23
Сусымалылығы – үйінді күйінде тасымалданатын кейбір жүктердің ауырлық
күшінің немесе сыртқы динамикалық күштердің әсерінен сырғу қабілеті.
Сусымалылық тиеу-түсіру жұмысына пайда келтірсе, вагон шанағының саңылауынан
тӛгілуі жӛнінен қарағанда – қолайсыздық туғызады. Ұсақ фракциялы жүктер ашық
жылжымалы құраммен тасымалдауда ұшып кетуге бейім келеді.
Ӛздігінен жануы – кейбір жүктердің тиісті жағдайда ӛз температурасын жануға
дейін кӛтеру қабілеті. Кӛмірдің кейбір сорттары, талшықты заттар, шүберектер, ылғал
астық, пішен және т.с.с. осындай ӛздігінен қызу мен жануға бейім болады.
Тез тұтанғыштығы – жану ошағы пайда болатын реттерде заттың лаулап
жануға бейімділігі.
Отқа тӛзімділігі – жүктердің от жалынының әсерінен тұтанбау және
ӛздерінің бастапқы қасиеттерін (беріктігін, түсін, пішінін) ӛзгертпей сақтау
қасиеті.
Жарылыс туғызу қауіптілігі – кейбір химиялық заттар мен олардың
қоспаларына тән жарылу қасиеті. Жарылыстың ауыр зардаптары болатындықтан,
жарылыс туғызу қаупі бар жүктерді жинау, сақтау және пайдалану ережелерін
қатаң сақтау қажет.
Улылығы – заттардың мұндай қасиеті оларды ұқыпсыз пайдаланатын
жағдайда адамдардың, жануарлардың, азық-түлік пен жемшӛптің
улануына әкеп
соқтырады.
Зияндығы – кейбір жүктердің зияндығы адам ағзасына теріс әсер етеді.
Кӛбіне шаң тозаң тудыратын жүктердің осындай зиянды әсері болады. Әк, сода,
цемент, темекі тозаңы адамның тыныс жолдарын тітіркендіреді; апатит, кӛмір,
асбест тозаңы ӛкпені зақымдап, силикоз ауруына душар етеді. Былғары және мех
шикізаты жұқпалы аурулардың кӛзі болуы мүмкін.
Тот – сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (ылғалдылық, кӛмір
тозаңының, газдардың, хлоридтердің және т.с.с. әсерінен) заттың бетінде ӛтетін
химиялық және электрохимиялық әсер ету нәтижесінде қара және кейбір түсті
металдардың бұзылуы (мүжілуі).
Морттығы – сырттан түсетін күштерге тӛзімсіздік қасиеті, негізінен
шыныға және одан жасалған бұйымдарға, фарфор және керамика бұйымдарына,
ӛңдегіш және метлах плиткасына, шиферге және т.с.с. тән. Тиеу кезінде сақтық
шараларын жасап, соққыларға ұшырамауына кӛңіл бӛлу керек.
Түрпілігі – жүктердің жылжымалы құрамның, тиеу-түсіру машиналары мен
құрылыстардың ӛздері жанасатын бетін үйкелеп уату қасиеті (цемент, апатит,
боксит, минералдық-құрылыс материалдары және т.с.с.). Түрпілі жүктерді
тасымалдауда
жылжымалы
құрамның,
тиеу-түсіру
механизмдері
мен
құрылғыларының үйкелетін бетіне шаң-тозаң мен бӛлшектердің түсіп кетпеу
шараларын кӛздеу қажет.
Нығыздалғыштығы – жүктің жекелеген бӛлшектерінің жылжымалы
құрамның, тиеу-түсіру құрылғыларының қабырғасына және бір-біріне жабысып,
айтарлықтай тығыз монолит масса түзу қасиеті (рудалар мен олардың
концентраттары, кӛмір, минералды тыңайтқыштар және т.с.с.). Мұндай жүктерді
тиеу-түсіру жұмыстарын және қойма операцияларын атқару кезінде олардың
сусымалылығын қалпына келтіру қажет.
24
Тозаңданғыштығы – заттардың тыныштық күйден шыққан ұсақ
бӛлшектерінің ұзақ уақыт қалықтап тұру және ауаның қозғалысымен орын
ауыстыру қасиеті. Әдетте шаң-тозаң жүкті тиеу-түсіру кезінде пайда болады.
Цемент, кӛмір, апатит концентраты, астық секілді жүктерден шаң-тозаң кӛп
шығады. Кейбір органикалық заттардың (кӛмірдің, ұнның, астықтың), сондай-ақ
қайсыбір металдардың (алюминий, магний)
шаң-тозаңы қоршаған ортаны
ластауымен және химиялық реакцияға түсу қабілетінің күштілігімен қатар, от пен
электр ұшқынынан тұтанып, жарылыс туғызуы мүмкін.
Тотықтырғыш қасиеттері – бойындағы артық оттегі мӛлшерін басқа
заттарға беру қасиеті. Тотықтырғыштар қоспасы жанғыш материалдарды
тұтандырып, олардың оттегінің қатысуынсыз тұрақты жануына себепші болады.
Кейбір тотықтырғыштар органикалық заттармен бірлікте жарылғыш қоспалар
түзуі мүмкін, олар детонация, үйкелу немесе соққының әсерінен жарылыс туғыза
алады. Қышқылдар, сілтілер, тұздар, минералдық тыңайтқыштар, сутегінің асқын
тотығы және т.с.с. күшті тотықтырғыштар болып табылады.
Сұйық газ тәрізді жүктерді тасымалдау және сақтау кезінде олардың ыдыс
ішінде тудыратын қысымы есепке алынады.
Тұтқырлығы – сыртқы күштердің әсерінен сұйықтық бӛлшектерінің бір-
біріне қатысты қозғалуға қарсы тұру қасиеті.
Ӛсімдік және жануар текті ӛнімдерді сақтау және тасымалдау барысында
осы ӛнімдердің клеткалары бӛліп шығаратын ферменттердің әсерінен оларда
тыныс алу, пісіп жетілу, ӛну және автолиз құбылыстары ӛтеді.
Тыныс алуы – ӛсімдік текті ӛнімдердің (астық, кӛкӛніс, жеміс, сондай-ақ
жұмыртқа) тыныс алуы олардың құрамдас элементтерінің (кӛмірсу,
май және
т.с.с.) ауа оттегісімен тотығуы болып табылады және ол құрғақ заттар шығынына
жалғасады. Тыныс алу құбылысы қарқынды ӛтсе, құрғақ заттар шығыны ӛсе
түседі, ауаның ылғалдылығы мен температурасы кӛтерілген сайын тыныс алу
қарқыны арта береді. Органикалық заттардың ыдырауы және тыныс алудан
олардың тотығуы жылу бӛліп шығаруға ұласады, ал бұл ӛнімдердің ӛздігінен
қызып кетуіне және жүктің бүлінуіне қолайлы жағдай туғызады.
Пісіп жетілуі – кейбір ӛсімдік ӛнімдерінің пісіп жетілуі оларда ӛтетін
ферменттік құбылыстардың нәтижесінде астық дәндеріндегі қанттың крахмалға,
ал жемістер мен кӛкӛністерде – крахмалдың қантқа айналуынан тұрады.
Ӛнуі – бұл құбылыс астықтан, картоптан, тамырлы жемістерден байқалады
және аса ылғалдылық пен тиісті температура жағдайында ӛтеді, ол тыныс алудың
күшеюіне ұласады. Осының нәтижесінде ӛнімнің химиялық құрамы ӛзгеріске
ұшырайды. Ӛнімді тӛменгі температурадағы қараңғы орында сақтау арқылы ӛну
құбылысын тежеуге болады.
Автолиз құбылысы ет, майшабақ, ұн, шарап секілді кейбір ӛнімдердің
жетілуінен байқалады және ферменттердің әсерінен ақуыздың,
майлардың
ыдырауына байланысты олардың ұлпаларының еріп кетуін білдіреді. Қолайсыз
және аса ылғалды жағдайда сақталатын ӛнімдерде дамитын микробиологиялық
құбылыстар ашу, шіру және кӛгеру (зең басу) процесін туғызады, ал бұлар азық-
түлік ӛнімдерінің сапасын нашарлатып, оларды пайдалануға мүлдем жарамсыз
етеді.
25
Жануарлар мен құстарды, шикі мал ӛнімдерін (ет, сойылған құс, ішкі
мүшелер, ет майы, жұмыртқа, сүт, бал және т.с.с.), мал ӛндірісінің
шикізатын
(тері, жүн, мамық, сүйек және т.с.с.) және жемшӛп (пішен, сабан) тасымалдау
кезінде жұқпалы аурулар да жекізілуі мүмкін. Ӛсімдік текті жүктерді,
ауылшаруашылық және ағаш ӛнімдерінің кейбір түрлерін тасымалдауда
ӛсімдіктердің карантин салынатын зиянкестері мен зиянды арамшӛптер жеткізілуі
мүмкін.
Жүк тасымалдауға тиісінше дайындалу, оны жылжымалы құрамның белгілі
бір түрінде тасымалдауды қамтамасыз ету, тасымалдау мен сақтаудың тиісті
жағдайын сақтау арқылы тасымалданатын жүктердің жоғарыда кӛрсетілген
қасиеттері әкеп соқтыратын зардаптардың алдын алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: