Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет17/33
Дата18.04.2024
өлшемі1.36 Mb.
#499145
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Внутри-Вне круга 
Шеңбер 
іші- 
шеңбер сырты
 
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы шеңбер тәрізді 
пішінге ұқсас тұрады, бұл шеңбер ішкі және сыртқы 
болып құрастырылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ 
қояды, бұл сұрақты ойлауға уақыт беріледі, жауап 
қарама-қарсы тұрған оқушыға қайтады. Келесі қадам, ол 
іштегі шеңберде тұрған оқушылар солға қарай қозғалады, 
ал мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Осылайша, 
барлық 
сұраққа 
жауап 
қайтпағанша 
оқушылар 
қозғалысты тоқтатпайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


26 
 БАҒАЛАУ 
ҚЫЗМЕТІНДЕ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЖӘНЕ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ 
 
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. 
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір 
тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз 
мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті 
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе 
қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады [18].
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге 
асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді 
ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру 
курстарында оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, 
мүмкіншіліктері шектеулі балалардың психологиялық және дене даму 
ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім беру үдерісін ұйымдастырудың 
әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті. 
Психологиялық -педагогикалық әдебиеттерде бағалауды оқушының жеке 
тұлғалық сапасының және оның оқу қызметінің нәтижелерінің көрсеткіші 
ретінде түсіну кеңінен көрсетілген.
Оқушының 
оқу 
қызметінің 
табыстылығының бағасы келесі түрлерде бола алады: 
- аз түрлер (мимика, қол қимылы, дауыс ырғағы, үлгерімі бойынша қысқа 
ескертулер); 
- оқушының жалпы сипаттамасы; 
- бағалар; 
- сөзбен бағалау (оқушымен жеке сөйлескенде, ата аналар жиналысында) 
- жекелей түрде алғанда мектептің ішкі тәртібімен қарастырылған басқа 
формалар 
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі 
жақтары мен қасиеттері көрсетілген: мазмұны, орны, қызметі, оқытушының 
бағалау барысындағы қызметінің құрылымы және тағы сол сияқты. Алайда, 
бағалаудағы келесі мәселелер шеттеп қалған: нақты көрсеткіштер бойынша 
бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау, бағалаудағы субъективтілік, бағаны қоюда 
мұғалімнің және оқушының жеке көрсеткіштері, қарым - қатынас. Егер бұл 
мәселелерді және сұрақтарды шешпесе, онда жеке тұлғаны дамыту 
бағытындағы міндеттерді орындауға қол жеткізу өте қиын болары сөзсіз. 
Оқушының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, олардың себебін және 
сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық психологиялық негіздері 
болып табылады.
Мұндағы мақсат - осы кемшіліктердің алдын - алу. Мұғалімге осы білімдер 
оқушыда қалай (немесе қандай жолмен) және қаншалықты игерілгендігі туралы 
білу қажет. Тексеру - бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және 


27 
жүйелеудің түрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұраққа 
жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері 
берген жауаптарын қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылса
білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсы болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты 
-материалдың толық игерілуі. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру 
керек. Тек сонда ғана білім білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық 
жетеді. Ал сыныптың барлық оқушыларының тақырып бойынша деңгейін 
анықтау өз алдына талдауды қажет ететін жеке сұрақ. Бұл мәселенің шешімі 
тест сұрақтарын бірнеше нұсқада жасаумен байланысты. 
Бағалау 
жүйесін 
дамытудағы 
қазіргі 
бағыттар 
анықталған 
критерийлермен оқушының жеке жетістерін салыстырумен байланысты болып 
отыр. Ал критерийлер өз кезегінде құзыреттіліктермен және жаңаша білім беру 
парадигмасымен байланысты. Осы бағыттарды ескере отырып білім беру 
стандарттары жасалады. Мұндай білім беру стандарттары білім беру 
ұйымдарының педагогикалық тәжірибесіне бағалаудың критериалды жүйесін 
енгізу үшін белгілі бір талаптарды қояды. 
Критериалды бағалау алдын - ала ұжыммен бірге құрастырылған, білім 
беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер 
бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. 
Бұл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек 
және оқушының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі 
керек. 
Критериалды бағалау оқу бағдарламаларының мазмұнына, бағалау іс - 
шараларының түрлеріне, оқушылардың жеке психологиялық - педагогикалық 
ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз оқушылардың білім 
жетістіктерін аралық және қорытынды бақылауды өзара байланысты тұтас 
жүйеде қолдану. Критериалды бағалау сонымен қатар бақылау үрдісін сезіну 
және осы бағалау технологиясын пайдаланудың тиімділігін педагогикалық 
болжауды жүргізу іске асырылатын болжау негізінде жүргізіледі. 
Критериалды бағалау оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін, 
олардың шығармашылық және зерттеу аясын, жүйелі рефлексияға оқушыны 
бейімдеу арқылы ғылыми ақпараттың ағынында өз бетінше жұмыс істеуін және 
бағыт - бағдарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайларды және 
мүмкіндіктерді жасау мақсатын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет