Ұлттық сана-сезімді нығайту
Cуреттегі ескерткіштердің Қазақстанда орналасқан аймақтарын анықтаңыз
1-Батыс, 2-Солтүстік Батыс Қазақстан
1-Оңтүстік, 2-Орталық Қазақстан
1-Оңтүстік, 2-Оңтүстік Шығыс Қазақстан
1-Шығыс, 2-Орталық Қазақстан
1-Орталық, 2-Солтүстік Шығыс Қазақстан
XIV-XV ғ. аралығында 1-суреттегі көрсетілген ескерткіш салғызған тарихи тұлға: A) Ұлықбек
Тоғылық Темір
Қарахан
Әбілқайыр хан
Әмір Темір
1-суреттегі ескерткіш салынды
Сайрам қаласында
Түркістан қаласында
Алматы қаласында
Талғарда
Шымкентте 15. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырыла бастады
2012 жылдан
2009 жылдан
2016 жылдан
2004 жылдан
2000 жылдан
Нұсқау: Сізге толық жауапты қажет ететін ашық тест тапсырмалары беріледі.
Oтырықшы халықтар мен көшпелілер арасындағы сауда байланыстары және бір-біріне өзара әсері
Қазақстанда отырықшы және көшпелі мал
шаруашылықтарының қалыптасқан аймақтарын анықтаңыз [1]
Отырықшы халықтар мен көшпелілердің шаруашылық
ерекшеліктерін ажыратыңыз [2]
Көшпелілер мен отырықшы халықтардың өзара экономикалық
байланыстарына баға беріңіз [2]
1нұсқа
а.Отырықшы-егіншілік мәдениет дамыған аймақтарда аз көлемде болса да, малшаруашылығы орын алды. Қазақстан жерінде ежелден мәдени-шаруашылық дәстүрдің екі түрі қалыптасқанын білеміз. Біріншісі – көшпелі малшаруашылығы Қазақстанның негізгі бөлігін қамтыды. Екіншісі – отырықшы-егіншілік оңтүстік аймақтарда тараған. Суармалы егіншілік, қала мәдениеті, қолөнер осы өңірдің негізгі шаруашылық түрін құрады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы мемлекеттердің шаруашылық-мәдени дәстүрінің жағдайы. Ерте темір дәуірінде Жетісу жерін үйсіндер, Арыс, Талас, Сырдария бойында қаңлылар мекендеген. Оларда көшпелілікпен қатар, отырықшылық тұрмыс та өркендеген. Қала мәдениеті, малшаруашылығы, егіншілік пен қолөнер кәсібі дамыған. Дала мен қала сауда, шаруашылық және әскери-саяси тұрғыда бір-бірімен қарым-қатынас жасап отырды. Қазақстан қалалары, қаңлы мен үйсін заманынан бастап түркі мемлекеттері – түргеш, қарлұқ, оғыз, қыпшақтар билеушілеріне бағынып келді. Қалалардың ішкі өзін-өзі басқару жүйесі туралы Сюань Цзянь былай деп жазады: «Олардың әрқайсысының өз бастығы бар. Олар бір-біріне тәуелді болмаса да, бәрі қағанға бағынады». Ірі қалаларда түркі билеушілері және ақсүйектер (бек, тархандар) отбасымен тұрды.
В. Отырықшы халықтар мен көшпелі малшылар арасындағы шаруашылық және сауда байланысы. Қазақстан жеріндегі көшпелі мемлекеттерде дала мен қала өзара қарым-қатынасқа түсіп отырған. Көшпелілер отырықшы тұрғындар өнімінің тұтынушысы болса, ал егіншілер өз кезегінде көшпелілерден мал өнімдерін алып отырған. Араб тарихшысы әл-Омари былай деп жазады: «Оларда (қыпшақтарда) егістіктің көлемі өте шағын және бидай мен арпа аз егіледі. Негізінен тары өсіріледі, сонымен тамақтанады…». Оңтүстік Қазақстан, Жетісу мен Сыр бойы қалалары көшпелілер даласын Орта Азия, Иран, Қытай және т.б. елдерімен байланыстырып тұрды. Көшпелілер отырықшы қала тұрғындарына мал, ет, жүн, киіз, май, тері, арқан, былғары және ағаш ыдыстар, темір бұйымдарын, күміс пен алтын әшекейлер, қару, ат әбзелдері, бағалы аң терілері, мүйіз, қыран құстар, аңшы иттерді ұсынып отырған. Бұларды отырықшы халық Жібек жолы тармақтары арқылы көрші елдерге де тасымалдаған. Мысалы, қыпшақ жылқылары шығыс елдерінде жүздеген динарға дейінгі бағамен сатып алынды. Әл-Макдиси былай дейді: «Шаш қаласынан басқа елдерге сапалы тері бұйымдары, ер, жебе салатын қорамсақ пен шатырлар әкетілді». Шығыс және еуропалық авторлардың пікірінше, түркі көшпелілерінде жайылымдардағы жемшөптің мол болуына байланысты малдың саны өте көп және онымен әлемдегі бірде-бір мемлекет бәсекелесе алмайды.
С. Көшпелілер мен отырықшы тұрғындардың өзара мәдени қарым-қатынастары. Қала мен дала тұрғындары саудаға, қолөнер мен ауылшаруашылығы өнімдерін өткізуге өзара мүдделі еді. Далалық аймақты мекендеген малшылар мен отырықшы және қала халқының арасындағы тауар айырбасы егіншілік пен малшаруашылығының өркендеуіне жағдай туғызды. Қалалар арқылы дала тұрғындарына тіл, дін, жазу, салт-дәстүрлер, өнер мен қолөнер үлгілері тарады.
Сауда дамуында соғдылар мен түркілер маңызды рөл атқарды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға көшіп келген иран тілдес соғдылар аралас тұрып, бірте-бірте түркілердің киімін және әдет-ғұрпын қабылдаған. Орталық Азия тұрғындарының өзіндік киім үлгісі қалыптасты. Қалаларының негізгі тұрғындары түркілерден басқа, соғды, араб, парсылар болды. ІХ–ХІІІ ғасырларда отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Түркілер отырықшы қала мәдениетіне көшіп, қолөнер, сауда, бақташылық, егіншілікпен айналыса бастаған. Көшпелі түркі қоғамында оларды жатақтар, яғни «көшіп-қонбайтын», «бір жерде тұратындар» деп атады.
Отырықшы қала өмірі Орталық Қазақстан және Ертіс аңғарында да дамып, егіншілік мәдениет өркендеді. Көшпелілер отырықшы халықтан егістікті суару жүйесін меңгеріп алған. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу және Орталық Қазақстан өңірлерінде ірі каналдар, су қоймалары, суды көтеруге арналған қондырғылар табылған. Егіншілік, негізінен, суармалы түрде жүзеге асырылған.
Тұрғын үй мен діни құрылыстар салуды үйреніп, күйдірілген және күйдірілмеген (саман) кірпішті қолданысқа енгізді. Түркілер құрылыс материалдарын, бояу, сәндік бұйымдар дайындауды меңгерді.
Өзіндік сәулет құрылысының бір түрі – киіз үйге ұқсас етіп өңделмеген тақтатастан салынған дың ескерткіштері болды. Ислам дінінің таралуына байланысты қайтыс болған көшпелі ақсүйектердің бейітіне мазарлар салу орын алды. Түркі ұсталары теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындылары Жошы хан, Алаша хан, Айша бибі кесенелерін тұрғызды.
2нұсқа
16. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз.
Жартылай көшпелі мәдениет. Мал өсіру - адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Алайда кәсіптің осы түрі бірден пайда болған жоқ. Қолға мал үйрету, археологиялық зерттеулерге қарағанда, тас ғасырының орта кезеңінде басталған. Ал жаңа тас ғасыры кезінде мал шаруашылығы қалыптасты. Бұдан кейінгі мал басын өсірудің едәуір дамыған уақыты – қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Сөйтіп,жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алады. Әсіресе, біздің жеріміз жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы.Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлаудың болуы жарты¬лай көшпелілікті көрсетеді. Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған. Сөйтіп орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалык байланыстар дамыған. Мал өсірушілер өздерінің малдарынан алған жүн, ет, май, тері өнімдерін немесе артық малдарын қыстақ пен қала тұрғындарына сатып, болмаса айырбас сауда жасап, өздеріне тұрмыска қажетті заттарын алып отырған.
Қала мәдениетінің дамуы. VI-IX ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан сияқты тағы баска қалалар да болған. Ал Жетісу аймағында Тараз, Талхир (Тал-ғар), Алмалық, Қойлық қалаларының болғаны белгілі. Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далалы аудандардағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған.
Өзара әсері:Осы кезде (VI-IX ғ.) жоғарыда аталған аймақтар әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бет бұрады. Мал өсірумен шұғылданатын тұрғындар арасындағы кедейленген топтар егіншілікпен, қолөнермен айналысып, қыстақтар мен қала тұрғындарының санын көбейтеді. Бұл отырықшылық мәдениеттің өркендей түсуіне әсер етті. Екіншіден, қала тұрғындары мен дала тұрғындарының ара¬сында экономикалық байланыс дамиды. Ол байланыс өмір сұранысынан туған, еш уақытта үзілмейтін байланыс еді.Көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, арагідік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-қатынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы қалалар үлкен әсер етті. Көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің өзара әсері, әсіресе шекаралық аймақтарда күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі, малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген.Мысалы, VІғ. түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ер-тоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. VІІ- VІІІғғ. түріктердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған.Таң әулеті кезіндегі Қытайда, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар, оларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге, көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
Қазақ хандығында хан сайлау жүйесі мен шарттары
Қазақ хандығындағы хан сайлау жүйесін түсіндіріңіз [1]
Хан сайлауға қойылатын басты талаптарды анықтаңыз [1]
Қазақ хандығындағы хан сайлау үдерісінің маңызына баға
беріңіз [3]
А.Қазақ ордасының хан сайлау дәстүрі
Біздің қазақ ордасы деп аталған ежелгі мемлекетімізде билік алмасудың мұнан мүлде өзгеше бір түрі қалыптасыпты. Қазақ дәстүрінде әр бір хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен. Яғни, ханның ұлы емес, халықтың ұлы ретінде танылған ел ағаларының бірі көпшіліктің қалауы бойынша хан сайланған.Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымындағы мұндай ерекшелікті өткен замандағы орыс дипломаттары мен оқымыстылары бірден байқапты. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Ресей мен Қазақстан арасында елшілікте жүрген атақты Мәмет мырза Тевкелев: «Қырғыз-қайсақта... мұрагерлік жолымен хан болмайды, сайлау арқылы ғана хан болады», – деп атап көрсетеді.
Ал сол XVIII ғасырда жасаған, Ресей патшалығының Қазақстанды біржола отарлау саясатын тікелей жүзеге асырушы, Орынбор губернаторы И.Неплюев 1748 жылы 26 тамызда Ресей Сыртқы істер коллегиясына жасаған ресми хабарламсасында былай байыптайды: «Бұл қырғыз-қайсақта қалыптасқан салт бойынша ежелгі хан-сұлтан әулетінің өкілдері мұрагерлік жолмен емес, халықтың сайлауы бойынша ғана хандыққа жете алады. Ел ағалары және халық қай сұлтанды қаласа, сол хан болып сайланады, ал ханның өкімі мен беделі оның хандық дәрежесіне емес, халықтың қамын жеген ой-парасаты мен өнімді іс-әрекетіне байланысты», – дейді. Яғни, ханның мұрагерлік жолмен таққа отырмай, халықтың қалауымен сайлануы – басқасын былай қойғанда, әміршіге айрықша міндет жүктейді екен, ханның көктен түсе қалмай, көптің ортасынан көтерілуі оның бұра тартпауына себеп екен, ел-жұртының мүддесін жоғары ұстауына негіз екен.
В.Біртұтас Қазақ Ордасының тарихында Керей ханнан Абылай ханға дейінгі аралықта бізге аты мағлұм жиырма хан өтіпті. Солардың барлығы да ашық сайлау жолымен халықтың қалауы бойынша хан көтерілді. Қазақ Ордасының ең соңғы ханы Кенесары да туған жұртының ежелгі озық дастүрі негізінде билікке жеткен болатын.
Алтын Орда тұсында қалыптасқан жүйе берік сақталумен қатар, болашақ хан ашық сайлау арқылы ғана таққа жететін, қазіргі ұғымдағыдай болмаса да, біршама демократиялық дәстүр біржола бекиді. Қазақ Ордасының әуелгі ханы – Керей, Керейден соң оның шөбере інісі Жәнібек, Жәнібектен соң Керейдің ұлы Бұрындық, Бұрындықтан соң Жәнібектің ұлы әдік, Әдіктен соң оның інісі Қасым... осылай жалғаса береді.
С..Енді Қазақ Ордасында қалыптасқан хан сайлаудың жөн-жоралғысы туралы айтайық.
Әлбетте, хандықтан үміткер адам – біреу, екеу, емес, әлденешеу болады. Қазіргі тілмен айтқанда, хандыққа кандидат ретінде іріктелудің, яғни, санатқа енудің ең басты шарты – үміткердің Шыңғыс хан әулетінен болуы.
Ежелгі түріктің қият руынан шыққан Шыңғыс хан ұрпағы Қазақ Ордасында ақсүйек, яғни, айрықша текті әулет деп саналған. Бұл әулеттің қазақы тілдегі атауы – төре. Жаңа ханды сайлау ашық түрде, жария жағдайда өткізілген. Әуелі бүкіл ұлысқа сауын айтылады. Жұртшылық белгілі бір жерге, көбіне көп Түркістанға, Әзірет Сұлтан дүрбесінің саясына жиналады.
Хан сайлау рәсімін көруге, белгілі бір мөлшерде сырттай болса да атсалысуға ұлыстағы кәрі-жастың бәрінің де хақысы бар. Әйелдер мен бала-шаға ең жақсы, сәнді киімдерін кисе, кемел жастағы еркек атаулы жарақтанып, қаруланып келуге міндетті болған. Бақыр басты әрбір кісінің кеңесші дауысы бар. Бұлар белгілі бір үміткерді қостап, мақұлдап, немесе әлдебіреуіне наразылық білдіріп, хан сайлаудың өзі қалаған бағытта өтуіне ықпал жасауға тырысқан. Яғни, Қазақ Ордасындағы халықтың, қарулы әскердің ой-пікірі жауапты кезеңде үлкен күшке айналған.
Әйткенмен шешуші дауыс – ел ағаларына тиесілі. Бұлар: жұрт ұстаған сұлтандар, рубасы билер, әскербасы батырлар және ерлігімен иә білігімен топтан озған игі жақсылар.
Әлбетте, ел ағалары алдында ақылдасып, кеңесе келе белгілі бір шешімге тоқтайды. Содан соң ғана жалпы жұрттың мақұлдауымен хан көтеру рәсімі өткізілмек.
Хан көтеру рәсімі жұма күні, ашық аспан астында өткізіледі. Жиналған жұрт кең майданда аттылы-жаяулы, алқақотан тұрады. Ортаға қымбат кілемдер, түрлі түсті текемет, сырмақтар төселген, жібек көрпелер жайылған. Бұл – ең сыйлы жер, төр деп есептеледі. Төрде хан сайлауға тікелей қатынасқан ел ағалары мансап-дәрежесі, атақ-беделіне қарай, үш қатар, төрт қатар болып дөңгелене отырады. Қақ ортада, яғни, төрдің төбесінде осы салтанатқа орай арнайы басылған, алтын әдіпті жұқа ақ киіз.
Жұрт орнығып, дабыра басылған соң бүкіл Ордаға танымал, атақ-абыройы зор ақсақаллдардың бірі орнынан көтеріліп, жиналған жұртқа Ұлыстың ұлы кеңесінің шешімін жариялайды, хандыққа кімнің сайланбағын айтады. Бұдан соң елге танымал екі адам екі жағынан қолтықтап әкеліп, болашақ тақ иесін төрдің төбесіне – ақ киіздің үстіне шығарады. Әлі, хан емес, үміткер жалпы жұртқа бой көрсеткен соң, ақ киіздің қақ ортасына, құбылаға бет беріп, қол қусырып, малдасын құрып отырады. Енді хан сайлаудың екінші, көпшілік қауымға арналған және ең шешуші бөлігі басталады.
Ел ағалары – шешен билер, әскербасы батырлар, өздері де тақтан үміткер болған кейбір сұлтандар кезекпе-кезек тұрып, жамиғатқа қарат сөз сөйлейді. Әдетте, әрбір шешеннің сөзін жұртшылық қостайды, мақұлдап айқайлайды, ризашылығын, қуанышын білдіреді. Ризашылығы болмаса, оны да ашық айтады. Әлбетте, алдын ала ойластырған, көпшілік болып келіскен істен кінарат шыға қоймайды. Жұртшылық оң тілегін айтады. Осыдан соң ұлыстағы дінбасы ғұлама Кәләм-шарифтен дұға оқиды, шартараптан жиналған жұртты пәтуаға келтіріп, хандыққа көтерілмек пендесіне аруақ пен Құдай атынан, бүкіл ұлыс жұртының атынан бата жасайды. Бұдан кейін ұлыстағы айрықша беделді, алдын ала белгіленген төрт кісі ортада малдас құрып отырған үміткерді ақ киіздің төрт бұрышынан алып, бастарынан асыра жоғары көтереді де, қайтадан жерге түсіреді. Хан сайлау рәсімінің түйінді шешімі осы.
18.
Kарта бойынша, Қазақстан территориясында пайда болған ерте мемлекеттердің (сақ, үйсін, ғұн, қаңлы) жер аумағын, қалыптасуының тарихи кезеңдерін, мемлекеттердің қоғамдық құрылысын анықтап, сабақтастығын түсіндіріңіз.
a) Қазақстанда пайда болған ерте мемлекеттердің жер аумағын
көрсетіңіз. [1] b) Мемлекеттердің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіріңіз. [1]
Мемлекеттердің қоғамдық құрылысын анықтаңыз. [1]
Мемлекеттердің құрылысындағы сабақтастықты анықтаңыз. [2]
18. Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен
бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтады. Олардың
ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралыбылай деп
жазады: “Бұл халық Аракс (тегі Сырдария) өзенінің арғы бетінде,
исседондарға қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына
қарасақ , скифтерге ұқсайды”.
Көне сына жазуларда сақтардың үш тобы туралы сөз айтылады:
парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга (хаома
сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар).
Парадарайя сақтары Арал өңірңнде, Сырдария мен Қаратеңіздің
теріскей жағында өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары
Сырдарияның орта ағысы мен Тянь-Шаньды мекендеген.
М.Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне
орналастырады. Сақ қоғамы. Грек-рим тарихшысы Квинт Курций Руф қана сақтарда
тәңір иелерге – соқа мен қамыт, жауынгерлерге – сүңгі мен оқ, абызға садақ
сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды айтқан. Осыған сүйене
отырып, сақ қоғамында халықтың үш тобы болғанын айта аламыз:
жауынгерлер (жауынгердің ежелгі ирандық аты “арбада тұрған”,
“ратайштар”); абыздар жігі – олардың танымал белгісі құрбан табақ пен
айрықша бас киім болған; “сегізаяқтылар” жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі
бар жік.Сақ тайпаларының көсемдері әскери жауынгерледің өкілдері
болған.Гректер оларды басилевс – патша деп атаған. Жауынгерлер мен
патшалардың белгісі жебелі садақ болған екен. Жебелі садақты баласына
әрі мұрагеріне беріп отырған. Сонымен бірге патша көктемгі жер жырту
басталарда біріншіборозданы тартқан, дәстүр бойынша ол қойшының
ұстазы болып саналған, бұл- оның халықпен тығыз байланысын көрсетеді.
Ол халықта барша жіктердің бейнесі болып танылған.
Үйсіндер (Усундер)
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір белгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы «гуньмо» (Күн баг — Күң бегі) деп аталатын иеліктің
негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен (Кангуй)
шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде
олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің
жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз
Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630-мың адам бар және айқасқа 188 мың
жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің
сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы
туралы мәлімет қалдырған.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология ма-териалдарынан
айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің қөлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар;
диаметрі 15 және биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар;
диамерті 10, биіктігі 1 м дейін жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар.
Қазба жұмысы жүргізілген кездері, егер қабыры таланбаған болса, үлкен
обалардан археологтар көптеген аттың әшекейлерді, қару-жарақты,
саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан. Мысалы, Теңлік обасындағы
қабырдан киімге тағылған алтын қалтырмалар, алтын сырғалар, алтынмен
қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған. Ал, кішкентай обалардағы
қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады, мәйіттің қаңқасымен қатар
темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір кезде қола сырғалар мен
қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба деректер де,
археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму
барысында мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.
Қаңлы (Кангюй) мемлекеті
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б. з. дейінгі II ғ. айтылады. 138 ж.
Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін
жібереді. Бір жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта
оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген
мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де
аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, «Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстікбатысында 200ли жерде. Осынау көшпелі иелік әдет-ғұрпы жағынан
юечжисылармен өте ұқсас 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан,
түскейінде юечжисылардың, батысында хундардың өкіметін мойындайды. Яньцай
Қаңлының терістік-батысында 2 мың ли жерде жатыр. Осы бір көшпелі иелікте
жай қарағанда Қаңлыдан айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы
үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. «Батыс өлке
туралы хикаятта» және «Хань үлкен үйінін тарихында» қаңлылар жайлы көбірек
айтылады. Мәселең «қаңлы билеушісінің мекен жайы Люени еліндегі Битэн
шаһарында.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
пәнінен сынақ аяқталды
Достарыңызбен бөлісу: |