Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы



Дата27.06.2016
өлшемі168.98 Kb.
#161083



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ҚП ҚГАЭК СМЖ 20-2010
ISO 9001:2008

Ф-Е-10/6.1



«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі –білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты»

тақырыбындағы педагогикалық оқу

Баяндама
Тақырыбы: «PYTHAGORAS» мультимедиалық бағдарламалар кешенінде оқытушының басшылығымен жұмыс істеу.

Дайындаған: Сулеева Ж.Ж

Сарыағаш -2015ж


Мазмұны:


Кіріспе

І бөлім. «Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар»


ІІ бөлім. «Сыныпты басқару жүйесі»


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни аралас және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.



Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.

Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанда барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3-6 оқушы бірге жұмыстанады.


Жаппай жұмыста оқушылар бір оқу жұмысын атқарып, мұғалім нәтижелерін қорытындылап, тақырыпты түсіндіреді, оны талқылауға барлық оқушыларды қатыстырады.
Мұғалім оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдап, әдептілік көрсетеді. Оқушы өз білгенін ортаға салып, басқалардың жауаптарын тындап, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді. Жаппай жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:
•    оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді;
•    мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді;
•    әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;
мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;
•    мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет;
•    жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты.
•    егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді;
•    нәтижелеріне жалпы баға беріледі.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Егер барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді.

2. Тез старт.


Оқытушы компьютерінің жұмыс үстелінен «SmartClass server» бағдарламасының таңбашасын табыңыз және бағдараманы жіберіңіз. Кейін алдыңызда келесі терезе ашылады.




2. 1 сурет

Осыдан кейін сервер терезесі ашылады, Файл, реттеулер мәзіріне кіріңіз. Алдыңызда келесі терезе пайда болады.






2. 2 сурет

Терезе пайда болғаннан кейін, сізге қажетті желілік интерфейс және ip-адрес таңдалғанын тексеріңіз. Егер сіз басқа желілік интерфейс таңдағыңыз келсе, онда оны ашылатын тізімнен таңдаңыз және «Қабылдау» батырмасын басыңыз. Жаңа реттеулер қосымшаны қайта жүктегеннен кейін ғана күшіне енеді деген жүйе хабарламасы пайда болады. «Ок» батырмасын басыңыз. Осыдан кейін қосымшадан шығыңыз және оны қайта жүктеңіз.

Осыдан кейін оқушылардың компьютерлерінде «SmartClass client» бағдарламасын қосыңыз (таңбашалары оқушылар компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан).

Егер оқытушы компьютерінің ip-адресі және порты көрсетілмесе, клиент бағдарламасы серверге қосылмайды. Қосылу үшін Файл->Реттеулер мәзіріне кіріңіз. Алдыңызда келесі терезе ашылады.






2.3 сурет

Терезе пайда болғаннан кейін, сізге қажетті желілік интерфейс таңдалғанын тексеріңіз. Егер сіз басқа желілік интерфейс таңдағыңыз келсе, онда оны ашылатын тізімнен таңдаңыз.

Осыдан кейін «Серверді іздеу» батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеде сізге қажетті серверді таңдап, «Қабылдау» батырмасын басыңыз.

Осыдан кейін «Қосылу» батырмасын, одан кейін «Қабылдау» батырмасын басыңыз. Реттеулер автоматты түрде сақталады.



Берілген реттеулерді барлық компьютерлерде жасау керек.

3. SmartClass server (оқытушының жұмыс орны)


Жүйенің серверлік бөлігі оқытушының компьютеріне орнатылады және екі бөліктен тұрады.

3.1 Жалпы сипаттама

3.1.1 Лингафондық кабинет


Берілген модуль аппараттық лингафондық кабинеттің барлық функционалын жүзеге асырады және оның интерфейсі оқушылармен өзара әрекеттесу үшін және аудио материалды дайындауға ыңғайлы.




3. 1 сурет

3.1.2 Компьютерлерді басқару


Берілген модуль оқытушыға оқушылар әрекеттерін басқару мүмкіндігін береді (экрандың меңзерді басқару, пернетақтаны басқару, стандарттық қосымшаларды жіберу).


3. 2 сурет

3.2 Лингафондық кабинет


"Лингафондық кабинет" модулі 4 бөліктен тұрады (төмендегі суретті қараңыз):




3. 3 сурет

  • Қосымшаны реттеу, шығу және анықтамалақ деректер пунктілері бар Мәзір.

  • «Топтар» панелі Берілген тізімде оқытушы құрған оқу топтары және автоматты түрде құрылатын БАРЛЫҚ студенттер бар бір топ көрсетіледі. әр топпен оқытушы жеке жұмыс істейді. Топтармен жұмыс істеудің толық сипаттамасы «Оқушылар топтарымен жұмыс істеу» пунктінде келтірілген.

  • «Студенттер» панелі Берілген тізімде «Топтар» панелінде (жоғарырақ қараңыз) таңдалған барлық оқушылар көрсетіледі. Берілген бөлімде оқытушы әр оқушымен жеке жұмыс істей алады.

  • Ойнатқыш. Оқушыларға дыбыстық файлдарды материалды өз бетінше меңгеру кезінде ойнату үшін қажет. Ойнату үшін WAV және MP3 форматындағы аудиофайлдар жетімді. Ойтнатқыш стандартты функциялармен жабдықталған:

    •  Тоқтату

    •  Ойнату/Пауза

    •  Келесі жазба

    •  Алдыңғы жазба

    •  "Mute"

    •  Файлды жүктеу
      Сонымен қатар рекордердің қосымша функцияларымен жабдықталған:

    •  Микрофоннан жазу

    •  Жазбаны сақтау
      Жазба басталмас бұрын сақтау батырмасы жетімді болмайды. Ойнату кезінде жазба батырмасы жетімді болмайды. Ойнату кезінде ойнатылып жатқан файл туралы ақпарат көрсетіледі: атауы, ұзақтығы, ойнату уақыты.

  • Ойнатулар тізімі. Алдынан тыңдалып жатқан аудиофайлдар туралы ақпаратты көрсетеді. Тізімнен файлды ойнату үшін аудиофрагментті тышқан батырмасымен екі рет шерту керек. Ойнатулар тізімінен файлды жою үшін тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, мәзірден «Жою» пунктін таңдаңыз.

3.2.1 Топтармен жұмыс істеу


Студенттермен жұмысты жеңілдету үшін, оқытушы оларды топтарға бөліп, әр топ үшін жеке тапсырма анықтай алады. Студентті топқа қосу немесе бір топтан екінші топқа ауыстыру үшін студент панелінен тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз, мәзірдің «Топқа қосу» пунктін таңдаңыз және ашылатын тізімнен қажетті топты таңдау қажет. Студентті топтан жою үшін студенттің панелінен тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, мәзірдің «Топтан жою» пунктін таңдау қажет.

Ұсынылатын топтар мөлшерлері және желіліер типтері.



Өткізу мүмкіндігі

Топтағы адамдар саны

54bps

2-4

100bps

2-8


Көрсетілген ұсыныстарды орындамаған кезде кедергілер және жіберілетін дыбыстардың және суреттердің сапасы төмендеуі мүмкін.

Топ студенттерінің тізімін алу үшін, топтар тізімінде топты белгілеңіз. Осыдан кейін топ панелінің шеті қызыл түсті болады және студенттер тізімінде тек қана таңдалған топтың студенттері көрсетіледі. Барлық топтардың студенттерін қайта көрсету үшін «Барлығы» тобын таңдаңыз.

Көрсетілетін топтардың панелі келесі түрде көрінеді (төмендегі суретті қараңыз):






3. 4 сурет

Әр топ панелінің жоғарғы бөлігінде топ атауы көрсетілген. Сонымен қатар топ панелінде «Күй» және «Ойнатқыш» панельдері орналасқан.



«Күй» панелі

Осы панельде оқытушыға келесі функциялар жетімді:



  • Талқылау. Берілген опцияны қосу берілген топтағы барлық оқушыларға жүйе арқылы бір-бірімен сөйлесу мүмкіндігін береді. Қатысушылар саны аз топтарды құру арқылы оқушылар дұрыс айтылу және еркін сөйлесу дағдыларын жақсарта алады.
    Осы жағдайда оқытушы осы топ қатысушыларын естімейді және олармен сөйлесе алмайды.

  • Қытысу. Берілген опцияны қосу оқытушыға өзінің даусын оқушыларға жариялау мүмкіндігін береді.
    Егер осы кезде «Талқылау» опциясы қосылмаған болса, онда оқушылар оқытушыны естиді, бірақ эфирге жариялай алмайды.

  • Оқытушының жұмыс үстелінің суретін көрсету. Берілген опцияны қосу оқушыларға оқытушының жұмыс үстелінің суретін қарау мүмкіндігін береді.

«Ойнатқыш»

«Ойнатқыш». «Ойнатқыш» оқытушыға таңдалған топ қатысушылары үшін аудио жазбаларды эфирде ойнату мүмкіндігін береді. Аудиофрагментті таңдау бірнеше түрде жүргізіледі:

  • ойнатылып жатыр — осы уақытта серверлік плеерде ойнатылып жатқан файлды ойнатуға жіберу.
    Егер оқытушы осы уақытта аудио файлды тыңдап отырған кезде ғана берілген опция жетімді.

  • плейлисттен — сервер плеерінің плейлистінде бар тізімнен аудиофайлды таңдау.

  • файлдан — оқытушы компьютерінде орналасқан файлдарды немесе компакт дискідегі файлдарды ойнату.
    Файлдарды компакт дискіден Windows операциялық жүйесінде ғана ойнатуға болады.

Ойнатуға WAV және MP3 форматындағы файлдар жетімді. Ойнатқыш стандартты функциялармен жабдықталған:

  •  Тоқтату

  •  Ойнату/Пауза

  •  Файлды жүктеу

Ойнату кезінде ойнатылып жатқан файл туралы ақпарат көрсетіледі: атауы, ұзақтығы, ойнату уақыты. Айналдыру жылжытқыш арқылы жасалады.


3.2.2 Студенттермен жұмыс істеу


Студенттің панелі келесі түрде көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз):




3. 5 сурет

Топ панелінің әрбір жоғарғы бөлігінде топ атауы көрсетілген. Сонымен қатар топ панелінде «Күй» және «Ойнатқыш» панельдері бар.



«Күй» панелі

Берілген панельде оқытушыға келесі функциялар жетімді:



  • Сөйлесу Оқытушыға таңдалған студентпен сөйлесу мүмкіндігін береді.
    Осы жағдайда оқытушы студентті естиді, студент оқытушыны естиді

  • Оқытушы жұмыс үстелінің суретін қарау Берілген опцияны қосу оқушыға оқытушы жұмыс үстелінің суретін қарау мүмкіндігін береді.

«Ойнатқыш»

«Ойнатқыш». «Ойнатқыш» оқытушыға әр студентке жеке аудио жазбаларды эфирде ойнату мүмкіндігін береді. Аудиофрагментті таңдау бірнеше түрде жүргізіледі:

  • ойнатылып жатыр— осы уақытта серверлік плеерде ойнатылып жатқан файлды ойнатуға жіберу.
    Егер оқытушы осы уақытта аудио файлды тыңдап отырған кезде ғана берілген опция жетімді.

  • плейлисттен— сервер плеерінің плейлистінде бар тізімнен аудиофайлды таңдау.

  • файлдан—оқытушы компьютерінде орналасқан файлдарды немесе компакт дискідегі файлдарды ойнату.
    Файлдарды компакт дискіден Windows операциялық жүйесінде ғана ойнатуға болады.

Ойнатуға WAV және MP3 форматындағы файлдар жетімді. Ойнатқыш стандартты функциялармен жабдықталған:

  •  Тоқтату

  •  Ойнату/Пауза

  •  Файлды жүктеу

Ойнату кезінде ойнатылып жатқан файл туралы ақпарат көрсетіледі: атауы, ұзақтығы, ойнату уақыты. Айналдыру жылжытқыш арқылы жасалады.

Топқа студентті қосу және жою

Студентті топқа қосу немесе бір топтан екінші топқа ауыстыру үшін студент панелінен тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз, мәзірдің «Топқа қосу» пунктін таңдаңыз және ашылатын тізімнен қажетті топты таңдау қажет. Студентті топтан жою үшін студенттің панелінен тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, мәзірдің «Топтан жою» пунктін таңдау қажет.




3.6 сурет

«Қолды көтеру» функциясы

Оқушы қолын көтерген кезде,







Оқушы «қолын көтерген жоқ».

Оқушы «қолын көтерді» және оқытушы жауабын күтуде.

Оқытушы студенттің қолын көтеру таңбашасын екі рет басу арқылы алып тастауы мүмкін. Егер оқытушы 1 минут ішінде таңбашаны алмаса, онда жүйе автоматты түрде оқушының қол көтеруін алып тастайды.

3.3 Сыныпты басқару жүйесі


"Сыныпты басқару жүйесі" модулі оқытушымен оқушылар әрекетін қашықтықтан мониторингісі және сынып компьютерлерін басқаруға арналған. Оқушы жасайтын әрекеттер оның мониторының суретін алу арқылы қадағаланады, ал басқару пернетақтаға және тышқан көрсеткішіне қашықтықтан жетімділік алу арқылы жүзеге асырылады. Сыныптың нақты компьютерін басқару үшін компьютерде «SmartClass» жүйесінің клиенттік қосымшасы реттеліп, қосылған болу керек.

"Сыныпты басқару жүйесі" 4 бөліктер тұрады (төмендегі суретті қараңыз):




3.7 сурет

  • Студенттер тізімі. Серверлік қосымшаның сол жақ бөлігінде студенттердің қосылған компьютерлер тізімі көрсетіледі. Нақты компьютерге жетімділік алу үшін сол жақ панельдегі студенттер тізімінен сол компьютерді таңдау керек (төмендегі суретті қараңыз). Компьютерді таңдағаннан кейін біраз уақыттан кейін серверлік қосымшаның оң жақ бөлігінде оқушының жұмыс үстелінің суреті пайда болады. Экран суретін алуды өшіру үшін тізімінен «Жұмыс үстелдерін көрсетпеу» пунктін таңдаңыз

  • Жұмыс үстелінің суреті Берілген панельде таңдалған оқушының жұмыс үстелінің суреті көрсетіледі

  • «Енгізуді бақылау» панелі Оқушының жұмыс үстелін көрсететін бөліктің төменгі жағында екі қосқыш бар, ол қашықтықтағы компьютердің экрандық меңзерін және пернетақтасын басқару мүмкіндігін береді. Экрандық меңзерді басқару опциясын қосу кезінде жұмыс үстелі суретінде тышқанмен жасалатын барлық әрекеттер (шерту, жылжыту және орын ауыстырулар) клиентте да жасалады, яғни егер сіз қапшық суретін екі рет шертсеңіз, клиенттегі берілген қапшықтың ашылуына әкеледі, ол бірден серверде көрсетіледі. Пернетақта да сол сияқты. Ескерту барлық әрекеттер жұмыс үстелінің суретінде жасалу керек, кері жағдайда олар клиентте жасалмайды.

    • «Қосымшалар» панелі. Таңдалған қолданушы компьютерінде келесі әректтерді істеуге болады:

    •  Оқушының компьютерін өшіру.

    •  Оқушының компьютерін қайта жүктеу.

    •  Жүйеден шығу.

    •  Келісім бойынша қолданылатын веб браузерді қосу.

    •  Келісім бойынша қолданылатын мәтіндік редакторды қосу.

    •  Келісім бойынша қолданылатын кестелік редакторды қосу.
      Браузерді қосу кезінде бет жүктелетін ресурс адресін көрсету керек.

3.4 Серверді реттеу


«Реттеулер» модулі. Реттеулерге жетімділікті алу үшін «Файл» мәзірінде «Реттеулер» пунктін таңдау керек:




3.8 сурет

3.4.1 «Тілді таңдау» панелі


Тілдік бөлімде қолданушыға қосымша интерфейсінің тілін таңдау жетімді. Берілген бөлімнің өзгеруі «Қабылдау» батырмасын басқаннан кейін күшіне енеді.

3.4.2 «Деректерді жіберуді реттеу» панелі


«Желілік интерфейсті таңдау» өрісінде сервер инциализацияланған барлық белсенді интерфейстер, сонымен қатар желілік интерфейс және ip-адрес көрсетілген (* белгіленген). Басқа желілік интерфейсті таңдау үшін оны ашылатын тізімнен таңдаңыз (егер тізімде сізге қажетті желілік интерфейс болмаса, онда интерфейс өшірілген (белсендірілмеген) дегенді білдіреді және сіз оны таңдай алмайсыз). Серверде және клиенттерді деректерді қабылдау және жіберу үшін қосылу порттары бірдей болу керек. Дыбыстық параметрлер желілік жабдықтаулардың және компьютерлердің өнімділігіне байланысты реттеледі. Аудиодеректерді қабылдау буферінің көлемі желілік қосылудың сапасына және қолданылатын компьютерлердің өнімділігіне байланысты – параметрлері неғұрлым төмен болған сайын, буфер көлемі соғұрлым үлкен болу керек. Шағын сыныптың Ethernet локальды желісі үшін аудиодеректерді қабылдау буферінің ең оптималды көлемі 16-128 миллисекунд аралығында болады. Желілік параметрлерді тек қана тәжірибелі қолданушылар өзгерткен жөн.4. SmartClass client (оқушының жұмыс орны)

4.1 Жалпы сипаттамасы


Жүйенің клиенттік бөлігі оқушылардың компьютерлеріне орнатылады және 5 бөліктен тұрады (төмендегі суретті қараңыз):




4. 1 сурет

  • Қосымшаны реттеу, шығу және анықтамалақ деректер пунктілері бар мәзір.

  • Сәйкестендіру панелі. Келісім бойынша берілген өрісте компьютер аты көрсетілген. Оқытушы қолданушы компьютерін дұрыс сәйкестендіру үшін оқушы өз атын көрсете алады. Ол үшін енгізу өрісіне өз атын енгізіп, «Қабылдау» батырмасын басу керек.

  • «Байланыста» панелі оқушыға тыңдауға жетімді әңгімелесушілер тізімін және бар болса қазіргі уақытта ойналып жатқан дыбыстық фрагменттер тізімін көрсетеді. Жүйе клиентінің қолданушысы өз қалауы бойынша тізімдегі әр элементтің дауыс қаттылығын мүлдем өшіруге дейн реттей алады.



4. 2 сурет



4. 3 сурет



4. 4 сурет

Оқытушы

Дыбыстық файл

Оқушы

  • Ойнатқыш. Оқушыларға дыбыстық файлдарды материалды өз бетінше меңгеру кезінде ойнату үшін қажет. Ойнату үшін WAV және MP3 форматындағы аудиофайлдар жетімді. Ойтнатқыш стандартты функциялармен жабдықталған:

    •  Стоп

    •  Ойнату/Пауза

    •  Келесі жазба

    •  Алдыңғы жазба

    •  "Mute"

    •  Файлды жүктеу
      Сонымен қатар рекордердің қосымша функцияларымен жабдықталған:

    •  Микрофоннан жазу

    •  Жазбаны сақтау
      Жазба басталмас бұрын сақтау батырмасы жетімді болмайды. Ойнату кезінде жазба батырмасы жетімді болмайды. Ойнату кезінде ойнатылып жатқан файл туралы ақпарат көрсетіледі: атауы, ұзақтығы, ойнату уақыты. Ойнатулар тізімі алдынан тыңдалып жатқан аудиофайлдар туралы ақпаратты көрсетеді. Тізімнен файлды ойнату үшін аудиофрагментті тышқан батырмасымен екі рет шерту керек

  • Оқытушы жұмыс үстелінің суретін қарау Оқытушы жұмыс үстелінің суретін қарау опциясын қосқан кезде оқушыда жеке терезе ашылады (төмендегі суретті қараңыз). Терезені жабуға немесе орауға болмайды. Терезе оқытушы жұмыс үстелін қарау опциясын өшіргеннен кейін автоматты түрде жабылады.




4. 5 сурет

  • «Қолды көтеру» функциясы Қолды көтеру үшін сәйкестендіру панелінде орналасқан «Қолды көтеру» батырмасын шерту керек. Қолды көтергеннен кейін оқытушы оқушы қол көтеруін қабылдағанға дейін батырма жетімсіз болады. Егер оқытушы бір минуттан артық жауап бермесе, батырма автоматты түрде жетімді болады.





"Қолды көтеру" батырмасы жетімді. Оқушы қолын көтере алады.

"Қолды көтеру" батырмасы жетімсіз. Оқушы қолын көтерді және оқытушы жауабын күтуде.


ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттык және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде колдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулыктар­ды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.



Білім берудің ұлтгық моделіне көшкен қазіргі колледжде ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсатгары да, құндылыктары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде баскаша. Өйткені олар - өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл коғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялык - педагогикалық, дидактикалык әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпаратгық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттык құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Бұл жүйені пайдалану арқылы оқытушы көптеген лингафондық кабинет, компьютерлерді басқару, топтармен жұмыс істеу, студенттермен жұмыс істеу, сыныпты басқару жүйесі, серверді реттеу, деректерді жіберуді реттеу,бүкіл сыныптағы компьютерлерді басқару мүмкіндігіне ие болады.


Бұл технологияның өзектілігі коғамның акпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабактарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттык ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі езгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттык-коммуникациялык жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен XXI ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Білім заңы. Алматы, 2010 ж.

  2. Білім технологиялары -2010.-№ 2

  3. Қазақстан мектебі -2009. -№7

  4. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың          әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  5. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  6. Оқыту –тәрбиелеу технологиясы  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010ж.

  7. «Информатика неіздері» журналы

  8. Интернет желісі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет