9
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
Жердің сәні–егін, ердің сәні–білім.
Ғылым – теңіз, білім –қайық.
Күш білімде, білім кітапта.
Кітап пен ғылым –тілсіз мұғалім.
Кісінің көркі киім емес–білім.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Достық.
Достық – адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін,
кіршіксіз, таза,
ізгілікті қарым-қатынас.Бір-бірлеріне пейіл-ықыластары түскен, жан-жүрегі
қалаған, көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана
дос бола алады.Адам досына ғана өз сырын айтады, мұңын шағады, шынын
жасырмайды,еш
нәрсесін
бүкпелемейді.Дос
болу
дегеніміз–шынайы
тілектестікпен араласу,
керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай
туындаған кезде жанынан табылу, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам
бақытты.
Достық туралы мақал-мәтелдер
Айырылмастай досыңа,қайырылмастай сөз айтпа.
Достық–ол мінездің, ниеттің үйлесімділігі.
Адам өмірі адаммен.
Сен досыңның кім екенін айт,мен сенің кім екеніңді айтып берейін.
Көп
ақшаң болғанша, көп досың болсын.
Достыққа адалдық – рухани өсиет.
Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Қарға тамырлы қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың–сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз
балаңды өскенше бағасың,
10
Немереңді өлгенше бағасың.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Еркек сергек ұйықтаса,
ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе,
ұлы жақсымен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй
иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Достарыңызбен бөлісу: