Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Вагондардың сипаттамалық кӛрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет49/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

8.4. Вагондардың сипаттамалық кӛрсеткіштері 
Жүк вагондарының паркін сапалы пайдалануын мына кӛрсеткіштер 
сипаттайды. Осьтерінің саны, жүк кӛтерімділігі, тара массасы, кзовының кӛлемі, 
еденінің ауданы, автотіркегіш осьтері бойынша вагонның ұзындығы, вагонның 
ішкі ұзындығы, ені және биіктігі, тарасының техникалық коэффициенті, жолға 
түсетін метірлік салмағы, жайдақ және ашық вагондардың ернеуінің биіктігі, 
вагонның базасы, вагон еденінің рельс шүйдесінің деңгейінен биіктігі және т.с.с. 


67 
Жүк вагондарының паркін сапалы пайдалану едәуір дәрежеде 
әрқайсысының тарасымен анықталады, ал ол вагонның рамасында кӛрсетіледі. 
Пойыз жүрісінің қауіпсіздігін толығымен қамтамасыз етілуін ескере отырып, 
белгіленген вагонның барынша толық тиелуі оның жүк кӛтерімділігі деп аталады. 
Вагон тарасының техникалық коэффициенті дегеніміз – ол тараның q
m
 осы 
вагонның жүк кӛтерімділігіне p
жк 
қатынасы болып табылады: 
K
m
 = q
m
 / p
жк .
(8.1) 
Тараның техникалық коэффициенті қаншама аз болса, тасымалданатын 
жүктің әрбір тоннасына келетін вагонның меншікті массасы соншама аз болады. 
Вагондардың кӛпшілігі үшін тарасының техникалық коэффициенті 0,34-тен 0,4-ке 
дейінгі шекте ауытқиды. Изотермиялық вагондар үшін ол барынша жоғары 
болады (1,0 және одан кӛп). 
Жылжымалы құрамның түрін таңдауда жүк кӛтерімділігі мен кӛлемінің 
барынша тиімді арақатынасын (жүктің тегіне қарай) белгілеу керек. 
Вагон кузовы кӛлемінің екі ұғымы бар: вагонның толық (геометриялық) 
кӛлемі – вагон енінің оның ұзындығы мен биіктігінің кӛбейтіндісіне тең; тиеу 
(пайдалы) кӛлемі – вагонға жүктің белгілі бір тиеу үшін нақты пайдаланылатын 
толық кӛлемінің қажетті бӛлігі. Тиеу кӛлемінің толық кӛлемге қатынасын кӛлемді 
пайдалану коэффициенті немесе вагонның сыйымдылығы деп атайды: 
к
сый
 = V
тк 
/ V
тол.
(8.2) 
Толық кӛлемнің жүк кӛтерімділігіне қатынасы вагонның меншікті кӛлемі
V
тк 
деп аталады: 
V
тк 
= V
тол. 
/ Р
жк .
(8.3) 
Бұл қатынастың сандық мәні қаншама жоғары болса, вагонның жүк 
кӛтерімділігі соншама жоғары пайдаланылады. 
Кузовтың 1 м3 геометриялық кӛлеміне келетін тонналық жүк 
кӛтерімділігінің мӛлшері вагонның меншікті жүк кӛтерімділігі (т/м3) деп 
аталады, яғни вагонның меншікті кӛлеміне кері шама болады:

 
к
мк
 = р
жк 
/ V
тол
. (8.4) 
Жүктің кӛлемдік массасына тең келетін меншікті жүк кӛтерімділігіне тең 
жағдайда вагонның жүк кӛтерімділігі мен сыйымдылығы толық пайдаланылуы 
мүмкін. 
Егер кӛлемдік масса вагонның меншікті жүк кӛтерімділгінен аз болса, вагонның 
сыйымдылығы толығымен, ал жүк кӛтерімділігі – ішінара пайдаланылады, кӛлемдік 
массасы үлкен болатын жағдайда – керісінше болып шығады. 
Ашық үлгідегі вагон (жайдақ және ашық вагон) еденінің меншікті ауданы 
F
ма
  дегеніміз – бұл еден ауданының F
еа
 жүк кӛтерімділігіне қатынасы F
жк

. F
ма 
=  F
еа 
 / F
жк 
. (8.5) 


68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет