Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Коммерциялық ақаулықтарды анықтау, жою және



Pdf көрінісі
бет81/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

13.3. Коммерциялық ақаулықтарды анықтау, жою және
кҧжатпен ресімдеу тәртібі 
Коммерциялық ақаулықтарды анықтап, жою үшін стансаларда пойыздар 
мен вагондарды коммерциялық тексеру пунктері (КТП) ұйымдастырылады. 
Пунктің бүкіл қызметіне басқа жұмыстан босатылған бригадир, ал әрбір 
ауысымда – қабылдап-тапсырушы басшылық етеді. Стансадағы немесе аудандағы 
КТП қызметкерлері пойыздар мен вагондарды тексеру пунктерінің автомат-
тандырылған 
жұмыс 
орындарымен, 
байланыс 
құралдарымен, 
құрал-
саймандармен, материалдармен, аспаптармен жабдықталады. 
Ашық және жайдақ вагондардағы жүктің бекітілуін, вагондардың, 
контейнерлердің, цемент тасығыштардың тӛбесінің ақаусыздығын, жабық 
вагондар мен цистерналардың күйін қарап тексеру үшін бейнежазба құралдары 
бар ӛнеркәсіптік теледидар қондырғылары қолданылуы мүмкін. Осы мақсатта 


105 
келу және жӛнелту парктерінің кіреберісіне, сондай-ақ дӛнеске ӛрлеу жолдарына 
арнайы байқау мұнаралары орнатылуы мүмкін. 
Ашық жылжымалы құрамға тиелетін жүктің габаритін тексеру үшін 
қашықтықтан бақылайтын құрылғымен жабдықталған габариттік қақпалар 
орнатылады. 
Вагондағы жүктің массасын бақылау үшін КТП-да вагондық таразылар 
орнатады. 
Теледидар жүйесі бір мезгілде үш телекамерадан (вагонның үстінен және 
бүйірінен) алынатын бейнені жазуға және оны КТП операторының 
автоматтандырылған жұмыс орнына орнатылған компьютер мониторының 
экранына шығаруға мүмкіндік береді, электрондық габариттік қақпалар жүк 
габаритін бақылауға, вагондық электрондық таразылар пойыздың жүрісі 
барысында вагондарды автоматты түрде ӛлшеуге жағдай туғызады. Оператордың 
автоматтандырылған жұмыс орнының кӛмегімен пойыздың жүрісі барысында 
ақпарат алынады, вагондар мен жүктің коммерциялық күйі туралы деректер 
жиналып, сақталады. 
Пойыздан ағытылған вагондардың коммерциялық ақаулықтарын жою үшін 
стансада жүктің сақталуын, олардың жеткізілуін жеделдету және жүріс 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ең жаңа техникалық құралдар 
қолданылатын механикаландырылған пункттер құрылуда. 
Стансадан ӛңдеусіз ӛтетін транзиттік пойыздарды коммерциялық тұрғыдан 
алғанда технологиялық үрдісте кӛзделген уақыт ішінде техникалық тексерумен 
қатар тексереді. Байқалған коммерциялық ақаулықтар, әдетте, вагонды пойыздан 
ағытпастан жойылуы тиіс. Транзиттік пойыз график бойынша стансада тұратын 
уақыт ішінде ақаулықты жою мүмкін болмайтын жағдайда ғана вагондарды 
ағытуға рұқсат етіледі. Жүріс қауіпсіздігіне және жүктің сақталуына қатер 
тӛндіретін коммерциялық ақаулықтарды жалпы үлгідегі актімен үш дана етіп 
ресімдейді, оларға пойыздарды коммерциялық тұрғыдан қарап қабылдайтын 
станса қызметкерлері (кемінде екі адам) қол қояды. Әрбір пойызды 
коммерциялық мақсатта тексеру нәтижелері вагондарды коммерциялық тексеру 
пунктерінде коммерциялық ақаулықтарды тіркеу кітабына (ГУ-98 үлгісі) 
жазылады.
Стансада ұрлану немесе жүкке қол жету белгілері (кузовтың зақымдануы
БПҚ-ның жұлынуы) бар вагондар мен контейнерлер анықталатын жағдайда 
қабылдап-тапсырушылар жүкті тексермей-ақ бақылау БПҚ-сын салады және БПҚ 
салынған уақыты кӛрсетілген жалпы үлгідегі актіні толтырады. Осындай әрбір 
жағдай туралы станса кезекшісіне немесе маневр диспетчеріне, сондай-ақ 
ведомостволық күзетке және кӛліктегі ішкі істер органдарына дереу хабарланады. 
Мұндай вагонды пойыздан ағытып, жүктің массасын, мӛлшерін және күйін 
тексеру үшін арнайы бӛлінген жолға немесе механикландырылған пунктке қояды. 
Тексеру соңында қабылдап-тапсырушы классификаторға сәйкес мәліметтерді 
радио байланысы арқылы операторға береді, ал ол ГУ-98 кітабының үлгісімен 
пойыздар мен вагондарды тексеру архивіне енгізіп, ақпараттарды ведомстволық 
күзет командасының автоматтандырылған жұмыс орнына жеткізеді.


106 
Жүкті қағазсыз технологиямен тасымалдауда вагон пойыздан ағытылатын 
жағдайда 
СТО 
қызметкері 
түзетілген 
хабарламаны 
тасымалдануды 
автоматтандырылған басқару жүйесіне береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет