Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі комерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет2/4
Дата20.05.2024
өлшемі187.83 Kb.
#501494
1   2   3   4
ЭЖ 4-лаб Түсіп Дарын 6 тиристорлық түрлендіргіш

Жұмысқа түсінік беру:



  1. Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады: - стендті қоректендіруші модуль (МПС);

- қоректендіруші модуль (МП);
- күштік модуль (СМ);
- жиілік түрлендіргіш модулі (ПЧ);

- тиристорлық түрлендіргіштің модулі (ТП);


- реттегіштер модулі (МР);
- кірмелік/шықпалық модулі (МВВ).

  1. Жүйені зерттеуге арналған сұлба 5.1 суретте келтірілген.

Тұрақты ток қозғалтқышы (ТТҚ) тиристорлық түрлендіргіштің (ТП) модуліне ток және кернеу датчиктері арқылы қосылады. Якорь орамасы ТП модулінің якорьлік түрлендіргіштік шықпасына қосылады. Қоздырушы орама ТП модулінің реттелмейтін кернеу көзінің = 220 В шықпасына қосылады.


Реттегіштер модуліндегі ток реттегішінің шықпасы ТП модулінің Х1 кірмесіне, сондай-ақ кірмелік/шықпалық модулінің ADC4 кірмесіне қосылады. Ток реттегішінің кірмесіне RP1 модулінің потонциометрінен тапсырма сигналы беріледі.


Жүктемелік машина ретінде, жиілік түрлендіргішіне ПЧ қосылған асинхронды электр қозғалтқышы қолданылады.
Жиілік түрлендіргіші МП модулінен үш фазалы 3Х380 В кернеу арқылы қоректенеді.

Ток және кернеу датчиктерінің, сондай-ақ күштік модулдің шықпалары


кірмелік/шықпалық модулінің AВС1, АВС2, АВС3 кірмелеріне сәйкестендіріліп қосылады.

5.1 сурет – ТТ-Қ жүйесін зерттеуге арналған сұлба





  1. Зертханалық жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:

- тиристорлық түрлендіргішті жылдамдық реттейтін режимге ауыстыру керек, SA1 ауыстырып қосқышын «Авт» қалыпына, SA4 – «НМ» қалпына, «Сеть» кнопкасын – төменгі қалыпқа, SA6 – төменгі қалыпқа қою керек;


- ПЧ модулінің SA1 ауыстырып қосқышын төменгі қалыпқа, RP1 потенциометрді – алынатын кернеудің минимум мәніне (сағат тіліне қарсы бағыттағы ең шеткі қалып), SA2 ауыстырып қосқышын – ортаңғы қалыпқа қою керек;


- реттегіш модульдегі тапсырма сигналының потенциометрін сағат тіліне қарсы бағыттағы ең шеткі қалыпқа қою керек, SA5 ауыстырып қосқышын «3,5» қалпына қою керек, SA6 ауыстырып қосқышын «0» қою керек;



  • жұмысты жеке компьютерде жүргізу үшін DeltaProfi бағдарламасын қосып және тиісті зертханалық жұмысты таңдау керек;




  • сұлбаны жинап болған соң жиілік түрлендіргішін моментті реттейтін режимге келтіру керек.

4) Табиғи механикалық және электр механикалық сиаттамаларды түсіру. Табиғи сипаттамалар қоректендіруші кернеудің шамасы тұрақты болған кездегі Uconst қозғалтқыштың айналу жиілігінің якорь тогына (электр механикалық сипаттама) f (IЯ ) және айналу жиілігінің қозғалтқыштың білігіндегі моментке (механикалық сипаттама) f (M ) тәуелділіктерін


көрсетеді.


Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:




  • «Сеть» кнопкасын қосып ТП – ға кернеу беру керек;




  • ТП жұмыс істеуіне рұқсат беріп (SA6) және реттеуші модульдің RP1 потенциометрімен ТП – ың шықпалық кернеуін 220В қою керек;




  • ТП жұмыс істеуіне рұқсат беріп (SA3) және қозғалтқыштың қажетті айналу бағытын таңдап, ПЧ модулінің RP1 потенциометрімен жүктеме моментін беру керек. Тәжірибені жүргізген кезде ТТҚ якоріндегі токты бақылау қажет. Ол 1.5А аспауы керек;




  • тәжірибені жүргізген кезде қозғалтқыш және генератор режимдерінен бірнеше нүктелерді жазып алған дұрыс.

Тәжірибе нәтижелерін 5.1 кестеге жазу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет