Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
нəтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың
рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет.
Рубрикалар үлгілері (8-суретте) берілген.
Бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-
аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)
Білім алушының аты-жөні
Асқар Ж.
Пəні
Математика
сыныбы 1
«Теңдік, теңсіздік. Теңдеу» тарауы бойынша жиынтық бағалау
Бағалау критерийлері
Оқушы жетістіктерінің деңгейі
төмен
орта
жоғары
Теңдік,
теңсіздік, теңдеуді
ажыратады.
Теңдік, теңсіздік, теңдеуді
анықтайды.
Берілген мəні бар əріпті
өрнектің мəнін табады.
Санды жəне əріпті өрнектердің
мəнін табады.
Санды жəне əріпті өрнектерді
салыстырады.
Мұғалімнің қосымша пікірлері Мұғалімнің жазбасы
Мұғалімнің аты-жөні-----------------------------------------------
Рубрика əр бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалау
рəсімдеріне құрастырылады, əр критерий аясындағы оқу жетістігінің
деңгейлерін көрсетеді. 8-суретте көрсетілгендей,
мұғалім рубрикада орташа
деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген
нақты сол элементті атап көрсетуі қажет.
Жиынтық бағалау бойынша əдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне
рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: