15-тарау. Жҥкті сақтау және беру
15.1. Жҥкті орналастыру және сақтау
Қоймаларда жүкті технологиялық процесс бойынша белгіленген
мамандандырылуына қарай орналастырып, сақтайды.
Ыдысты-дара жүктерді қоймаларда әр түрлі жӛнелтілімдерді міндетті түрде
бір-бірінен ажыратып, бумалап, қатарлап және қат-қабаттап сақтайды. Жүк
операциялары механикаландырылатын жағдайда жүкті табандықтарға жинап
сақтайды. Жүкті жинау тәртібі мен биіктігін сақтау қажет, ол жиналған қатардың
орнықтылығын, жүктің тұтас сақталуын және қызметкерлердің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Қаптағы және қанардағы жүктің жиналу биіктігі 6 м-ге дейін,
ал жәшіктегі жүктер үшін қолмен жинауда 3 м-ге дейін, механизмдерді қолдануда
– 6 м-ге дейін. Қаптарды олардың байланған аузын сыртқа емес, қатардың ішіне
қаратып орналастырады. Бұл тігістер сӛгілгенде немесе қаптың аузы шешіліп
қалғанда жүктің ысырап болуынан сақтандырады. Жәшіктердің орнықтылығы
үшін әрбір метр биіктік сайын қатардың биіктігіне сай етіп тақтай тӛсейді.
Қоймадағы жүк қатарларының аралығына арбашалар, автотиегіштер ӛтетін
ӛткел, ӛрт сӛндіру құралдарына жететін жол қалдыру керек. Мұндай ӛткелдердің
ені қоймада қолданылатын тиеу-түсіру саймандары мен механизация
құралдарына байланысты. Ол жүкке арбашаның, автотиегіштің және т.с.с. келуіне
мүмкіндік беруі тиіс. Ӛткелдердің ені қойманың ортасында кемінде 1 м, қабырға
бойында – 0,5 м, есік маңында – оның еніне сай болуы тиіс. Жүкті қойманың
қабырғасына тығыз жанастыра жинауға болмайды. Бір жӛнелтілімнің жеке
орындарын олардың таңбасы жүктің қай жӛнелтілімге жататынын кӛрсететіндей
етіп орналастырады. Егер бұл олардың бүлінуіне немесе ӛрт тууына әкеп
соқтыратын болса, әр түрлі жүкті бірге сақтауға рұқсат етілмейді.
Ақтарма және үйінді күйінде тасымалданатын және ашық қоймаларға
түсірілетін жүкті әр түрлі жӛнелтілімдер араласып кетпейтіндей етіп орналастыру
керек. Мұнда мынадай ӛлшемдерді сақтау қажет: биіктігі 1200 мм-ге дейінгі жүк
шеткі рельстен кемінде 2 м, ал одан биік болса – 2,5 м қашық орналасуы тиіс.
116
Достарыңызбен бөлісу: |