30
ғажаптану үшін, ақиқатты тану үшін деп ажыратқанмен де, осы талпыныстың
бәрі Махаббаттан бастау алады.Пәктікті сүюге, сұлулықты түйсінуге, кемелдікті
тануға талаптанудың барлығы Махаббаттан шығады. “Не
қылсаң да ғашық
қылғын пәруәрдігер” деген Иасауидің ғашықтық дертін Махаббат бастауының
өзінен тілеуі сондықтан да түсінікті. “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де
сүй сол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй
бауырым деп, Және хақ
жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы үш деп
сен тахқиқ біл” деген Абай да Махаббатты иманның негізі деп таниды.
Имандылық жаршысы болған осы ғұламалардың Махабат жайлы пікірі.
Р. Рождественский «Махаббат» туралы өз ойын былай жеткізген.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жаныңа нұр сепкен шапағат.
Еңбектің
рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып
айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Достарыңызбен бөлісу: