48
және материалды толық меңгеруіне көмектеседі. Оқыту үшін бағалау базалық
қағидаларына сәйкес, үлгерімді жақсарту жоғарғы дәрежеде болады, егер
оқушылар келесі жайттарды түсінетін болса:
1) нақты оқу мақсаттары, атап айтқанда: нені оқу және не үшін оқу;
2) белгіленген оқу мақсаттарының шегінде ол «қай жерде»;
3) бұл мақсаттарға жету үшін оқу үлгерімін қалай жақсарта алады.
Оқыту үшін бағалаудың негізгі әдістері. Оқу мақсаттары мен
жетістіктердің нақты критерийлерін беру. Оқу әрекетін орындаудың
нәтижесінде оқушының нені біліп, түсініп және қолдана алатынын оқу мақсаты
тура сипаттайды.
Сонымен қатар, оқушылар оқу тапсырмалары (не істеу
керектігі)
мен
оқу
мақсаттарының
(нені
үйренетіні)
арасындағы
айырмашылықты ұғынулары тиіс. Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлері
оқушыға түсінікті тілде тұжырымдалуы керек. Сапалы кері байланыс арқылы
оқушылар өзінің үлгерім деңгейін қалай көтеруге болатынын түсінеді.
Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Оқу әрекетіне оқушыларды белсенді
тарту олардың академиялық үлгерімдерін арттыруға оң ықпал ететіні ғылыми
дәлелденген. Басқаша айтқанда, егер олар нені оқу керектігін білсе, материалды
түсініп, жұмыс жасау үшін керекті аспектілерін ажырата алса, оқу мақсаттарын
білмей пассив қабылдаушы болып және мағынасын ұғынбастан тапсырмаларды
механикалық орындаумен салыстырғанда меңгерулері толығырақ болады.
Өзара бағалау жолдасының орындаған жұмысын
зерделеу барысында балаға
мақсат пен жетістік критерийлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушының оқу әрекетінің тағы бір іргелі құраушысы өзін-өзі бағалау болып
табылады. Өзінің жұмысын бағалау технологиясын түсініп, оқушылар соның
көмегімен тиімді оқып және алға жылжи алады. Мұғалімдер оқу мақсаттарын
оқушылармен бірге анықтаулары керек. Әрі қарай оқушы өзінің оқу әрекеттерін
дербес реттейді, ал мұғалім қажетті қолдау көрсетеді.
Білім сапасын көтеруге
қорытынды тестілеуді қолдану. Қорытынды тестілеу, көбіне жалпы
мемлекеттік, оқыту үшін бағалау қолдану тәжірибесіне сәйкес келмейді деп
есептеледі. Дегенмен, оның қорытындысын қалыптастырушы
бағалау құралы
ретінде қолдануға болады. Ол үшін тест қорытындыларына терең талдау жасай
отырып, әріптестермен бірге талқылау керек. Тест қорытындыларына терең
талдау жасау, жалпы балл қоюмен шектелмейді, білім сапасын жақсартуға
бағыт беріп, жол ашады. Сондықтан инклюзивті сыныптағы оқу жетістіктерін
бағалау, білімді меңгеруді қанағаттандыратын,
оқу пәндері бойынша игерген
біліктіліктерін және мектепте оқуға психологиялық тұрғыдан дайындығын
айқындайтын құрамдас бөлігімен бірге алғанда түзете дамыту нәтижесін
көрсететін оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы тиіс, сонымен қатар оқу
әрекетін табысты
дамытуға жағдай туғызады.