Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет20/66
Дата27.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#481740
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Мектепке дейінгі мекеменің "Зерек бала" бағдарламасы

Музыка
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету.
2. Би қимылдары мен музыкалық ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру.
Мазмұны:
Музыка тыңдау
Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.
Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.
Ән айту
Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды (қатты-жай) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.
Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.
Музыканың түрлі бөлімдерін (басы, қайырмасы т.б.) атамай, ажырата білуін дамыту .
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.
Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу біліктерін дамыту.
Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- музыкалық және сылдырмақ ойыншықтарды, балалар аспаптарын (сылдырмақ, қоңырау, дауылпаз бен металлофон) тануды;
- музыканы соңына дейін тыңдауды;
- өзіне таныс әндерді тануды;
- бір-бірінен қалмай және озбай ән салуды;
- би жаттығуларын (шапалақ, тепкілеу, отыру, айналу) жасауды білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет