Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жол ҥстінде жҥкті ауыстырып тиеу және оның массасын тексеру



Pdf көрінісі
бет82/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

13.4. Жол ҥстінде жҥкті ауыстырып тиеу және оның массасын тексеру 
Вагонның ақаулығы немесе зақымдануы жүріс қауіпсіздігіне және жүктің 
сақталуына қатер тӛндіретін кезде, мұндай ақаулықты вагондағы жүкті 
түсірмейінше жою мүмкін болмайтын жағдайда жүкті бір вагоннан екіншісіне 
ауыстырып тиеуге тура келеді. 
Жүктің жетіспеушілігі немесе бүлінгені байқалатын кезде коммерциялық 
акт жасалып, ол туралы жүк қағазы мен жол ведомосына белгі соғылады. Актінің 
бір кӛшірмесі жүк қағазына қоса тіркеледі. Вагонның ақаулығы туралы, бұған 
қоса, оның техникалық күйі туралы акт жасалады (ГУ-106 үлгісі). Жүк қағазында 
вагонның бастапқы нӛмірі мен ол жӛніндегі басқа мәліметтер сызылып тасталады 
да, одан соң жүк ауыстырып тиелген вагон туралы жаңа деректер жазылады. Бұл 
түзету жүктің ауыстырып тиелуіне басшылық еткен станса қызметкерінің 
қойылған қолымен және стансаның мӛртабанымен куәландырылады. Жаңа вагон 
қағазы жасалады, ал бастапқы нұсқасын коммерциялық актінің бірінші данасына 
қоса тіркейді. Егер мұндай акт жасалмаса, бастапқы вагон қағазы жүк қайта 
тиелген стансада қалады және оның себебі, жүк ауыстырып тиелген вагон нӛмірі 
кӛрсетілген белгі соғылады. 
Жүк тиелген вагондарда немесе контейнерлерде БПҚ жоқ немесе бұзылған 
жағдайда жол үстінде жүктің массасын, орындар санын және күйін тексереді. 
Ақтара тиелген немесе үйінді жүктерді сырттай қарап тексереді. Жүк вагонға 
оның трафаретте кӛрсетілген жүк кӛтерімділігінен артық тиелген жағдайда 
вагонды вагондық таразыда ӛлшейді. Құйылмалы жүктің массасы жол үстінде 
тексерілмейді салқындатып, жылытып, сондай-ақ люктері ашылған жабық 
вагондарда тасымалданатын тез бұзылатын жүктерді вагондардан түсірместен, 
сырттай қарап тексереді. Егер Ережелерде коммерциялық акт жасау 
кӛрсетілмеген болса, жол үстінде тексеру нәтижелерін жалпы үлгідегі акт 
жасаумен ресімдейді. 
13.5. Ажыратылған жҥкті қосымша жіберу және оны ресімдеу 
Бір тасымалдау құжатымен жіберілетін жүктің негізгі тобымен бір вагонда 
жӛнелтілмей қалған қалдығы баратын пунктіне қосымша жіберілетін болса, оны 
қосымша жүк жіберу деп айтады. Жүк кӛтерімділігі немесе сыйымдылығы аз 
болғандықтан, жүкті толығымен бір вагонға тиеу мүмкін болмайтын, құжатсыз 
немесе бір бӛлігі негізгі топпен қателікпен жӛнелтілмей қалған жүк анықталатын, 
портта жүкті ауыстырып тиеуде жүк қалдығы байқалатын және т.с.с. жағдайда 
қалдықты қосымша жіберуге тура келеді. Вагонның сыйымдылығы аз болатын 
жағдайда негізгі жӛнелтілім вагонға толығымен тиелмей қалса, оның қалған 
бӛлігін қосымша жіберу жӛнінде жол ведомосы жасалады. Жол ведомосындағы 
―Жүктің атауы‖ графасында ―Жүк қабылдаушыға беру үшін №..... комерциялық 


107 
актіге сәйкес №.....негізгі жӛнелтілімге қосымша жүк жіберілді‖ деп кӛрсетіледі. 
Негізгі жӛнелтілімнің кем тиеу фактісі коммерциялық акт жасаумен ресімделеді, 
оның екінші данасы негізгі тасымалдау құжаттарына тіркеледі. 
Құжаттары жоқ жеке орындарды немесе жүктің бір бӛлігін – қалдықты 
қосымша жіберу жол ведомосын толтыру арқылы жүргізіледі. Құжаттары жоқ 
бүкіл жүкті қосымша жіберу толық тасымалдау құжаттарын толтыру арқылы 
атқарылады. Мұндай жағдайда тасымалдау құжаттарында қосымша жүк жіберетін 
станса бастығы жүк жӛнелтуші ретінде, ал жүк баратын станса бастығы – жүк 
қабылдаушы ретінде кӛрсетіледі. Жол ведомосына коммерциялық актінің 
кӛшірмесі тіркеледі. Жүк баратын стансада жүк қосымша жүк жіберу ведомосы 
бойынша беріледі. 
Жол үстінде маршруттық немесе топтық жӛнелтілімнен ағытылған вагонды 
(вагондар тобын) қосымша жол ведомосын және вагон қағазын толтырумен 
ресімделеді. 
Негізгі жӛнелтілімді электрондық жүк қағазымен тасымалдауда қосымша 
құжаттармен жӛнелтілетін жүкті беру тәртібі теміржол кӛлігінде жүкті беру 
ережелерінде айқындалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет