30
бөлімдердің қисынды байланысын белгілеуде, екінші дәрежедегі ойды бөлуде
қиналады. Жаппай сабақтарда оларға материалды түсінуде қиналып, қосымша
түсіндіруді қажет етеді. Үшінші типологиялық топтағы оқушылар сөйлемді
саптап, байланысқан сөзді меңгеруде үлкен қиыншылық көреді.
Төртінші
типологиялық топқа оқу материалын үлкен қиыншылықпен меңгеретін
оқушылар жатады. Оларға тек жаппай оқыту түрі жеткіліксіз. Олар
жаттығулардың үлкен санын орындауды, оқытудың қосымша әдістерін енгізуді,
жұмыстарды орындау барысында ұдайы қадағалауды және көмек сөзді
қажетсінеді. Дербестіктің әлдебір үлесімен қорытынды жасау,
өткен
тәжірибесін қолдану оларға қолжетімсіз. Тікелей көмек сөзімен берілген
көмекті бір оқушылар дұрыс қолданады, ал біреулері бұл шарттармен қатеге
жол береді. Бұл оқушылар өзінің жұмыстағы қателерін көрмейді, ол үшін
оларға осы қателерді нақты көрсетіп, оларды түзетуге түсініктеме беру қажет.
Әрбір келесі тапсырманы олар жаңа нәрсе ретінде қабылдайды. Білім
механикалық түрде меңгеріліп, тез ұмытылады.
Үшінші және төртінші топтардың оқушыларына қандай да бір бағаның
қойылу себебін мұқият түсіндіру қажет [22]. Сонымен, педагог жоғарыда
аталған барлық типологиялық топтардың оқушыларынан, сондай-ақ оқытуда
ерекше қажеттіліктері бар оқушылардан тұратын сыныптағы күнделікті
жұмысында оқытудың түрлі
мақсаттары белгілеп, іске асырады, оқыту мен
бағалауда саралау және жеке ықпал орын алады. Оқушылардың жетістіктерін
қадағалау және бағалау түрлі мақсаттарға сәйкес іске асырылуы тиіс, олар
жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды.
Баға және бағалау – мұғалімдер үшін шексіз талқылауға дайын тақырып,
себебі мектептегі баға бұл тек оқушы еңбегінің нәтижесі ғана емес, онда
педагогтың жеке қасиеттері, көңіл-күйі, мінезі, оның оқушыға қарым-қатынасы,
мұғалімнің жұмыс істеу мәнері жинақталған.
Оқушы еңбегін бағалаусыз
ешқандай меңгеру процесі жүзеге асырыла алмайды. Бағалау оқушыларға,
олардың пәнге, мұғалімге, мектепке және жалпы
айналадағы әлемге деген
қарым-қатынасына үлкен әсерін тигізеді.
Педагогикалық диагностика – оқыту
процесінің жағдайын және оның нәтижелерін зерделеу, соның негізінде оқыту
мен бағалау процестерінің сапасын арттыру мақсатында оларға түзетулер
енгізуге мүмкіндік беретін ерекше әрекет түрі. Диагностикалауға бақылау,
тексеру, бағалау, мәліметтер жинақтау, оларды зерделеу жатады; оларға қол
жеткізу әдістері арқылы нәтижелерді қарастырады, дидактикалық процестің
үрдісі мен динамикасын анықтайды.
Оқу жетістіктеріне диагностика және қадағалау балалармен сабақтағы
әдеттегідей жұмыс барысында, тақырыпты зерделеу аяқталған соң орындалады.
Ол сабақта мұғалім оқу материалын қайталауды ұйымдастырады, содан кейін
орындау амалдарына мектеп оқушыларының
назарын аудара отырып,
қадағалаушы- диагностикалық тапсырмаларды ұсынады (дербестік дәрежесі)
және әр балаға көрсетілген көмек түрлерін ескереді. Тақырыпты зерделеп
болған соң, зияткерлік кемтарлығы бар оқушылардың жетістіктері бірдей
31
болмайды. 1-типологиялық топтағы оқушылар дағдыларды өз бетінше игеруін,
білімдерін түрлі жағдайда қолдануын көрсетеді. 2-типологиялық топтағы
оқушылар
тақырыптың
негізгі
мазмұнынын
ұғынғанын
көрсетеді.
3типологиялық топтағы оқушылар тақырыптың тек жеке элементтерін
түсінгенін көрсетіп, өз білімдерін өзектілендіруде мұғалімнің көмегін
қажетсінеді. 4-типологиялық топтағы оқушылар, әдеттегідей, өзге, едәуір жеңіл
оқу материалын оқиды, олардың жетістіктері мақсатты деңгейлік тұжырымдау
негізінде соның шеңберінде анықталады. Оқушының кез-келген жетістіктері,
қаншалықты елеусіз болса да, оң деп қарастырылады [20].
Мектеп оқушысының әр тақырып бойынша жеке нәтижелері оқу
жетістіктерінің арнайы карталарында тіркеледі. Оқушы өзінің нәтижесін
жақсарта алады, себебі оқу бағдарламаларының көпшілігі шоғырланған
құрылымына ие және оқылған материал үнемі
қайталанып, дамытылады және
бекітіледі. Бұл оқушының оқу материалын меңгеруіндегі ілгері басу
динамикасын, оның табыстылығының жеке траекториясын көрсетуге мүмкіндік
туғызады. Тұтас сыныптағы оқытудың нәтижелілігі туралы түсінік алу үшін,
оқушылардың анықталған жетістіктерін тіркеудің меншікті нысанын әзірлеп
немесе жетістіктердің жеке картасын түрлендіріп алса да болады. Тұтастай
сынып оқушылары жетістіктері қорытындысын шығарып және көрсеткеннен
кейін, тану деңгейі бойынша қандай және қанша оқушының жетістігі барын,
оқу материалын қанша оқушы түсінгенін және қаншасы қарастырылып отырған
тақырып аясындағы білімдерін қолдана алатыны туралы педагогтің түсінігі
болады. Оқушылардың топқа бөле отырып, педагог саралау тәсілін
жоспарлайды және оны жүзеге асыратын болады. Оқу тақырыбы аясында
жеткен оқыту нәтижелерін есепке алу нысаны объективті,
ыңғайлы және
ақпаратты болғаны маңызды. Ол тек бағаның функциясын ғана орындап
қоймай, мұғалімге әр оқушымен жүргізілетін жұмыстардың ең жуық келешегін
анықтауға бағдар береді. Бақылау тапсырмаларын орындау нәтижелері
бойынша жеке оқыту тәсілімен қамтамасыз етілуі тиіс оқушыға жеке білім беру
маршрутын байқауға және құруға болады. Сонымен, оқу тақырыбы
деңгейіндегі жобалау келесілерді қамтуы мүмкін: оқу тақырыптарының
технологиялық карталарын жасау, әр тақырып үшін қадағалаушы-
диагностикалық материал жасау, әр тақырып бойынша оқу жетістіктерін
көрсететін жеке нысандар дайындау. Оқу тақырыбы, әдеттегідей,
бірнеше
сабақта оқытылады. Тақырыптың технологиялық картасында олардың саны
белгіленеді. Сабақ деңгейінде оқу процесін жобалағанда, педагог оның
мақсаттарын тақырыпты меңгеру кезеңіне және сынып құрамына сәйкес
анықтайды. Жобада оқу мақсаттары мектеп оқушыларының оқуындағы
күтілетін нәтиже болып табылатын қызметі түрінде сипатталғандықтан,
мұғалім қиналмай анағұрлым жарамды мазмұнды, оқу әдістері мен тәсілдерін,
көрнекі құралдарын, практикалық қызмет түрлерін, сабақта оқушыларға жеке
және сараланған тәсілді таңдай алады. Оқу жылы аяқталысымен оқушылардың
жетістіктері
жинақталып, қорытынды кестесінде сипатталып, олар оқушының
32
сабақтағы
жұмысына
күнделікті
бақылауларымен
толықтырылып
жетістіктердің тақырыптық карталарындағы деректер негізінде жүзеге
асырылады. Осымен, ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалды-сипаттаумен бағалауды енгізу негізі педагогтардың
пән бойынша тұтас педагогикалық процесті критериалдық-деңгейлік мақсатты
тұжырымдама негізінде жобалау технологиясын практикалық меңгеру болып
табылады [20].
Инклюзивті білім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен
олардың ата-аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы
білім беретін мектептерде оқуға құқығы бар екенін түсінулеріне және ол үшін
қосымша ресурстар қажет екеніне негізделген. Инклюзивті білім беру
жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалдық бағалау жеке бағытталған жүйе
бола тұра, осы
санаттағы оқушыларды дамытуға және олардың құқтарын жүзеге асыруға
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: