Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#479108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақ тілі және әдебиеті Әдістемелік құрал


– абзац 
Тезисті қолдаушы пікір 
Сонымен бірге,
(сӛз оралымы) 
адам бойындағы жақсы 
қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде 
автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады.
Аргумент
Автордың «...не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сӛзіне: «Сен 
сияқты солдаттың әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе 
екен!? ... сегіз фашисті ӛлтіріпсің, ... Ал екі мың отандасыңды ажалдан 
аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!»
Талдау(анализ) 

деген сӛзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, 
кеңпейілдігін кӛрсетті. Батыр Бауыржан: «Сенің мұның менің 
батырлығымның қасында түк емес» - деген сияқты менмендік 
танытпай, ӛзі сияқты соғыс жауынгерінің бағасын арттырып, құрметтей 
білді. Автор, тіпті, «Апырай, а! ...күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек 
сіңірдім деп ойламаушы едім» - деп қанаттанып қалды.
Абзацты қорытындылаушы сӛйлем 
Мұндай даналық батырлықпен пара-пар. 


10 
ҚОРЫТЫНДЫ БӚЛІМ 
Қорытындылай келе, роман-диалогтегі автор жеткізген батырдың 
әр сӛзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, Отан, 
туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады. Бұл 
роман-диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне 
аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің кӛркем 
құралы ретінде таратылуы керек.
Әдеби-талдау эсседе тезиске оралу міндетті емес. Қозғалған 
тақырыптың маңыздылығы туралы жазып, ӛз кӛзқарасын қысқаша 
жеткізіп, аяқтайды. 
 
Әдеби-дәлелдеме эссе 
... 
Түркі халқының атақ-даңқы ӛшпесін деп, 
Мені қаған етіп отырғызған еді. 
Ең болмаса бай халыққа отырмадым. 
Іші ассыз, 
Сырты тонсыз, 
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым. 
... Бағым болғандықтан, 
Сәті түскендіктен,
Ӛлімші халықты тірілттім. 
Жалаңаш халықты тонды, 
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты кӛп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет