Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет40/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

7.4. Басқа таразылар тҥрі 
Ӛнеркәсіп және ауылшарашылық кәсіпорындарында жүкті ӛлшеу үшін 
вагонеткалық, крандық, конвейерлік, монорельстік таразылар, автоматты 
электрондық таразылар, мӛлшерлегіш таразылар және т.с.с. қолданылуы мүмкін. 
Вагонеткалық таразыда ӛлшенетін жүгі бар вагонеткалар жүріп отыратын 
рельстер платформада бекітілген. 
Крандық таразы кранмен тасымалданатын жүктерді ӛлшеуге арналған. Ол 
теліме немесе аспалы болады. 
Конвейерлік таразыда жүк кӛтеретін құрылғы конвейер (транспортер) 
түрінде жасалған.
Ӛндірістік процестерде, оның ішінде жүктерді пакеттерге, ыдыстарға салуда 
әр түрлі электрондық таразылар кеңінен қолданылуда; ӛнімді буып-түю, 
ыдыстарға салу кезінде конвейердегі жүктің массасын тексеру үшін электрондық 
таразылар қолданылады. Олар жүктің массасын рұқсат етілетін мӛлшерінен 
ауытқитын жағдайда сигнал береді. 
Ашалы автотиегіштер мен кӛтергіш крандарға орнатылған электрондық 
таразылар транзиттік жүктерді ӛлшейді, сӛйтіп оларды ӛлшеу қосындарына беру 
қажеттігін жояды. Ӛлшенетін жүктің массасы кӛліктің жүк кӛтерімділігінен артатын 


55 
жағдайда олар жабдықтың жұмыс істеуін тоқтатады. Ӛнеркәсіп орындарындағы 
электрондық таразылардың кӛпшілігі стандартты тӛрт операцияны орындауға 
бағдарланған: жүкті ӛлшеу, оның бірлік санын есептеу, массасын мӛлшерлеу және 
тексеру. Оператордың құрылғының тұтқасын бұруынан кейін электрондық таразы осы 
әрбір операцияны автоматты түрде орындауға дайын болады. Дисплей деректерді 
цифрмен немесе аналогты түрде беріп отырады. 
 
7.5. Таразылардың негізгі метрологиялық сипаттамалары 
Мемлекеттік стандартқа МЖМС-29329-92 сәйкес таразылардың мынадай 
аса маңызды метрологиялық сипаттамаларын атап кӛрсетуге болады: ӛлшеу шегі, 
рұқсат етілетін қателік шегі, сезім шегі және олардың сезімі (бӛлігінің бағасы) 
және басқа талаптар. 
Таразылардың ең үлкен ӛлшеу шегі (ҮӚШ) олардың қолданылу салаларына 
қарай және Мемлекеттік стандартқа МЖМС-(29329-92) сәйкес (1-ден 500 т-ға 
дейін) таңдалады. 
ҮӚШ = С
е
 · е, (7.1) 
мұндағы С
е 
– сынау бӛліктерінің саны; 
е – сынау бӛліктерінің бағасы. 
Сынау бӛліктерінің бағасы деп бӛліктің бағасын түсінеді, ол таразыны 
тексеруде негіз ретінде алынады. Бұл масса бірлігі ретінде алынған және 
таразының дәлдігін кӛрсететін шартты мән. 
Таразының ең аз ӛлшеу шегі (АӚШ) дәлдік класына қарай белгіленеді. 
Жалпы қолданылудағы таразылар үшін АӚШ бӛлігінің бағасы мен оны тексеру 
санына қарай 10-нан 50-ге дейінгі тексеру бӛліктері шегінде белгіленеді. 
Ӛлшеу кезінде себептері мен сипаты алуан түрлі қателіктер туындайды, 
айталық: таразы құрылысының кемшіліктері, кейбір бӛлшектерінің жасау 
дәлсіздігі, таразыны құрастыру мен туралау қателігі, сыртқы жағдайдың
тексерушілердің субъективтік қателіктерінің әсері және т.с.с. 
Таразылардың рұқсат етілетін қателік шегі дегеніміз таразылардың 
жіберетін ең үлкен қателігі, бұл шекте олар жарамды деп танылады және 
қолдануға рұқсат етіледі. 
Таразылардың сезім шегі оларды теңестіру әдісіне, рұқсат етілетін қателік 
шегінің абсалюттік мәніне және тексеру бӛліктерінің бағасына қарай Мемлекеттік 
стандарт белгілейді. 
Таразылардың сезімі – бұл таразының кӛрсету ӛзгерістерінің осы 
ӛзгерістерді туғызған жүктің массасына қатынасы: 
жм
m
U
S
/
, (7.2) 
мұндағы
U
– үстіне жүк қойылған таразы кӛрсетулерінің ӛзгеруі; 
жм
m
– таразыға қойылған жүктің массасы. 


56 
Іс жүзінде әдетте бӛліктің бағасы деп аталатын кері шаманы пайдаланады: 
U
m
d
жм
/
, (7.3)
мұндағы d – бӛліктің бағасы. 
Бүкіл ӛлшеу кезеңінде циферблатты таразының сезімталдығы салмақтың 
шкала бӛлігіне тең мәнге ӛзгертуі шкаланың бір бӛлікке жылжытатындай болып 
қалуы тиіс. 
Автоматсыз теңестірілетін таразылардың сезімталдығы мынадай болуы 
тиіс: таразыға қойылып, теңестірілген, таразының рұқсат етілетін қателігі 
шегіндегі абсалюттік мәнге тең массалы жүк кӛрсеткіштің жылжымалы бӛлігін 
кемінде 5 мм жылжытуы тиіс. 
Таразылардың орнықтылығы – таразыны істен шығарған ақауды жойған 
соң оның бастапқы тепе-теңдік қалпына ӛздігінен оралу қабілеті. Тыныштан-
дырғышы бар таразыларда баяулап келе жатқан 3-5 теңселуден кейін (бірақ ол 40 
с-тен аспауы тиіс) толық тепе-теңдік орнауы тиіс. 
Таразыларға сонымен қатар мемлекеттік стандарттарға сәйкес сенімділікке, 
сыртқы орта әсеріне тӛзімділікке, қосымша құрылғыларға, таңбалауға белгіленген 
талаптар қойылады. 
Таразыларда мынадай негізгі белгілер кӛрсетілуі тиіс: жасаушы кәсіпорынның 
атауы мен тауарлық таңбасы, таразының нӛмірі, таразының дәлдік класы, ҮӚШ, АОШ 
мәні, МЖМС-8.333 мемлекеттік стандарты бойынша (егер таразы Мемлекеттік 
тізілімге енгізілген болса) мемлекеттік тізілім таңбасы, шығарылған жылы. Аталған 
негізгі белгілерден басқа, таразыларда немесе оларды пайдалану құжаттарында 
мыналар кӛрсетілуі қажет: бӛліктің немесе массаны есептеу дискреттілігінің мәні, 
тексеру бӛлігінің мәні, қоректендіру кернеуі және жиілігі (электрмен қоректендірілген 
таразылар үшін), температураның жұмыс шегі. Таразыға салынатын таңбалар айқын, 
жақсы кӛрінетін және МЖМС-12969-92 мемлекеттік стандарты бойынша жасалған, 
таразыға тұрақты бекітілген болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет