Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ



Дата13.06.2016
өлшемі205.65 Kb.
#131270
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің

өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін

пайдалану әдістемесі


Алматы, 2010

Баспаға Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір айтушылар:

Мусин Қ.С., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Мұхамбетжанова С.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін пайдалану әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 22 б.

Құралда «NETMEKTEP.KZ» қалалық білім беру жүйесін басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін пайдалану әдісінің сыры ашылады.

«NETMEKTEP» кешені педагогтардың, директорлардың, АББ қызметкерлерінің, білім беру департаментінің және басқа білім беру ұйымдарының электрондық WEB-қызмет порталына дербес қатынас құру арқылы ақпаратты жеткізуді, талдау мен өңдеуді жүзеге асыратын бірлестіктік ақпараттық инфрақұрылымның өзіндік құрамды бөлігі болып саналады.

Жүйе мектептің әкімшілік басқару аппаратының өзара әрекеттестігін автоматтандыру үшін қажетті кіріккен құралдарының жинағын ұсынады. Кешенде аудан мектептерінің АББ-мен және Білім беру департаментімен өзара әрекеттестігі мен ережелік жұмыс схемасы іске асырылған.




Кіріспе
Білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі шарттарының арасындағы негізделген және ақылға салынғын басқарушылық шешімдерді жедел түрде қабылдауға мүмкіндік беретін жедел талдау және оның ағымдығы жай-күйін бағалау болып саналады.

Қалалық білім беру жүйесінің басқарушылық іс-әрекетін оңтайландыру міндетінің ең тиімді және қазіргі заманғы щешімі оны ақпараттандыру болып саналады. Шынайы уақыт режіміндегі білім беру жүйесі туралы ақпараттың шапшаңдығы мен дұрыстығын, білім беру ұйымдарының санақ мәліметтеріне талдау жүргізу үшін оларды жинау мен өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық қатынастық технологияларды (АҚТ) енгізу едәуір артықшылық береді, өйткені білім беру басқармасы субъектілерінің өзара әрекеттестігінің біртұтас ақпарқатынастық ортасын дайындауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, осы міндетті «www.netmektep.kz». білім беру жүйесінің қалалық басқармасы субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпараттық қатынастық жүйесі шешеді.

«NETMEKTEP» кешені педагогтардың, директорлардың, АББ-нің, Білім беру департаментінің және басқа білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ақпараттық порталдың электрондық WEB-қызметіне дербес қатынас құру арқылы ақпаратты жеткізуді, талдау мен өңдеуді жүзеге асыра алатын ақпараттық бірлестіктік инфрақұрылымының өзіндік құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл есепке алу міндеттерін шешуге де, басқарушылық қызметтің барлық саласын қолдауға да, шешімдер қабылдауды қолдау жүйесінің өзіндік тегін қалыптастыруға да бағдарланған қалалық білім беру жүйесінің жай-күйі туралы ақпаратты сақтау мен өзекті етудің көпқызметті автоматтандырылған жүйесі.

Осы жүйені енгізу білім беру ұйымдарындағы санақ мәліметтерін жинау мен өңдеу процесіндегі басқарушылық іс-әрекет субъектілерінің өзара әрекеттестігін оңтайлы ұйымдастыруға, басқарма субъектілерін және білім беру саласындағы басқа қызметкерлерді бірсарынды іс-әрекеттерден құтқаруға, еңбек ауқымы мен басқару саласындағы міндеттерді шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді.

Басқарушылық кешенді енгізудің негізгі мақсаты интерактивтік кері байланысты ұйымдастыру, мектеп процестері мониторингінің қызметін кеңейту болып саналады. Жүйе мектептердің әкімшілік-басқарушылық өзара әрекеттестігін автоматтандыру үшін қажетті кіріккен құралдар жинағын ұсынады. Кешенде аудан мектептерінің АББ-мен және Білім беру департаментімен өзара әрекеттестігі және берік жұмыс схемасы жүзеге асырылған. Әрбір жеке ұйымның (мысалы, мектептің) дайындалынған жеке мәліметтер базасына тек мектептің өзі және сәйкес ауданның АББ ғана қатынас құру алады. Мектеп пайдаланушылары жұмыс істеу және ағымдағы есепті дайындау үшін тек өздерінің ішкі мәліметтерін ғана пайдалана алады.

Құжат айналымын пайдалану кезінде атқарушылық тәртіп бойынша есеп-қисапты қалыптастыру мен құжаттарды тағайындауды, қызметтік жазбаларды, өтінімдерді автоматтандыру есебінен ұйымдар ішінде қызметкерлердің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету, жаңа құжаттармен үйым қызметкерлерін тез және бақыланатын таныстыру, құжат айналымын басқаруды жеңілдету үшін уақыт пен ресурстар үнемделеді. Әр түрлі деңгейдегі басшыларда білім беру жүйесіндегі болып жатқан процесстердің тұтас картинасы бар болады.

Құжаттар бір ұйымнан екіншісіне санаулы минутта беріледі: мысалы, Аудандық білім беру бөлімі органынан жарияланғаннан кейін бірнеше минуттан соң танысу мен пайдалану үшін мектепке жарлықтар, бұйрықтар, қаулылар түседі.

Барлық құжаттар (кіріс және шығыс құжаттары) біртұтас жүйеде сақталады – пайдаланушылардың аймақтық алыстығына тәуелсіз түрде ұйымдардың біртұтас ақпараттық кеңістігі қалыптасады.

Бір жолғы құрылған база қалалық білім беру жұйесінің жай-күйі: қала мектептеріндегі педагогтар мен мектеп оқушыларының сандық және сапалық құрамы, білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жабдықталуы туралы шынайы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Жүйе интерфейсі мультитілді болып саналады. Пайдаланушы өз бетімен интерфейс тілін аса қолайлы және үйреншікті тілге ауыстырып қоса алады.

Аудан ауқымында да, қала ауқымында да білім беруді ұйымдастыру жұмысында кешенді пайдалану бірлескен міндеттерді делдал мен қосымша материалдық пен уақыт шығынынсыз шешу үшін жұмыстарды атқарушылар арасында тікелей өзара әрекеттестік пен байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.




Мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің

өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін

сипаттау
NETMEKTEP кешені – білім беру жүйесі субъектілерінің өзара әрекеттестігінің тиімді ресурстары және келесі маңызды құрамдас бөліктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

- әрбір мектеп директорының жеке офисіне қатынауды қамтамасыз ету;

- құжатайналымды ұйымдастыру;

- мониторинг пен санақ мәліметтерін жинау мен талдауды автоматтандыру.



1-сурет. Пайдаланушының NETMEKTEP.KZ жүйесін құттықтау беті


Жүйені пайдаланушылар білім беру жүйесі мекемесінің әкімшілік басқарушылық бөлімінің өкілетті адамы болып саналады. Жүйеге кіру Басқарушы ұйымның өкілетті адамына берілген логин мен құпия сөз көмегімен жүзеге асырылады. Мектеп үшін мектеп директорының атына есепке алу жазбасы дайындалады. Пайдаланушыларға қолайлы жағдай мен дұрыс ұқсастыру үшін жүйеге кіруге арналған логиннің өзі пайдаланушының фамилиясы мен есімі болып табылады. Әдеттегі жүйеден айырмашылығы, логин ретіндегі авторландырудың ерекшелігі сол болып саналады, ұлттық әліпбиді пайдалануға болады, яғни есім орыс әріптерімен де, қазақ әріптерімен де жазылады (2-сурет).


2-сурет. Авторландыру терезесі

Табысты авторландыру жағдайында пайдаланушы өзінің дербес іс бөлмесіне кіреді.

Пайдаланушының дербес іс бөлмесі жүйедегі қатысушының рөліне байланысты әр түрлы қызметке ие бола алады. Мәліметтерге және жүйемен жұмыс істеудің қызметтік ерекшеліктерінің жинағына қатынас құру деңгейлері әр түрлі қатысушылардың 3 түрі бар:


  • Мектеп директры

  • АББ деңгейіндегі басшы

  • Білім беру департаментінің өкілі

Осылай, мысалы, егерде пайдаланушы мектеп директоры болса, онда оның іс бөлмесінің негізгі мәліметтері:

  • Педагогикалық құрамның мәліметтер базасы

  • Оқушылардың мәліметтер базасы

  • Мектептің материалдық техникалық жағдайы бойынша мәліметтер базасы болып саналады.

Мектеп директорының құжат айналымының қызметтік жинағы келесі құжаттардан тұрады:

  • Мектеп туралы жалпы ақпарат

  • Жалпы тағайындаудың құжаттары

  • Хабарландырулар

  • Пайдаланушының реакциясын талап ететін АББ-нің сұрататын құжаттары (түсініктеме немесе жауап)

Құжаттар ақпараттық қатынас жүйесіндегі келесі құрамдас бөліктер бойынша үлестірілген (3-сурет):

- нормативтік құқықтық құрамдас бөлік;

- Оқу-тәрбиелік құрамдас бөлік;

- Әдістемелік құрамдас бөлік.

Пайдаланушыларға қолайлы болу және құжатқа қатынас құру мен іздестіруді жеңілдету үшін блоктың атауын басқан кезде осы бөлімге жинақталған материалдардың барлық тізімі ашылады. Осы бөлімде жарияланған мақалалардың жалпы саны жоғарғы бұрыштағы сары шаршыда бейнеленеді. Тиісті құрылымдар орналастыратын хабарлар блоктарда тізбекті түрде орналастырылады. Әрбір блокқа соңғы жарияланған бес құжат шығарылады.



3-сурет. Ақпараттық қатынас жүйесінің құрамдас бөліктері
Көздің қабылдауын жеңілдету үшін блоктарда жарияланған, пайдаланушылар оқымаған құжаттардың атауы қызыл түспен жарықталынады. Оқылып болғаннан кейін құжат стандартты көк түспен жарықталынады (4-сурет).

4-сурет. «АББ-нен ақпарат» бөліміндегі оқылған хабарлар тізімінің үзіндісі

Құжаттармен жұмыс
Құжаттарды дайындау үшін біртұтас бөлім пайдаланылады. Материалдар дайындау бетіне өту үшін төмендегі мына батырма пайдаланылады:


Пайдаланушыға құжаттардың келесі түрлері ұсынылады (5-сурет):










5-сурет. Типы документов информационно-коммуникативной системы


Құжаттың «Мектеп хабарландарулары» түрі файлдарды тіркеу мүмкіндігі бар мәтіндік құжаттарды дайындауға арналған. Құжаттардың бұл түрі жалпы мақсаттағы материалдарды жариялау үшін арналғанына назар аударыңыздар. Құжаттың осы түрінің көмегімен жарияланған ақпарат, басқа мектептердің пайдаланушылары мен АББ-н қамти отырып, жүйенің барлық қатысушыларына оңай болатын болады. Хабарландыру көмегімен қызметтік болып саналатын және тек АББ үшін арналған құжаттармен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Тиісті құжатты алу кезінде мыналарды есте ұстау қажет:



  • құжат орналастырылатын бола алады және тек оқуды талап етеді;

  • құжат түсініктемені талап ете алады;

  • құжат редакциялауды және жөнелтушіге кері қайтаруды талап ете алады.

Редакциялауды талап ететін, яғни қандайда бір құжаттарды кері қайтаруды талап ететін немесе түсініктемелерді талап ететін құжаттар дербес іс бөлмесінің «Кіріс құжаттары» бөліміне орналастырылады.

«Кіріс құжаттары» бөлімі пайдаланушының назарын талап ететін және кез келген мезетте өңдеуге болатын келіп түсетін құжаттардың толық мұрағаты болып саналады. Оның ішкі бөлімдері бар:



  • жаңа құжаттар;

  • жауаптарды талап ететіндер.

«Жаңа құжаттар» бөлімінде жаңа түскен, пайдаланушы әлі оқымаған құжаттар бар болады. Құжаттар осы бөлімнен қаралғаннан кейін ол автоматты түрде «Кіріс құжаттары бөліміне орын ауыстырады.

«Жауапты талап етуші» бөлімінде пайдаланушы оқыған, бірақ әлі өңделмеген, яғни пайдаланушы әлі назар аудармаған құжаттар болады. Пайдаланушы қалай жауап қалыптастырады, солай құжат бұл бөлімнен «Кіріс құжаттары» бөліміне орын ауыстырады.

«Кіріс құжаттары» бөлімінде келесі өрістер бар болады (6-сурет):


  • Реті бойынша құжат нөмірі

  • Жөнелтуші қалыптастырған құжат атауы

  • Алынған айы-күні және жылы

  • Құжат мәртебесінің көрсеткіші

  • Жарияланған құжаттың авторы

Құжаттың үш мәртебесі бар болады: «Жөнелтілмеген», «Оқылған (бірақ жөнелтілмеген)» және «Жөнелтілген». Көрсеткіші сәйкес түрде қызылға, сарыға және жасылға өзгереді. Түстік көрсеткіш саны көп құжаттармен жұмыс істеуді айтарлықтай жеңілдетеді.

6-сурет. Мысал, Жетісу ауданының АББ-нен

Мектеп директорына жөнелтілген Кіріс құжаты
Жүйедегі кез келген құжат оның атауы бойынша тышқанның үн қатуы арқылы ашылады.

Қабылданған құжаттың міндетті өрістері бар болады:

- Құжаттың атауы;

- Құжатты жариялаушы автор;

- Құжаттың негізгі мәтіні;

- Бекілілген файл (файлдың атауы мен мөлшері бар болады)

Егерде құжаттың соңында [Жауапты жөнелту] батырмасы орналасқан болса, онда құжаттың осы түрі пайдаланушыдан жауап талап етеді. Пайдаланушы осы батырманы басқан кезде құжатты дайындау формасы жүктеледі (7-сурет).

7-сурет. Құжатты дайындау формасы

Құжатты дайындау формасы жүйенің кез келген пайдаланушысы үшін стандартты болып саналады да міндетті мына өрістерді қамтиды:


  • Құжаттың атауы;

  • Құжатқа түсініктеме (құжаттың негізгі мәтініне);

  • «Салынған файлдар».

Тіркелетін құжат келесі форматтарға сәйкес болуы тиіс: оның барынша мөлшері - 5 Мб, ал мүмкін болатын кеңеюлері - jpg, jpeg, gif, png, txt, doc, xls, pdf, ppt, pps, odt, ods, odp, docx, xlsx, pptx.

Файл құжатқа «Тіркеу» батырмасының көмегімен тіркеледі. Одан әрі пайдаланушы «Сақтау» батырмасының көмегімен құжатты сақтайды немесе «Алдынала қарап шығу» батырмасының көмегімен (қажеттілікке қарай) құжатты алдынала қарап шығады.

Құжатты сақтағаннан кейін пайдаланушыға, қателік болмағанын және құжат сәтті сақталынғанын хабарлайды:


Пайдаланушының назар аударғанынан кейін (осы жағдайда – авторға қажетті түсініктеме немесе толық жауап жіберілді) «Барлық құжаттар» бөлімінде осы құжат «Жіберілді» мәртебесіне ие болады да сәйкес жасыл көрсеткішпен белгіленеді (8-сурет).

8-сурет. Өңделген және өңделмеген құжаттардың бейнеленуінің мысалы


Әрбір құжаттың жүйе теліген бірегей нөмірі бар болады.
Білімдердің мәліметтер базасындағы құжаттарды іздестіру ыңғайлы болу үшін пайдаланушы оның нөмірі бойынша іздестіру қызметін пайдалана алады (9-сурет):

9-сурет. Құжатты іздестіру формасы



Жеке хабарлармен жұмыс
Пайдаланушылар үшін жүйе өз ара хабарлар алмасуға қолайлы: «Жеке хабарлар пайдаланушылардың арасындағы ішкі хат-хабар жазысулар» Осы қызмет тек жүйенің ішінде ғана хат-хабар жазысуды жүргізуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен электрондық поштаға хабарлар жөнелтуге болмайды.

Оның орнына, ішкі хат-хабар жазысу және ақпарат алмасу жүйенің маңызды бөлігі болып саналады. Бұл қызмет құжатайналымнан ТЫС қарым-қатынас жасау үшін пайдалы. Хат-хабар жазысу көмегімен жеке сұрақтар қоюға, сол немесе басқа мәселені шешу үшін көмек сұрауға немесе жай қарым-қатынас жасауға болады. Хат-хабар жазысу тек жөнелтуші мен алушы үшін ғана қол жетерлік және құпия сипатта болады.

Таңдалынған пайдаланушыға хабарлама жазу үшін «Жаңа хабарлама жазу» салымын басу керек.

Ашылған формаға міндетті түрде алушыны көрсету керек. Ол үшін алушының толық аты-жөнін ол жүйеде тіркелгендей түрде енгізу қажет. Жүйе автоматты түрде ақыл айтады және алушыны таңдауға көмектеседі – алғашқы бірнеше әріпті енгізсе жеткілікті (10-сурет)

10-сурет. Жеке хабарламаны алушының атын енгізу

Осыдан кейін керекті алушыны таңдау жеткілікті болады. Көріп тұрғандарыңыздай, пайдаланушының фамилиясы мен ата-жөнін толығымен енгізудің қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ мұндай әдіс алушыны жазуда қателесуді болдырмайды.

Сол бір хабар бірнеше алушыға жөнелтіле алады. Ол үшін оларды үтір арқылы атап шығу қажет (11-сурет):



11-сурет. Хабарларды екі пайдаланушыға жөнелту мысалы.


Жөнелту үшін тақырыпты толтыру және хабарды жазу қажет. Хабарды, алдын ала қарап шықпастан, бірден жөнелтуге болады. Ол үшін «Хабарды жөнелту» батырмасын басыңыздар.

Жаңа хабар түскен кезде пайдаланушы тез арада ескертілетін болады. Дербес іс бөлмесінің менюінде тиісті хабар пайда болады:



Оқып шығу үшін хабарға үн қату және оқып шығу қажет (12-сурет).



12-сурет. Алынған хабардың мысалы.

Оқылмаған хабарлар қалың қара қаріппен ерекшеленеді де «Жаңа» деген көрсеткіші бар болады.

Хабарды оқып болғаннан кейін, егерде бұл қажет болса, онда Сіз жөнелтушіге жауап бере аласыз. Керек емес хабарларды белгілеуге және тиісті батырманы басып, жоюға болады.



Мектеп директорының дербес іс бөлмесіндегі

мәліметтер базасымен жұмыс
Мектеп директорының дербес іс бөлмесіндегі мектептің оқушылары мен педагогтары құрамының мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін келесі міндеттер қарастырылған.

  • Оқушыны қосу. Пайдаланушы «Оқушыны қосу» менюі пунктінің көмегімен жаңа оқушыны мәліметтер базасына кіргізе алады. Нәтижесінде еркін тәртіппен толтырылатын барлық қажетті өрістері бар форманың орнатылған түрі ашылады, толтырылады және уақыт өткенде өзгере алатын болады. Ақпаратты бағыттау мен қабылдау қолайлы болу үшін өріс блок бойынша қисынды түрде бөлінген (13-сурет).


13-сурет. Оқушыны қосу формасы (осы графикалық кескін барлық өрістерді көрсетпейді, бірақ оқушы туралы мәліметтер блогының логикалық бөлінуі туралы түсінік береді)


Оқушыға арналған мәліметтерді қосу формасында келесі өрістер бар:

(Толтыруға арналған міндетті өрістер жұлдызшалармен белгіленген)



  • ФАЖ*

Жалпы ақпарат:

  • Жынысы: *

  • Оқу тілі: *

  • Туған айы-күні: *

  • Ұлттық қатыстылығы: *

  • Оқу сыныбы: *

  • Сыныптың әрпі: *

  • Туған жері:

  • Туған елі: *

  • Туған қаласы: *

  • Оралман/оралманқыз

Құжаттар:

  • Тууы туралы кеуәлік нөмірі:

  • Жеке бас куәлігінің нөмірі:

  • Жеке бас куәлігі берілген:

  • Жеке басының куәлігінің берілген айы-күні-жылы:

Отбасы жағдайы

  • Отбасындағы балалар саны: *

  • Осы оқушыны қосқандағы отбасындағы балалардың жалпы саны.

  • Отбасы мүшелері:

  • Отбасы мүшелері:

  • Маңызын «ФАЖ, туған жылы» форматында көрсетіңіз

  • Қамқаршылардың ФАЖ:

  • Қамқаршылардың ФАЖ:

Әлеуметтік жағдайы: *

  • Ата-аналары туралы мәліметтер

  • Әкесі бойынша мәліметтер:

  • Жұмыс орны, жұмыс және ұшқыр телефондары, лауазымы, мамандығы

  • Анасы бойынша мәліметтер:

  • Жұмыс орны, жұмыс және ұшқыр телефондары, лауазымы, мамандығы

  • Үйінің адресі:

  • Қала/ауыл, көше, үй, пәтер, телефон.

Оқушы туралы мәліметтер қосылғаннан кейін мектеп оқушыларының мәліметтер базасына кіреді. Толық сауалнамалық мәліметтер мектеп директорының құқығымен ерекше түрде пайдаланушыға жеңіл болады.

Мәдіметтер базасымен жұмыс істеу және бағыттау келесі түрде жүзеге асады. Кестелік формадағы мәліметтер келесі түсінікті параметрлермен пайдаланушыға ұсынылады.



  • Реті бойынша нөмір

  • ФАЖ

  • Туған жылы

  • Класс

  • Әрбір оқушы туралы ақпараттың соңғы жаңартылу айы-күні-жылы

  • Өзгерту – таңдалынған оқушы туралы мәліметтерді редакциялау формасын ашатын қызмет. Мәліметтер базасында әліпби бойынша да, туған жылы мен оқитын сыныбы бойынша да іріктейтін қызметі бар (14-сурет).

14-сурет. Мәліметтер базасы – оқушылар тізімі



Мәліметтер базасынан ақпаратты шығару формасы, сондай-ақ ондағы бар мәліметтер, мектеп басшысы онымен одан әрі қажетті жұмысты істеу үшін, MSO Excel-ге оңай шығарылатын болады. Бұл қызмет мәліметтер базасының ұқсас типі үшін арнайы дайындалынған болып саналады.

  • Педагогты қосу

Мектеп директоры «Оқытушыны қосу» менюі пунктінің көмегімен жаңа педагог туралы мағлұматтарды мәліметтер базасына кіргізе алады. Нәтижесінде еркін тәртіппен толтырылатын барлық қажетті өрістері бар форманың орнатылған түрі ашылады, толтырылады және уақыт өткенде өзгертіле алатын болады. Педагогты қосу формасында ақпаратты бағыттау мен қабылдау қолайлы болу үшін блок бойынша қисынды түрде бөлінген келесі өрістер бар (15-сурет).

15-суре. Педагогты қосу формасы.

Осы графикалық кескін барлық өрістерді көрсетпейді, бірақ педагог туралы мәліметтер блогының логикалық бөлінуі туралы түсінік береді

Мұғалімге арналған мәліметтерді қосу формасында келесі өрістер бар:

(Толтыруға арналған міндетті өрістер жұлдызшалармен белгіленген)


  • ФАЖ: *

Жалпы ақпарат

  • Жынысы: *

  • Туған айы-күні: *

  • Ұлттық қатыстығы: *

  • Үйінің адресі: *

  • Қала/ауыл, көше, үй, пәтер.

  • Телефон:

Білімі

  • Білімі: *

  • Санаты: *

  • Оқу орны:

  • Мамандығы:

  • Дипломның нөмірі:

Жұмыс өтілі

  • Жалпы өтілі: * жыл

  • Мамандығы бойынша өтілі: * жыл

  • Үздіксіз өтілі: * жыл

Мамандығы:

  • Негізгі кәсібі:

  • Тілдерді білуі:

  • Оқытушы игерген барлық тілді санап шығыңыздар, әрбір тілді жеке жолға жазыңыздар.

Пән мұғалімі:

  • ағылшын тілі

  • биология

  • география

  • информатика

  • тарих және т.б.

Құжаттар:

  • жеке басы куәлігінің нөмірі:

  • Жеке басы куәлігі берілген:

  • Жеке басы куәлігі берілген айы-күні-жылы:

  • РНН:

  • ИИН:

  • СИК:

Аттестация

  • Педагогикалық кадрларды аттестаттаудан өткізудің соңғы орны:

  • Аттестаттаудың айы-күні-жылы:

БА курстарынан өтуі туралы мәліметтер:

  • Жалпы орта білім беру педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру бойынша мәліметтер:

  • Жетістіктері, атағы және марапаттары

  • Мұғалімнің жетістіктері:

  • Мұғалімнің жетістіктері:

  • Ғылыми еңбектері мен өнертабыстары:

  • Мемлекеттік марарпаттары:

  • Ғылыми дәрежесі, атағы.

Педагог туралы мәліметтерді қосқаннан кейін ол мектеп мұғалімдерінің мәліметтер базасына кіреді. Бағыттау келесі түрде жүзеге асырылады. База пайдаланушыға келесі оңай параметрлермен беріледі:

    • Реті бойынша нөмірі

    • ФАЖ

    • Туған жылы

    • Әрбір педагог туралы ақпараттың соңғы жағартылу айы-күні-жылы.

  • Өзгерту – таңдалынған педагог туралы мәліметтерді редакциялау формасын ашатын қызмет. Мәліметтер базасында әліпби бойынша да, туған жылы бойынша да іріктейтін қызметі бар (16-сурет).

16-сурет. Мәліметтер базасы – мектеп оқытушыларының тізімі


Мәліметтер базасынан ақпаратты шығару формасы, сондай-ақ ондағы бар мәліметтер, мектеп басшысы онымен одан әрі қажетті жұмысты істеу үшін, MSO Excel-ге оңай шығарылатын болдады. Бұл қызмет мәліметтер базасының ұқсас типі үшін арнайы дайындалынған болып саналады.



  • Қосу: Мектепті материалдық жасақтау

«Мектепті материалдық жасақтау» формасы оқушылардың мәліметтер базасын толтыруға ұқсас толтырылады.

Бұл мәліметтер базасының айырмашылығы мәліметтер бір тізіммен берілетін болып саналады да екі немесе одан артық нұсқалары болмайды. Мәліметтер еркін ретпен өзгертілетін және кез келген уақытта редакцияланатын бола алады. (17-сурет).

17-сурет. Материалдық және техникалық жағдайы туралы

мәліметтер базасының формасы

Аудандық білім беру бөлімі тарапынан құжаттармен жұмыс

Жеке іс бөлмесі мектеп, оқушылар және педагогикалық ұжымдар туралы мәліметтердің толтырылуының толықтығын талдауға мүмкіндік береді. АББ–нің немесе департаменттің өкілдері жөнелтілген құжаттарға пайдаланушылардың назар аударуы туралы мәліметтер ала алады: АББ-нің қызметкерлері жөнелтілген құжатпен қайсы мектептердің оқығанын немесе таныспағанын көреді.

Ақпаратты толтыру туралы мониторинг жүргізеді, санақ есептерін қалыптастырады.

Жеке іс бөлмесінің қызметтерінің бірі құрамды бөліктері бойынша ақпарат алуды бақылау және сол немесе басқа мектептің назар аударуын анықтау мүмкіндігі болып саналады. Көрсеткіштің форматы келесідей болады:



«Жауап берілді» жасыл көрсеткіш және мәртебе
(құжат алынды, оқылды және жөнелтілді)

«Оқылды» сары көрсеткіш және мәртебе
(құжат алынды және оқылды)

«Жауап берілмеді» қызыл көрсеткіш және мәртебе

(Құжат алынды, бірақ пайдаланушы әлі оқыған жоқ)


Сонымен, 18-суретте келтірілген мысалдан АББ-нің қызметкері сұралатын құжатқа қай мектептерден кері ақпарат келгенін түсіне алатыны көрнекі түрде көрініп тұр (осы жағдайда АББ-не 101 және 118 ОМ-тер құжаттар жіберді)

18-сурет. АББ-тарапынан құжаттармен жұмысты талдау мүмкіндігі


Санақ есептерін қалыптастыру
Қалалық білім беру жүйесінің басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпараттық қатынастық жүйесі негізінде шынайы уақыт режімінде мәліметтерді алу және берілген форма мен үйлесімде санақ есептерін лезде қалыптастыру тетігі бар. Егерде пайдаланушы әлде бір міндетті формаларды ұмытқан немесе қандай да бір себептен толтырмаса, онда жүйе ол туралы міндетті түрде еске салады.

Жалпы санақтардың барлық формасы толтырылған мәліметтер нәтижесінде, автоматты түрде өзгереді. Сондықтан формаларды толтыру кезінде оқушылардың, мұғалімдердің, мектептің материалдық және техникалық құрамының мәліметтер базасына енгізілген мәліметтердің әдептілігіне, дұрыстығы мен өзектілігінге назар аудару төтенше маңызды.

Есеп берушілікті алу жүйесі – белгілі бір пайдаланушыға берілген құқық бойынша жүйенің барлық пайдаланушылары үшін салынған іргелі қызметтердің бірі.

Есеп берушілік формалары алынған мәліметтердің ыңғайлы болуы үшін мәтіндік сипаттаумен толтырылады

Кейбір формаларды таңдау кезінде осы таңдауларды алуға сұранысты алдынала қалыптастыру қызметі ұсынылады (19-сурет).

Есепке кез келген басқа өрістер де енгізіле алатын болады. Шығуында пайдаланушы шамамен келесі түрдегі кестелік форманы алады (20-сурет).


19-сурет. Есепке енгізуге қажетті мәліметтерді таңдау


20-сурет. Қалыптасқан есеп мысалы

Осыған ұқсас түрде ауданның барлық мектептері бойынша ортақ жиынтық формалар қалыптасады. Мысалы, келесідей түрде тек АББ-нің қызметкерлері үшін ғана ыңғайлы оқушылар құрамы бойынша мәліметтерді таңдау бапталады (21-сурет):

21-сурет. Есеп берушілікті бейнелеу формасын баптау


Форманы баптау келесі баптауларды қамтиды:

  • Есеп беру кезеңін таңдау (жылдық кезеңді, осылай және ағымдағы кезең үшін мәліметтерді таңдау мүмкіндігі)

  • Ауданның таңдауы (Есеп мәліметтері бір ауданнан да, солай және барлық ауданнан да жиналатын бола алады). Бұл қызмет ақпаратқа қатынас құруға сәйкес құқығы бар Білім беру департаментінің пайдаланушылары үшін ерекше түрде қолайлы.

  • Бейнелеу түрін баптау. Берілген өрістер тік түрде де, сызық түрінде де орналаса алатын болады – есепті бейнелеу тәсілін пайдаланушының өзі таңдайды. Сұраныс бойынша қалыптасқан форманың тағайындалған түрі алдымен жүйеде көзбен көріп талдау үшін қалыптастырылады (22-сурет).

22-сурет. 11а формасын толтыру мысалы


Пайдаланушы мәліметтермен өзінің қалауы бойынша жұмыс істей алады: оларды принтерге басып шығаруға (баспа үшін нұсқаны) немесе жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін Excel-ге экспорттауға (экспорт Excel) болады. Экспорттың осы формасы пайдаланушы ақпаратты одан әрі пайдалану үшін аса пайдалы болады.

Қатыспағандар туралы мәліметтерді жариялау формасы

Қатыспаған оқушылар туралы мәліметтерді күн сайын жөнелтудің формасы 2 кезеңде бапталады. Пайдаланушыға есеп беруге алдымен қандай өрісті енгізу қажеттігін таңдау ұсынылады. Автоматты түрде бірден екі өріс – қатыспағандар және қатысқандар өрісі таңдалынады.

Қосымша өрістер таңдалынады, оларды жай құсқанаттармен белгілейді. Есеп беру формасына кез келген есеп беру күні немесе талап етілген кезде қосымша өрістер енгізуге болады (23-сурет).

23-сурет. Қатыспаған оқушылар бойынша есеп берушілік формасының мысалы


Келесі қадам пайдаланушыға бірінші және екінші ауысым бойынша қажетті өрістерді толтыруға мүмкіндік береді.

24-сурет. Ауысымдар қимасында қатыспаған оқушылар бойынша

есеп берушілік формасына мысал

Сақталған мәліметтер автоматты түрде мәліметтер базасына келіп түседі де АББ-нің күн сайынғы жинақ есебіне енгізіледі. Мәліметтерді өңдеудің осы тәсілі мәліметтердің қосарлануын немесе қайталап жөнелтілуін болдырмайды.


Қызметкерлердің арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру және шығындарды қысқарту, бар процесстерді автоматтандыру және үдету – міне NETMEKTEP кешенін енгізу мен пайдалану кезінде табысты болатын негізгі міндеттер.

Мектеп басшылары үшін білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық жүйесін пайдалану әдістемесінің практикалық маңыздылығы келесілерге саяды:



  1. Әрбір мектеп директорының сайтта дербес офисі бар болады.

  2. Мектептердің барлық директоры Интернет бойынша ақпарат алатын болады.

  3. Жоспардан тыс ұйымдастырылатын шаралар саны қысқарады.

  4. Кері интерактивтік байланыс жасақталатын болады.

  5. Мктеп директорларының, педагогикалық ұжымдардың және оқушылардың мектеп өмірі іс-әрекетінің әр түрлі мәселелері бойынша пікірлерінің объективтік монгиторингінің мүмкіндіктері кеңейеді.

  6. Мектеп басшыларының және қалалық білім беру департаменті қызметкерлерінің кәсіптік компьютерлік сауаттылығы едәуір жоғарылайды.

Педагогикалық өзара әрекеттестік кешенін дайындау, зерттеу және талдамалық жұмыс – «Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы» ОБ. Netmektep.kz жүйесіндегі дайындаудың автордың шешімдері, материалдарды ұсыну мен жүзеге асырудың тәсілдері авторлардың меншігі болып саналады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет