Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет53/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

9.5. Қабылданған ӛтінімдерді орындау 
Жүкті жӛнелту стансасының бастығы жүкті жӛнелтушілермен бірге жүк 
тасымалдау жӛніндегі ӛтінімді орындауға кемінде 3 күн қалғанда күн сайын 
берілуге тиісті вагондар мен контейнерлердің қажетті санын, тасымалдауға 
қабылданатын жүктердің нақты атауын, баратын стансасын анықтайды. 
Қабылданған ӛтінім онда кӛрсетілген шарттарға сәйкес орындалуға тиіс. 
Жүк тасымалдау жӛніндегі қабылданған ӛтінімге ӛзгерістер енгізу туралы 
ӛтінішті жүк жӛнелтуші тасымалдаушыға жазбаша түрде береді. Тасымалдаушы 
мұндай ӛтінімді қараған соң инфрақұрылым иесімен келісе отырып, келісілген 
ӛтінімге ӛзгерістер енгізе алады. 
Жүк тасымалдауды оның баратын стансаларына қайта бӛлуге, оның ішінде 
халықаралық және аралас қатынастарда қайта бӛлуге қатысты жүк жӛнелтушінің 
бастамасымен ӛзгертулер енгізгені үшін, сондай-ақ жӛнелтілетін стансасын 
ӛзгерткені үшін тасымалдаушы жүк жӛнелтушіден алым ӛндіріп алады.
Жүк жӛнелтуші жүк тиеуден кемінде 2 күн бұрын ӛтінімнің орындалуынан 
толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы, бұл оны айыппұл тӛлеуден 
босатпайды, бірақ оның мӛлшері үштен біріне кемиді. 
9.6. Жҥк тасымалдау жӛніндегі ӛтінімнің орындалуын есепке алу 
Жүк тасымалдау жӛнінде қабылданған ӛтінімдердің деректері ГУ-1 үлгісіндегі 
(9.1-сурет) есеп карточкасына жазылады, оны тасымалдаушының ӛкілі әрбір жүк 
жӛнелтуші бойынша және жүк тобының әрбір атауы бойынша тікелей жүргізеді. 
Әмбебап контейнерлермен жүк тасымалдауға арналған есеп карточкасы әрбір 
контейнерге жеке жүргізіледі. Әрбір есептегі тәулік немесе қабылданған ӛтінімге 
сәйкес жүк тиеуге белгіленген тәулік соңында тасымалдаушы мен жүк жӛнелтуші есеп 
карточкасына қол қояды. Жүк жӛнелтуші есеп карточкасына қол қоюдан бас тартатын 
жағдайда станса жалпы үлгідегі актіні толтырады. Есеп карточкасын жүргізу тәртібі 
Теміржол кӛлігімен тасымалдау жӛніндегі ӛтінімдердің орындалу есеп карточкасын 
толтыру ережелерінде анықталады. Бұл карточканы жүргізуде мынадай вагондар мен 
контейнерлердің берілді деп есептелетінін есте сақтау керек: есепке алынған тәуліктер 
ішінде берілген бос вагондар, контейнерлер; алдыңғы тәуліктерде тиеусіз қалған 
вагондар мен контейнерлер; темір жолдың жүк жӛнелтушілердің есепке алынатын 
тәулік аяқталғанға дейін жүкті тиегенін ескерместен берген вагондары, контейнерлері. 
Тасымалдаушының уәкілетті ӛкілі ӛтінімнің орындалу нәтижесін ӛтінімде кӛрсетілген 
соңғы тәулік ӛткен соң 5 күн ішінде жүк жӛнелтушіге хабарлайды. 
Ӛтінімге сәйкес вагондарда (контейнерлерде) тоннамен тасымалданатын 
жүктерге қатысты ӛтінімнің орындалуы тиісті графалардың жиынтығын салыстыру 
арқылы жүргізіледі. Мұнда тасымалдаушы мен жүк жӛнелтушінің кінәсынан тиелмей 
қалған вагондар, контейнерлер саны, сондай-ақ олардың кінәсынан орындалмай қалған 
ӛтінімдердің тонна-шамасы анықталады. Орындалмай қалған ӛтінімдердің тонна-
шамасы тиелмей қалған вагондардың, контейнерлердің санын тонна мӛлшерін 
вагондардың, контейнерлердің мӛлшеріне бӛлу жолымен есептелетін тұрақты 
салмақтың шамасына кӛбейту арқылы анықталады. 


72 
Ж
үк
т
ас
ым
ал
да
уғ
а 
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__
__

ті
ні
м
ні
ң 
Тұ
ра
қт
ы 
са
лм
ақ
__
__
__
__
__
__
__
__
__


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет